«Зимний фестиваль знаний 2025»

Дарынды бала-бақытты ғасыр кепілі

Жалпы сипаттама

Бұл әдістемені автор (А.И.Савенков) Хаан мен Кафф әдістемелерінің негізінде құрастырған.Бұл әдістеменің аталған авторлар әдістемесінен ерекшелігі – нәтижелерді өңдеу әдістемесін жеңілдету үшін әрбір бөлімнен бірнеше сұрақтар алынып,қысқартылды,сондай-ақ қорытындылау жұмыстарын жеңілдету үшін «сұрақнама» енгізгендіктен,одан алынған ақпараттарды салыстырмалы түрде жүйелендіруге мүмкіндік береді.

Әдістеме ата-аналарға арналған және мұғалімдер де пайдаланса болады.Әдістеменің жас ерекшелігі 5-тен 10 жасқа дейінгі аралық.Ол екі негізгі қызметті орындауға арналған.

Олимпиады: Биология 5 - 11 классы

Содержимое разработки

«Дарындылық картасы» әдістемесі

Жалпы сипаттама

Бұл әдістемені автор (А.И.Савенков) Хаан мен Кафф әдістемелерінің негізінде құрастырған.Бұл әдістеменің аталған авторлар әдістемесінен ерекшелігі – нәтижелерді өңдеу әдістемесін жеңілдету үшін әрбір бөлімнен бірнеше сұрақтар алынып,қысқартылды,сондай-ақ қорытындылау жұмыстарын жеңілдету үшін «сұрақнама» енгізгендіктен,одан алынған ақпараттарды салыстырмалы түрде жүйелендіруге мүмкіндік береді.

Әдістеме ата-аналарға арналған және мұғалімдер де пайдаланса болады.Әдістеменің жас ерекшелігі 5-тен 10 жасқа дейінгі аралық.Ол екі негізгі қызметті орындауға арналған.

Бірінші және негізгі қызметі – диагностикалау.

Осы әдістеме арқылы сіз баланың бойындағы түрлі қабілеттер мен дарындардың байқалу деңгейін және де қазіргі уақытта қай түрі басымырақ болып тұрғанын сандық сипатта бағалай аласыз.Алынған он бағаны сәйкестіру арқылы тек сіздің балаңызға тән, оның жеке дарынының даму «портретін» көре аласыз.Екінші қызметі- дамытушылық.

Баланы бағалауға арналған тұжырымдарды оның келешек даму бағдарламасы деп қарастыруға болады.Сіз өзіңіз бұрын байқамаған нәрселерге көңіл бөліп, неғұрлым құнды деген тұстарға зейін қою мүмкіндігіне ие боласыз.

Әрине, бұл әдістеме бала дарынының көрінетін тұстарынығ бәрін дерлік қамтымайды.Дегенмен,ол бірегей әдістеме рөліне таласпайды да .Бұл әдістемені бала дарындылығы диагностикасы әдістемелері кешенінің құрамдас бөлігінің бірі деп қарастыру қажет.

Нұсқау

Сіздерге бала іс-әрекеті мен мінез құлқының өзіндік он саласын қамтитын жүйелендірілген 80 сұрақ ұсынылып отыр.Оларды зейін қойып зерделеп,келесі шкаланы пайдалана отырып,әрбір көрсеткіш бойынша балаңызға баға беріңіз:

(++) – егер тұлғаның бағаланып отырған белгісі жақсы дамып,анық байқалып,жиі көрінетін болса;

(+) – белгі анық көрінгенімен,тұрақты байқалмаса;

  1. бағаланып отырған және оған қарама-қарсы белгі,анық көрінгенімен,тұрақты байқалмаса;

(-) – бағаланып отырған қарама-қарсы белгі анық және жиі байқалады.

Бағаны жауап парағына қойыңыздар.Бірінші тұжырым бойынша бағаны жауап парағының бірінші ұяшығына ,ал екіншісінікін екіншісіне және т.б. қоясыз.?Толтыру уақыты 10-15 минут.Егер сіз бағалау үшін қажетті мағлұматты білмесеңіз,сәйкес ұяшықты бос қалдырыңыз.Баланың осы тұсын бақылауға алуға тырысыңыз.Осы әдістеме бойынша баланы жақсы білетін басқа да үлкендерден,мысалы әжесі мен атасынан өз бағаларын беруін сұраңыз.Содан кейін орташа көрсеткіштерді оңай есептеуге болады,ол өз кезегінде нәтижелердің шынайы болуын қамтамасыз етеді.

Жауап парағы

1.Логикалық тұжырым жасауға бейім,абстрактілі түсініктерді пайдалануға қабілетті.

2.Қалыптан тыс ойланып,көп жағдайда тосын,қайталанбас шешімдерді ұсынады.

3.Жаңа білімдерді оңай меңгереді.

4.Салған суретінде ұқсастық жоқ.Сюжет таңдауда ерекшелік танытады.Әдетте көптеген зат, адам және түрлі жағдаяттарды бейнелейді.

5. Музыкалық сабақтарға үлкен қызығушылық танытады.

6.Әңгімелер мен өлеңдер құрастырып,жазуды ұнатады.

7.Түрлі кейіпке: адам, жануар және т.б.оңай енеді.

8.Механизмдер мен машиналарға қызығады.

9.Құрбылармен қарым-қатынас жасауда бастамашылық танытады.

10.Қуатты,көп қозғалысты қажет ететін бала деген әсер қалдырады.

11.Жіктеп,даралауға үлкен қызығушылық пен ерекше қабілет танытады.

12. Жаңа талпыныстардан қорықпайды,әрдайым жаңа ойды сынақтан өткізуге ұмтылады.

13.Естігенін және оқығанын қайталамай –ақ жылдам есте сақтайды,есте сақтауы тиіс нәрсеге көп уақыт жұмсайды.

14.Жақсы фильм көргенде,музыка тыңдағанда,таңғажайып мүсін,әдемі зат көргенде ойлы ж»не ақылды кейіп танытады.

15.Музыка ырғағы мен сипатына сезімталдықпен көңіл бөледі.

16.Сөжет құрудан , дау-дамайды шешуге дейінгі көлемде әңгімені оңай құрастыра алады.

17.Әртістік ойынға қызығушылық танытады.

18.Бұзылған құралдарды оңай жөндеп,жаңа ойыншық,құрал жасау үшін ескі бөлшектерді пайдалана алады.

19.Бейтаныс адамдардың арасында өзіне сенімділігін жоғалтпайды.

20. Спорт ойындары мен жарыстарына қатысқанды ұнатады.

21. Өз ойын оңай жеткізеді,сөздік қоры мол.

22.Түрлі заттарды таңдау мен пайдалануда шығармашыл (мысалы: ойыншық ретінде үй тұрмысындағы заттарды пайдалана алады).

23.Өз қатарластарынан жаңалықтар мен оқиғалар туралы ерте хабардар болады.

24. Гүл,сурет,тас,марка және т.б. ерекше композиция жасауға бейім

25.Әнді жақсы орындайды.

26.Әңгімені айтқанда сюжетті жақсы ұстанып,негізгі ойынан адаспайды.

27. Басқа адамның кейпіне енгенде дауыс ырғағын икемдеп,өзгертеді.

28.Механизмнің бұзылу себебін анықтауды,сынықты жөндеу жолдарын іздеуді ұнатады.

29.Балалармен және үлкендермен тез тіл табысады.

30.Құрбылары арасындағы түрлі спорт ойындарында жиі жеңіске жетеді.

31. Екі оқиға мен себеп-салдар арасындағы байланысты оңай табады.

32.Өзі қызыққан нәрсеге бар болмысымен бойлауға бейім.

33.Өз қатарларын оқудан бір немесе екі жыл алға басып озады,яғни қазіргі оқып жатқан сыныбынан да жоғары сыныпта оқуға лайық.

34. Ойыншық,коллаж,сурет,ойын алаңында балалар үйшіктерінің құрылысында жаңа материалды пайдаланғанды ұнатады.

35.Музыка аспабында ойнауға,билеу мен ән салуда бар күші мен сезімін салады.

36.Оқиға туралы әңгімелегенде тек қажетті бөлшектерді,басты сипаттарын ғана ұстанып,қажетсізін қалдырып кетеді.

37.Драмалық сипаттағы дау-дамайды түсіну мен салуда өз қабілетін танытады.

38.Механизмдер сызбалары мен нобайынжасауды ұнатады.

39.Басқа адамдардың іс-әрекетінің себеп-салдарын түсінеді.Аяқталмаған ойды тез түсінеді.

40.Балабақша мен сыныпта бәрінен жылдам жүгіреді.

41.Ақыл-ойды көп қажет ететін күрделі мәселелерді шешуді ұнатады.

42.Бір мәселені шешудің түрлі жолдарын қарастыра алады.

43. Танымы жан-жақты айқын.

44.Бос уақытында ата-анасының нұсқауынсыз көркемдік қажеттілікке ие (үйді,киімді әсемдеу және т.б.) суреттерді,мүсіндерді,композицияларды қуана-қуана салады әрі жасайды.

45.Музыкалық жазбаларды ұнатады.Концерт немесе музыка тыңдауға болатын жерге барғанды ұнатады.

46.Кейіпкерлердің эмоциялық жағдайын, сезімдері мен тебіреністерін жеткізе алатын сөздерді әңгімелеу барысында қолдана біледі.

47.Сезімдерін ыммен,қозғалыспен жеткізуге бейім.

48. Жаңадан жасалған машина,механизм,құралдар туралы журналдар мен мақалаларды оқығанды (біреу оқыса тыңдағанды) ұнатады.

49.Басқа балалар ойыны мен жұмыстарына жиі басшылық жасайды.

50.Жеңіл қозғалады.Қозғалыс үйлесімділігі жақсы.

51.Байқампаз,құбылыстар мен оқиғаларды талдағанды ұнатады.

52.Өз ойын ұсынып қоймай,басқалардікін де,өзінікін де өңдей алады.

53.Өз құрбыларынан бір немесе екі жыл бұрын кітаптар,мақалалар,ғылыми басылымдарды оқиды.

54.Қандай да бір музыкалық аспапта жақсы ойнайды.

55.Өз сезімі мен көңіл күйін білдіру үшін сурет салып,мүсін жасауға көп бой ұрады.

56.Оқиғаны түсінуде маңызды бөлшектерді әңгімелеу барысында жеткізе алады (өз құрбылары жеткізе алмайды), сондай-ақ әңгімелеп отырған оқиға желісінен адаспайды.

57.Бір нәрсені асыра әңгімелегенде басқа адамдардың эмоциялық қобалжуын оятуға тырысады.

58.Ғылыми оқиғалар,жаңалықтар туралы әңгімелегенді ұнатады және көп ой толғайды.

59. Өз жасына лайық жауапкершілікті мойнына алуға бейім.

60.Жорыққа шыққанды,ашық спорт алаңдарында ойнағанды ұнатады.

61.Символдар,әріптер мен сөздерді есінде ұзақ сақтай алады.

62.Өмірлік мәселелерді шешуде дәстүрден тыс жаңа шешімдерді сынап көруге қабілетті.

63.Қорытынды мен жинақтаулар жасай алады.

64.Ән айту мен музыкада өз сезімі мен көңіл-күйін білдіруге ұмтылады.

65.Көпшілікке белгілі нәрсе туралы әңгімелегенде жаңа,ерекше өзгертулер қосып,қиялдауға бейім.

66.Көлемді бейнелеу жасауда саз,ермексаз,қағазбен және желіммен жұмыс істегенді ұнатады.

67.Оңай әсірелеп.эмоциялық қобалжулары мен сезімдерін оңай жеткізеді.

68.Өз «жобаларын» нобайлауға және жүзеге асыруға көп уақыт бөледі (ұшу апараттары,автокөлік,кеме үлгілері).

69.Басқа балалар ойын ойнағанда және тапсырмалар орындағанда оның әріптес болғанын қалайды.

70.Бос уақытын қозғалмалы ойынға (хоккей,баскетбол,футбол және т.б.) жұмсағанды ұнатады.

71.Қызығушылық аясы кең,заттың шығу тегі мен қызметі туралы сұрақтарды көп қояды.

72.Немен айналысса да өнімшіл (сурет салу,оқиға құрастыру,нобайлау және т.б.),түрлі ойлар мен шешімдер ұсынуға қабілетті.

73.Бос уақытында көркем әдебиеттерді оқымай (ертегі,детектив және т.б.),ғылыми танымдық басылымдарды (балалар энциклопедиясы мен анықтамалар) оқығандым ұнатады.

74.Өнер шығармаларына өз бағасын бере алады,сурет,ойыншық мүсіндеріндегі өзіне ұнаған нәрсені бейнелеуге тырысады.

75.Өзіндік,ерекше әуендер ойлап табады.

76.Өз әңгімелерінде кейіпкерлерін тірілте отырып,олардың мінезін,сезімдері мен көңіл-күйлерін жеткізе алады.

77.Ойын әсірелеуді ұнатады.

78.Компьютерді оңай әрі тез игереді.

79.Нандыру қасиетіне ие,өз ойына басқаларды сендіре алу қабілеті бар.

80.Құрдастарына қарағанда дене біті жағынан төзімді.

Нәтижелерді өңдеу

Тігінен қосу және алу таңбаларын санап шығыңыз (олар өзара қысқарады).Санақ нәтижесін бағана санына жазыңыз.Алынған ұпай жиынтығы сіздің бала бойындағы мынадай дарындардың даму деңгейіне берген бағаңызды сипаттайды:

- Танымдық - Шығармашылық

- Акамедиялық (ғылыми) - Көркем-бейнелеу

- Музыкалық - Әдеби

- Әртістік - Психологиялық

- Көшбасшылық - Спорттық

Жауап парағы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

41

42

43

44

45

46

47

48

49

50

51

52

53

54

55

56

57

58

59

60

61

62

63

64

65

66

67

68

69

70

71

72

73

74

75

76

77

78

79

80







Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее