«Зимний фестиваль знаний 2025»

Читать текст "Осенняя пора"

Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: Мәтін.(оқу) Сабақтың мақсаты: Балаларға мәтін туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Мәтіннің бірнеше сөйлемдерден құралатындығын ұғындыру. Мәтінді түсініп оқуға дағдыландыру.

Түзете – дамытушылық:. Сөйлеу тілін дамыту, мәтінді түсіне білуге, оған ат қоюға машықтандыру.

Тәрбиелілік: Адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, т.б. Сабақтың көрнекілігі: мәтін түрлері, плакат, суреттер, оқулық, т.б.

I апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы)

Ұран: мақсатымыз – білім алу Міндетіміз – еңбектену

Беске қолды жеткізу

II. Жаңа сабақ.

Мәтіннің құрамындағы сөйлемдер мазмұны жағынан өзара байланысқан. Мәтінге ат қоюға болады. Мәтінге ат қою – оның тақырыбын немесе ондағы негізгі ойды қысқаша атау.Тақырып – мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні.Мәтіндегі негізгі ой – автордың айтқысы келген басты пікірі. Мәтіндегі тақырып пен негізгі ой бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мәтін дегеніміз не Тірек сызбаға сүйене отырып мәтіннің мағынасын ашу. Мәтін – басы – негізгі бөлім – соңы

Мәніннің неше түрі бар? Мәтін – әңгімелесу, сипаттау, пайымдау

II апта

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Ертегіні оқы. «Түлкі мен құмыра.»

Сөйлемдердегі сөздерді тауып жаз. Сұрақтарға жауап бер.

-Әйел шөптің арасына нені қойды.

-Сүті бар құмыраны не көріп қалды

-түлкі басын қайда сұқты

Құмырадан басын шығара алмаған түлкі қайтті

Түлкі немен бірге суға батып кетті

Ертегінің мазмұнын айтып беру.

«Менің досым» тақырыбына әңгімелеу мәтін құрастырып жазу.

Берілген сурет бойынша әңгіме құрап жазу. -Балалар, жарайсыңдар!

III апта

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Әр түрлі сөйлемдердің ішінен керекті сөйлемдерді таңдап алып, мәтін құрастыру. «Хатшы» ойыны. Мәтіннің түрлері ажырату. Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін – әңгімелеу мәтіні (іс-қимыл білдіреді) Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін – сипаттау мәтіні.(заттың сынын білдіреді) Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін - пайымдау мәтін(сөйлемдер себебін ашып көрсету)

Дәптермен жұмыс. Мәтінді көшіріп жаз. Мәтін неше сөйлемнен құралған? Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құра.

Менің бөлмем.

Мынау менің бөлмем. Оның терезелері үлкен. Оң жақта менің төсегім тұр. Сол жақта үстел, орындықтар қойылған. Бөлменің ауасы таза.

IY апта

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: балалардың зейінін сабаққа аудару,оқу құралдарын жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Мәтінді оқы. Данияр мектептен келді. Үйдің алдына қар үйіліп қалыпты. Қолына күрек алды. Ауланың қарын тазартуға кірісті. Бірақ қар таусылар емес.

Осы кезде оған көрші үйдегі досы Нариман келді. Нариман да қол шанасын сүйреп шығыпты. Екеуі екі шанамен қарды тез тасып бітірді.

VI. Қорытынды.Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.

VII. Бағалау.Балаларды жеке-жеке мадақтау.

Күтілетін нәтиже: Мәтіннің бірнеше сөйлемдерден құралатындығын ұғындыру. Меңгереді: Мәтінді түсініп оқуға дағдыландыру.

Игереді: Мәтінді түсініп оқуға

Біледі: Өз беттерінше ойларын қорытындылай алып, сұрақтарға жауап беруді.

Олимпиады: География 5 - 11 классы

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее