Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: М. Төрежанов «Қамқорлық»
Мақсаты: Қамқорлық ұғымы туралы түсінік беру, әңгімені мұқият тыңдауға, диалог сөздерді мәнеріне келтіріп айта білуге дағдыландыру,.
Міндеттері: Білімділік: Қамқорлық жасай білуге үйрету. Дамытушылық: Әңгімені тыңдап, адамгершілік қасиеттерін дамыту. Тәрбиелік: Үлкендерді әрдайым тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: Қамқорлық
Керекті құралдар: Ойыншық жүрекше, сюжетті суреттер.
Қостілдік компонент: Қамқор – покровительство, опека.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әркеті | |
Мотивациялық-қозғаушылық | Шаттық шеңбері: «Армысың шапағатты Күн-Ана!» 01-«Г»-№31
Күз мезгілі туралы сұрақтар қояды. Қонаққа Айсулу қуыршақ келгенін хабарлайды. Ол балабақшада әрдайым достарына қамқор болып жүретінін, өзімен бір әңгіме кітап алып келгенін айтады. |
Бәрі бірге айтады Жарты шеңбер жасап отырады.
Күз мезгілі туралы айтады. Қонаққа келген Айсулуды қуана қарсы алады, амандасады. Қызығушылық танытады. | |
Ұйымдастыру-іздестіру | Әңгімелесу -«Қамқорлық» деген сөзді қалай түсінесіңдер? -Бізге үйде, балабақшада кімдер қамқорлық көрсетеді? -Сендер кімдерге қамқорлық жасайсыңдар?
-Дұрыс айтасыңдар, жақсылық жасап бір- біріне көмектесетін адамдарды қамқор адамдар дейміз. Қамқор адамды сөзінен емес, жасаған қайырымды ісінен танимыз. Әңгімелеу М.Төрежановтың «Қамқорлық» әңгімесін тыңдауды ұсынады. Назымбек екінші кезекте оқиды.Жер тайғақ. асыға басып мектебіне келе жатыр. Бір рет аяғы тайып кетіп құлап тұрды. Жолда өзімен бірге оқитын Нақысбекті кездестірді. Ол бір кішкентай баланы қолтықтап алған. Бала еңіреп жылап келеді. Назымбек:-Мына бала сенің інің бе? Нақысбек:-Жоқ. Назымбек:-Енді кімің? | Сұрақтарға жауап береді. Адамдардың бір біріне жан ашуы, жақсы іс істеуі. Үйде ата анамыз, балабақшада тәрбиеші апайлар. Ата анамызға, бауырымызға, қарындасымызға. Мұқият тыңдайды.
Қызығушылық танытады. Мұқият тыңдайды. | |
| Нақысбек:-Құлап аяғын ауыртып алған екен. Назымбек:-Оны қайда апарасың? Нақысбек:-Дәрігерге көрсетіп, жарасын таңызып берейін. -Екеулеп апарып салсақ қайтеді? -Сабақтан кешігемін ғой. - Мені Күләш апайға айтып ескертерсің. Мертіккен баланы дәрігерге әкетті деп. -Айтайын, көп жүріп қалма! Нақыспек арқалап алған бала зар қағады. Ауырсынып шырылдауына қарағанда аяғы сынған болу керек. -Жылама, қазір дәрігерге жеткізкем, таяу қалды. -Сенің атың кім? Мертіккен бала:-Төлеген. -Ал, Төлеген батыр, мойнымнан мықтап ұста, тез жеткізе қояйын. Нақысбек Төлегенді хирургке алып келе ді.Олар айнаға түсіріп, сынық барын айтты. Емханаға жатқызатын болды. Дәрігер:-Нақысбек, кішіге көрсеткен қамқорлығың үшін саған рахмет. Жақсылық жасау адамгершіліктің белгісі. Нақыспек, кішкентай балаға көмек қолын беріп жақсы іс жасағанына іштей разы болып, мектепке қарай жүгірді. Сергіту сәті:
Сөздік жұмысы: Қамқор-покровительство
Әңгіменің желісі бойынша сұрақтар қояды: -Әңгіме не туралы? -Нақысбек қандай іс істеді? -Оның істегені неге дұрыс деп ойлайсың- дар? -Назымбек Нақысбекке неге көмектеспеді? -Сендер олардың орныныда болсаңдар не істер едіңдер?
Мақал жаттату, оның мағынасын түсіндіреді: «Жаңбырменен жер көгереді, Батаменен ер көгереді» |
Біз кішкентай баламыз, Өніп өсіп толамыз. Күнге қарай талпынып, Көкке қолды созамыз. Қанат қағып ұшамыз, Қарлығаштай самғаймыз.
Бәрі бірге, жек-жеке қайталайды.
Екі дос туралы. Ол құлаған балаға көмектесті Балалардың жауабы.
Ол дұрыс жасамады. Балалардың жауабы.
Мақалды бірге айтады, жаттайды, мағынасын түсінеді.
| |
Рефлексивті-түзетушілік | Қорытынды: Сұрақтар қояды: -Біз не туралы әңгімелестік? -Қандай жақсы істермен таныстық? -Балалар, үлкенге –кішіге қамқорлық көрсету, жақсылық жасау әр адамның адамгершілік парызы. Біз үнемі жақсы әдетке мойын бұрып, бір-бірімізге жылы сөз айтып үйренуіміз керек. -Жақсылықты көп жасайтын, жылы сөзді көп еститін баланың жүрегі әрқашанда қайырымды, мейірімді болады. Жүректен жүрекке: Балалар барлығы: Біздің топта ұл-қыздар, Тату-тәтті ойнайды. Әлемдегі бар адамға, Тек жақсылық ойлайды!
|
Сұрақтарға жауап берді. Үлкенге көмек, кішіге қамқор- лық көрсету әр адамның парызы екенін ұқты. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек Диалог сөздерді мәнеріне келтіріп айтауды.
Болу керек: М.Төрежанов туралы , оның шығармашылығы туралы мағлұмат.
Істей білу керек: Әңгімені мұқият тыңдап, әңгімелеп беруді, суретке қарап әңгіме құрауды, тақпақтарды, мақалдарды жатқа айта білуді.