Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Сөйлем түрлері. «Қысқы ойындар» суреті бойынша әңгіме құрастыру
Мақсаты: Сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету.
Міндеттері: Білімділік: қорытынды жасай білуге дағдыландыру. Дамытушылық: сөйлемді құрату арқылы тіл байлықтарын дамыту. Тәрбиелік: қоршаған ортаның суреттерін көрсете отырып, дүниетанымдарын кеңейту, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: Сөйлем, сөз, қысқы ойындар.
Керекті құралдар: әр баланың алдында: біреуіне ұшақ бөлшектері, екіншісіне сөз белгілері салынған екі конверт, желім, «Қысқы ойындар» суреті.
Қостілдік компонент: Сөйлем-предложение, сөз-слово, қысқы ойындар-зимние игры
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Шаттық шеңбері: «Күлімдеген күн» 01-«Г»-№16 Күн жылуын аямасын, Шуағымен аяласын. Достық деген бәйтеректі, Барлық бала саяласын. Қайталау Тақтадағы өткен әріптерді айтқызып, қайталатады. |
Бәрі бірге айтады Өткен әріптерді атайды, қайталайды. |
Ұйымдастыру– іздестіру | Жана тақырыпқа кіріспе. Үстелдің үстіндегі екі конвертті көрсетеді. -Егер екі конверттегі тапсырмаларды дұрыс орындаса, бүгінгі сабақта қандай қызық күтіп тұрғанын айтатынын хабарлайды. Үстелдің бұрышында тұрған, сыртына 1 саны жазылған конвертті ашқызады, ішінен ақ түсті қатты қағаздан қиылған ұшақтың бөлшектері (екі қанаты, ұшақтың корпусы) мен көк түсті төртбұрышты қатты қағаз шығады. -Ненің бөлшектері деп ойлайсыңдар? Төртбұрышты қатты қағазға бөлшектерін желіммен жапсырып, ұшақ жасауды ұсынады. Жасалған ұшақтарын үстелдің оң жақ бұрышына қойып, екінші конвертті ашуды ұсынады. Жаңа тақырып Сыртына 2 саны жазылған конверттің ішінен сөз белгілері шығады. |
Қызығушылық танытады, тапсырмаларды орындауға келіседі.
Әр бала өз үстеліндегі сыртына 1 саны жазылған конвертті ашады.
Ұшақтың бөлшектері.
Ішінен шыққан қатты қағазға ұшақ бөлшектерін жапсырады.
Жасалған ұшақ суретін үстелдің оң жақ бұрышына қояды.
Конвертің ішінен сөз белгілерін алады. |
| -Бұндай белгімен нені белгілейміз?
-Қане, қанша сөз санаңдаршы?
Сөйлем туралы түсінік береді: -Жаңа сендер бөлек-бөлек бөлшектерден ұшақ құрастыңдар. -Ал. бөлек сөздерден не құралады?
-Сөйлемдер кейде 3 сөзден, кейде 2 сөзден, кейде көп сөздерден құралуы мүмкін. Мысалы: Қолдарыңдағы белгіден қандай сөйлем құрауға болады?
Сергіту сәті:
Сөздік жұмысы: Сөйлем-предложение, сөз-слово
Дидактикалық ойын: «Суретке қарап, сөйлем құра» «Қысқы ойындар» суретіне қарап, белгілерді қолдана отырып, сөйлем құрауды ұсынады.
-Суреттте қай жыл мезгілі? -Сөйлемде неше сөз бар?
-Балалар не істеп жүр?
-Балалар не ойнап жүр?
-Бұл сөйлемде неше сөз бар?
-Тағы не істеп жүр?
Саусақ жаттығуы: Аяз тосып жолымды, Жауратты әбден қолымды. Саусақатрым жылынсын, Үйге келіп тығылсын.
Кел, жазайық! Түзу отырып, үзік сызықтарды жазуды ұсынады.
| Мұндай белгілермен сөзді белгілейміз. Сөз белгілерін санайды.
Бөлек сөздерден сөйлем құралады. Әр сөз белгісін көрсеткен сайын сәйкес сөзді айта отырып, сөйлемді оқып береді. Мен ұшақ жасадым. Боран соға бастады, Аязымен жасқады. Жаураған соң бәріміз, Жұмыс алға баспады. Жаңа сөздерді меңгереді, мағынасын түсінеді. Суретке қарап сөйлем құрауға тырысады. Қыс мезгілі. Сөйлемде екі сөз бар. Балалар ойнап жүр. Бұл сөйлемде үш сөз бар. Балалар шана теуіп жүр. Бұл сөйлемде төрт сөз бар. Балалар аққала жасады. Сөйлемде үш сөз бар. Өлеңнің мазмұнына сәйкес саусақ жаттығуын жасайды Үзік сызықтырды бастырып, жазады. |
Рефлексивті– түзетушілік | Қорытынды сұрақтар қояды: -Сөз неден құралады? -Сөйлем неден құралады? -Сөйлем қандай болады? «Жүректен жүрекке» шеңбері «Әдеп сақта әманда» 01-«Ж»-№21 Әдеп сақтап әманда, Әрбір адал адамға. Жасасаң бiр қамқорлық, Қайтарады саған да.
|
Сөз дыбыстардан құралады. Сөйлем сөзден құралады Сөйлем қысқа, ұзын және орташа көлемді болады.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Сөйлемнің сөздерден құралатынын, сөйлемнің сызбасына қарап, 2, 3 сөзден тұратын сөйлем құрай білуді.
Болу керек: Сөз, сөйлем туралы түсінік.
Істей білу керек: Сөзден сөйлем құрауды, өз ойын еркін айтуды, дауысты, дауыссыз дыбыстарды белгілеуді, сөйлемнің сызбасын танып, көрсете білуді.