«Зимний фестиваль знаний 2025»

Доп, добым дөңгеле

Допты мүсіндеуге үйрету, қолдарын жаттықтыру

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Білім саласы: «Шығармашылық»
Бөлім: «Мүсіндеу»
Тақырып: «Добым, добым дөңгелек, Тоқтамайсың дөңгелеп»
Мақсат: Балаларға тобымыздағы ойнауға арналған доптар туралы түсінік беру. Әр түрлі пішінді доптарды, ермексаз арқылы мүсіндеуге үйрету. Ұсақ қол қимыл - қозғалыстарын, тілдік қорларын, ойлау дағдыларын дамыту. Достастыққа, бірлесіп жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: Әр түрлі, әр түсті доптар, ермексаз, тақтайша, сүлгі.
Сөздік: Доп - Мяч
Іс - әрекеттің кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Себепті - оятушылық

Балалар сендер кілемінің үстінде отырып ойнағанды жақсы көресіңдер ме? (иә) Кілемнің үстіне қараңдаршы сендерді әдемі, дөп - дөңгелек доптар күтіп тұр. Сендермен ойнағымыз келеді дейді. Ал сендердің доппен ойнағыларың келеме? Олай болса ең алдымен, топтың ішінде доппен қалай ойнау керек екендігі туралы ережені есімізге сақтап алайық.

- Доппен ойнағанда қандай оқыс жағдайлар болуы мүмкін? (допты тым биікке лақтырсақ, жарықты сындырып аламыз, алысқа лақтырсақ терезеге тигізіп алуымыз мүмкін немесе басқа заттарды да құлатып алуымыз мүмкін)
- олай болса, топтың ішінде доптармен қалай ойнасақ болады? (бір - бірімізге дөңгелетіп, еденге соғып немесе бір - біріміздің қолымызға лақтырамыз т. б.)

- Доптар сондай жеңіл олар секіргенді, дөңгелегенді ұнатады. Олар биікке секіріп, алысқа дөңгелеп тыңдамай қоюлары мүмкін. Сол үшін сендер оларға топтың ішінде қалай ойнау керек екендігін үйретіңдер.

Балалар жауабы
Доппен ойнай отырып, олардың дөңгелек, жұмыр екендігін анықтайды.
Ұйымдастыру - іздеушілік
Енді доптарымыз біраз демалсын, кілемнің үстінде қалдырайық та үстелімізге келіп отырайықшы.
- Балалар доп қандай болады екен? (дөңгелек, дөңгелегенді ұнатады)
Добымызға қарап, «Добым, добым дөңгелек, тоқтамайсың дөңгелеп» деп айтсақ болама?
Біздің тобымызда бұлардан басқа қандай доптар бар? Және ойнаған доптарымыз кішкентай болған. Ал мұналар қандай? (үлкен) Демек доптар үлкен, кішкентай пішінде бола береді екен.

Мен сендерге бүгін ермексаз арқылы доп жасауды үйреткім келеді. Сендер әрқайсыңда өз қолыңнан жасалған доп болғанын қалайсыңдар ма?
Олай болса мұқият болайық. Бізге ол үшін қандай құралдар қажет екен?(өзім жасау жолдарын көрсетемін)
1. Доптың көлемі мен түсін анықтаймыз. Сол доптың түсіне сәйкес ермексазды таңдаймыз.
2. Ермексазды жұмсартамыз
3. Екі алақанымыздың ортасына ермексазымызды салып дөңгелетеміз
4. балаларға ауада осы іс - әрекеттерді орындатамын
5. Өз беттерімен жұмыс істейді (көмегімді қажет еткен балаға көмектесемін)

Доп туралы 2 шумақты қайталап айтады
Үстел үстіндегі заттарды атайды. (ермексаз, тақтайша, сүлгі)
Мұқият тыңдайды
Ауада қайталайды
өз еріктерімен допты мүсіндеді
Қорытынды - түзетушілік
Сонымен барлығымыз ермексаз арқылы не жасап алдық? (доп) Допты жасаған сендерге оңай тиді ме? Ендеше кімнің добы әдемі болғандығын жәнеде ата - аналарымызға көрсету үшін көрмеге орналастырайық.
Үйге барған соң да осылайша ермексаз арқылы доп жасап алуларыңа болады.
(доппен еркін ойнауға рұқсат беріледі)
Балалар жауабы

Көрмеге жұмыстарын орналастырып, ең әдемі допты таңдайды
Үміттенген нәтиже:
Білу: доптың дөңгелек пішінді екендігін, топ ішінде доппен ойнау ережелерін
Болу: до туралы білімдерінің болуы
Еп: ермексаз арқылы доптың мүсінін ұқсата алу ебі

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее