«Осенний фестиваль знаний 2024»

Ересек топтың ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі "Менің балабақшам"

байланыстыра сөйлеу тілін дамыту: сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету, сөздік қорын байыту. ойын арқылы қарым- қатынас дағдыларын дамыту.

Олимпиады: Дошкольникам "Клуб юных почемучек"

Содержимое разработки

Ересек топтың

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі



Білім саласы: Коммуникация

Бөлімі: қазақ тілі

Тақырыбы: Менің балабақшам
Мақсаты:
Байланыстыра сөйлеу тілін дамыту: сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету, сөздік қорын байыту. Ойын арқылы қарым- қатынас дағдыларын дамыту.
Әдістер: түсіндіру, әңгіме, ойын.
Көрнекілік: балабақша суреті, балабақша қызметкерлерінің суреті.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:
«Шаттық шеңбері» мұғалім балалармен бірге Е. Өтетілеуұлының өлеңін айтады

«Ізгі сөздер»
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға,
«Қайырлы таң!»- деймін мен.
Күндіз де елді елеймін:
«Қайырлы күн!»- тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін:
«Кеш жарық!»- деп кіремін.
Мұғалім
: Керемет! Ал сендер үйде, балабақшада осындай ізгі сөздерді қолданасыңдар ма?
Ертеңгісін адамдармен қалай амандасамыз?
Қане бәріміз бірге қайталайықшы.-«Қайырлы таң!».
Тағы қандай әдепті сөз қолданамыз?-«Сәлеметсіз бе!».
Күндіз кездескен адамдарға не деп айтуымыз керек?-«Қайырлы күн!».
Ал, кешке ше?-«Кеш жарық!»

Шығармашылық жұмыс
Мұғалім ұжымдық жұмыс арқылы балаларға балабақша қызметкерлерінің еңбегімен таныстырып, оларды бағалауға, құрметтеуге үйрету мақсатында «өз үйім – менің бірінші үйім, балабақша – екінші үйім»деген тақырыпта әңгіме жүргізеді.
Мұғалім: Балалар бізге қонаққа торғай ұшып келіпті. Торғайды балабақшамен таныстырып, оған өлең айтып берейік.
Тәрбиеші балалармен бірге өлең айтады

Торғай
Торғай - торғай, тоқылдақ
Жерден тары шоқып ап
Бөтегесі бұлтиып
Шиқ-шиқ етіп отырмақ

Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойғым келіп тұр.
(мұғалім тақырыпты терең ашу мақсатында бірнеше сұрақтар қояды)
- Балалар балабақша дегеніміз не?
- Балабақшада біз не істейміз?
- Ал балабақшаны біз екінші үйіміз деп айта аламыз ба?
- Бұл үлкен үйімізде бізге кім қамқорлық көрсетеді, аялайды?
- Балабақшада кімдер жұмыс істейді?
- Қане, олар не істейді екен?
(тазалықшы, аспазшы, дәрігер, кір жуушы, тәрбиеші апайлар).
Тазалықшы – екінші үйімізде өз үйіміздей жылы, таза болсын деп бөлмемізді жуып, тазалайды.
Аспазшы - біз үшін дәмді тамақ әзірлейді.
Дәрігер – сендердің дендеріңнің сау болуын қадағалайды.
Кір жуушы – біздің сүлгілерімізді жуып береді.
Тәрбиеші апайлар – сендер жақсы адам болып өсулерің үшін бәрін үйретеді.
Балалар апайларынаарнап тақпақ айтып береді.

Мен бақшаға барамын,
Ойнаймын, ән саламын.
Тәрбиеші апайлар.
Досы барлық баланың.
Біздің ақылды, әрі деніміз сау, тәрбиелі, қайырымды, мейірімді болып өсуіміз үшін көп адамдар еңбектенеді.
Балабақша – біздің екінші үйіміз сияқты екен, ал бірінші үйіміз өз үйіміз, себебі онда сендерді жақсы көретін жақын адамдар тұрады, әке - шешен, ата - әжең, ағаң, апайын. Олар сендерге қамқорлық көрсетеді.

Сергіту сәті
Балалар тәрбиешілермен бірге Е. Өтетілеуұлының «Бала, бала, баламыз»өлеңін бірігіп айтып, өлең мазмұнына сәйкес қимыл – қозғалыс жасайды.

Бала, бала, баламыз
Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз!
Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір.
Тәрбиеші қарайды,
Аяққа бір, қолға бір.
Міне, «вагон», кіреміз,
«Пойызбен»жол жүреміз.
«Кемеге» де мінеміз,
Толқындарды тілеміз.

Тәрбиеші: Балалар, сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтыңдаршы.
Қайырлы таң! Сәлеметсіз бе! Қайырлы күн! Кеш жарық! Рахмет!
Балалар бүгінгі сабақта не жайында әңгімелестік? Балабақша біздің екінші үйіміз. Біз балабақша мүшесіміз. Балабақшаны, достарымызды, апайларымызды өте жақсы көреміз (балалардың жауабы)

Жүректен жүрекке шеңбері.
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығармыз.
Бізді жақтап отырған,
Сендерге де мың алғыс!
Балалар орындарына отырады.

Мұғалім: балалар сендерге сабақ ұнады ма, оны біз смайликтердің көмегімен білетін боламыз. (рефлексия жүргізіледі)
Мұғалім
: Ал осымен сабағымыз аяқталды.
Сау болыңыздар!





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Осенний фестиваль знаний 2024»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее