«Зимний фестиваль знаний 2025»

Екі заттар тобын салыстыру

Ұйымдастырылған оқу қызметін түсіндіру. салыстыру амалдарын орындату.

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Күні:

Білім беру салалары: «Таным»

Бөлімдері: ҚМҰҚ

Тақырыбы: «Екі заттар тобын салыстыру (бір және көп)»

Мақсаты: Балаларға бір топ заттарын келесі топтың жанына қою әдісін пайдалана отырып, тең және тең емес заттар тобын салыстыруды, теңдікті орнатуды, салыстыру нәтижелерін «көп», «аз», «тең» сөздерімен белгілеуді үйрету. Ұзындықтары бірдей және түсі жағынан әр түрлі заттарды «ұзынырақ, «қысқа», «ұзындықтары тең» сөздерін қолдана отырып, салыстыру қабілетін бекіту.Дидактикалық ойын «Бір және көп» Мақсаты: Балаларды заттардың арасынан бір және көп заттарды табуға үйрету. «Бір» және «көп» сөздерін бекіту. Дидактикалық ойын «Көп, аз, тең» Мақсаты: Бір топ заттарын келесі топтың жанына қою әдісін пайдаланып, тең және тең емес заттар тобын салыстыруға, салыстыру нәтижелерін «көп», «аз», «тең» сөздерімен белгілеуді үйрету.

Көрнекі құралдар: түрлі түсті кубиктер, шариктер. Оларды салатын қорап пен тәрелке, ақ парақ қағаздар, жемістер мен көкөністер суреті, түрлі-түсті қарындаштар суреті (3 көлемді ұзындығы бойынша).

Үлестірмелі құрал: ыдыс,. 5-10-нан (көп) кубиктер немесе шариктер


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі:

- Балалар, кәне сабағымызды бастамас бұрын бір – бірімізге жылы тілектерімізді білдірейік.

Шаттық шеңбері.

Арайлап таң атты.

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз.

Жайнап түсті даламыз.

Қайырлы таң, апайлар,

Біз ерекше баламыз.

Айтқан тілді аламыз,

Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.

- Менде сендерге сәттілік тілеймін!


Шаттық шеңберіне тұрады.(Қимыл қозғалыспен көрсетеді).


Іздену - ұйымдастырушы







Балалардан тақтадағы сурет заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды түсіндіреді.

Дидактикалық ойын «Көп, аз, тең»

Шарты: Тәрбиеші тақтаға жемістермен көкөністерді қойып, аттарын араластыра атайды.

Тәрбиеші бір топ заттарын келесі топтың жанына қою әдісін пайдаланып тең және тең емес заттар тобын салыстыру әдісін түсіндіреді. Ол үшін әрбір көкөніс әр жеміспен дос болуы керек.

Жоғары жолаққа екі алма қояды. Төменгі жолаққа бір сәбіз қояды.

- Қайсысы артық?

- Жемістер мен көкөністер тең болу үшін не істеу керек?

- Тағы бір жемісті қосу керек.

- Жемістер мен көкөністер тең болды.

Сергіту сәті:

Секірейік, секірейік,

Ұзын құлақ қоянша.

Шаршағанды кетірейік,

Болар сонда тамаша.

Бірде жасыл, қызыл, сары түсті қарындаштар кездейсоқ кездесіп қалады. Ұзындықтары әр түрлі қарындаштар бір-біріне

таңдана қарайды.

- Мен бәріңнен ұзынмын – деп қызыл қарындаш

мақтанады. Ал жасыл қарындаш :

- Жаз бойы жапырақтарды жасыл түске бояй-бояй

қысқарып қалдым, - дейді.

Сары түсті қарындаштар болса:

- Біздің ұзындықтарымыз бірдей, десті өзара шүйіркелесіп.

- Балалар, суреттегі қарындаштардың қайсысы ұзын, қайсысы қысқа? Ұзындықтары бірдей қарындаштардыкөрсет

- Сағат – біреу, ойыншық – көп; тақта – біреу, парта – көп; аквариум – біреу, гүлдер – көп.








-Алма артық.




Сергіту сәтін орындайды.







-Қызыл қарындаш пен сары қарындаштың ұзындықтары бірдей.

-Жасыл қарындаш қысқа (беттестіру арқылы біледі)

Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.


Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:«Бір»және «көп» ұғымдарын білуі керек.

Болуы керек:Екі затты салыстыруды игереді.

Қолынан келуі керек:«Ұзын» және «қысқа» ұғымдарын білді.







Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее