ІІ кіші «В» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің техналогиялық картасы.
25.09.2017
Білім беру саласы: «Таным» - «Жаратылыстану».
Тақырыбы: «Балабақша қасында өсетін ағаштар»
Мақсаты: Ағаштарды тануға, ағаштардың жапырақтарын, бұтақтарын ажыратып айтуға үйрету. Балаларды қоршаған әлемге жылы сезімдерге тәрбиелеу.
Қолданылатын құралдар мен көрнекіліктер: түрлі ағаштардың суреттері.
Билингвальдық компаненті: ағаш- дерева.
Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық - қозғаушылық | Саяхатқа шығу. Балабақшаның қасында өсетін ағаштарды,ауа-райы бақылау. | Балалар саяхатқа баруға дайындалады.
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік | Балалармен сөйлесу. -Балалар,қараңдаршы біздің балабақшаның қасында не өседі? -Біреу-ақ па ағаш? -Мынау қандай ағаш білесіңдер ме? -Бұл ағаштың аталуы-қайын. -Қайында не бар екен, балалар? -Қазір жылдың қай мезгілі? Біз көктем туралы қандай ән білеміз? Енді бірге орындап берейік. Әріқарай барайық. -Мынау ағаш,қандай ағаш? -Шыршаның түсі қандай? -Жапырақтары бар ма? Қысы, жазы шырша жап-жасыл болып тұрады. -Біз шырша мерекесін қашан тойладық? Сергіту сәт:
|
-Ағаш өседі.
-Жоқ.Көп ағаш өседі. -Жоқ.
-Көп бұтақтар бар. -Көктем. -Көктем келді шуақты.
Балалар әнді бірге орындады.
-Шырша. -Жасыл. -Жоқ.Жапырақ емес, инелері көп.
-Қыста. Жаңа жылда.
-Тербеледі ағаштар, Жел бетіне еседі. Кіп-кішкентай ағаштар, Үлкен болып өседі. |
Рефлексиялық -түзетушілік | -Бүгін қайда саяхатқа бардық?
-Бүгін ауа-райы қандай? -Ағаштардың бізге пайдасы бар ма? -Ағашқа қандай сендер қамқорлық жасайсыңдар? | Балабақша ауласына.Ағаштарды бақыладық.
-Жылы.Күннің көзі шығып тұр. -Бізге таза ауа береді.
-Ағашты сындырмаймыз, суарамыз. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Ағаштың пайдасын білуді
Түсінеді:Ағаштарды тануға, ағаштардың жапырақтарын, бұтақтарын ажыратуды
Қолданады:Балаларды қоршаған әлемге жылы сезімдерге
Бұдан бұрынғы қызметі №2
Педагогикалық кеңеске Талдау жүргізу ұйымдастырылған оқу іс-әрекет позициясынан денсаулықсақтау тәрбиеленушілердің Мақсаты: Бағалау талаптарын оқу қызметін ұйымдастыру, салауатты өмір салтын рет балалардың өмір сүру процесінде оқу қызметін интеграциялау арқылы дене шынықтыру барлық білім салалары тобы: тәрбиеші: Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: тақырыбы: мақсаты: