«Зимний фестиваль знаний 2025»

«Біз –өмірдің гүліміз»

детский утренник для детей дошкольного возраста

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Біз –өмірдің гүліміз»

Мақсаты : «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәңгілік сезімге, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: нақыл сөздер, түрлі – түсті шарлар.

Тәрбиеші: Армысыңдар балалар, бармысыңдар,

Жазда келді, жайнаған гүлді шыңдар

Алды менен алайық амандасып,

Армысыңдар бәрің де, армысыңдар!


Тәрбиеші: Жас бөбектер, сендерге арналады,

Бүгінгі мерекенің салтанаты.

Жас бөбектер, сендерге сыйланады,

Өмірдің ең керемет махабаты.


Тәрбиеші: Балалар, 1- маусым 1950 жылдан бастап, Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді.Біздің Қазақстан Республикасында балалар құқығы заңмен бекітілген. Міне біздің «Алтынай бақытты» балабақшамызда балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара өткелі отыр.

Мерекелік құтықтау сөзді балабақшамыздың меңгерушісі: Қалыйма Құшбекқызына береміз.


Тәрбиеші : Жүздерінен мейірім мен нұр тамар,

Алдарыңда жауқазындай құлпырған.

Алаңсызда бағлан шақты балалар,

Би билеп, әнде бүгін шырқалар – дей отыра,

ортаға әсем әнге салып орындайтын «Балапан» тобының бүлдіршіні Нұрболат Аянаны «Қошақан» әнімен қарсы алайық.


Жүргізуші: Тамаша! Қандай көңілді ән.

(Осы кезде сайқымазақтар келеді.)


Сайқымазақтардың келуі: Бұл не деген мереке? Нені тойлап жатсыңдар? Бізге неге айтпадыңдар, а?


Жүргізуші :Бүгін бізде, 1- маусым балалар күніне арналған үлкен

мерекелік шара өтіп жатыр. Бізбен бірге тойлағыларыңыз келсе, қалып тойлауға болады. Балалар сайқымазақтарды қалдырамыз ба?

Балалар: Иә, қалдырамыз.

Сайқымазақтар: Қане, балалар онда сендермен бірге көңіл көтеріп ойын ойнайық. Ойынымыздың аты «Кім жылдам?»

(«Күншуақ» тобының балалары)

Ойынның шарты: Үстел үстінде тұрған ыдыстағы суды түтікшемен ішіп тауысу. Ойынға 5 бала қатысады.



Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. .

Өнері де өрілген,

Биіктерден көрінген

Бишілерді шақырсақ

«Алға қазақстан» биі мен «Күншуақ» тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық.


Жүргізуші Ортақ мекен жер шары.

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.-деп бүлдіршіндеріміздің тақпақтарын тыңдайық.

Алина:

Балалар бақшасында бүгін той!
Балаларды қорғау күні біліп қой
Алақай-ау,алақай
Той тойлайық,балақай
Қызарғанша алақан
Кел,соғайық балақай.


Аяна:

Бізбен бірге бар әлем,
Қуанады балаша.
Қуанышқа бөленген,
Өмір қандай тамаша.


Диас:

Бейбітшілік әніміз
Өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында 
Жадырайды жанымыз


Амина:

Біз бақытты баламыз,

Өссін деп ой-санамыз.

Үлкендерден үйреніп,

Үлгі-өнеге аламыз


Хантөре:

Дос дегенің өмірдегі тірегің,

Дос дегенің кеудеңдегі жүрегің.

Егер досың адал ниет жан болса

Орындалар армандаған тілегің.


Жанел:

Біз бақытты баламыз,

Ақпыз, сары, қарамыз.

Тату-тәтті достармыз,

Қыл өтпестей арамыз.


Рамазан:

Көжегім тұршы
Бетіңді жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.


Фархат:

Гүлмен келсін келер күн
Бала-бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің


Ермурат:

Біз бақытты баламыз,

Ақылдымыз, данамыз

Ертеңгі күн еліміздің

Батырлары боламыз.


Асыл:

Бақшамызда бүгін ұзақ ойнайық,

Балаларды қорғау күнін тойлайық!

Алақай-ау, алақай,

Той тойлайық балақай!


Ақмөр:

Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзді тыңдаймын,
Апашымды сыйлаймын.


Нұрғиса:

Басты қоссақ бәріміз,

Біздер елдің сәніміз.

Шаттық, бақыт, қуаныш,

Елімізге сыйлаймыз.


Бекхан:

Біз бақытты баламыз,

Түрлі өнер табамыз.

От боп лаулап жанамыз,

Міне, былай, қараңыз...


Азамат:

Біз бақытты баламыз,

Әсемдеп сурет саламыз.

Қорғайды бізді күллі әлем

Әлпештеп ата-анамыз.


Аяла:

Біз бақытты баламыз,

Үлкеннің тілін аламыз.

Оларға көмектесеміз,

Келгенінше шамамыз.


Аяжан:

Біз бақытты баламыз,

Балабақшаға барамыз.

Құрбылармен танысып,

Ойнап асыр саламыз.


Мөлдір:

Бала адамның бауыр еті,

Бауыр еті, жүрегі.

Бүгін сәби бөбектер

Елдің ертең тірегі.


Кулянда:

Жақсылыққа, бақытқа,

Талпынған әр уақытта.

Бала біткен дос-бауыр,

Болмасын еш тосқауыл.


Нарұл:

Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні – бойы қызыққа,
Батамыз да қаламыз.



Жүргізуші : Ой рахмет балалар. Келесі кезекте «Балапан» тобының «Тапа тапа –тапати» биіне берейік.

(Осы кезде әуенмен Білгішбек келеді.)

Білгішбек: Сәлеметсіздер ме, балалар. Бүгінгі балаларды қорғау күні құтты болсын!Рұқсат болса менде сендермен бірге мерекені тойлайыншы. Қызықты болсын бәріміз бірге ойын ойнайық.

Балалар: Алақай !!! ойнайық.

Ойын: «Сылдырмаққа дейін еңбектеп жету»

(«Балапан» тобының балаларымен ойнайды)

Ойынның шарты: ойынға 8 бала қатысады, екі топқа бөлініп, 4 м қашықтыққа еденнің үстінде кедергілер арасымен еңбектеп еденнің үстіндегі сылдырмақты алып, түрегеліп, сылдырлатады, сылдырмақты еденге қойып, өз орнына қайтып келеді. Балалар кезекпен ойнап жарысады.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Сүйікті балалар, бүгін сендердің тойларың. Ой балалар қараңдар бізге кімнің келгенін.

(Жалқаубек самакатпен келеді.)

Жалқаубек: Бұл не деген мереке?

Жүргізуші: Бұл 1-маусым балалар қорғау күні мерекесі. Кел бізбен бірге көңіл көтер. Балалар қалай Жалқаубекпен ойын ойнаймыз ба?

Балалар: Иа, ойнаймыз.

Ойын: «Самакат» жарысы.

Ойынның шарты: балалар екі топқа бөлініп, кедергілер арасымен самакатпен жарысу. Қай топ бірінші келсе, солар женіске жетеді.

Жүргізуші: Ал енді «Күншуақ» тобының бүлдіршіндерінің «Спорт, спорт» биін тамашалайық.

Осы кезде «Қызыл қораз» келеді. (Музыкамен билеп).

Қораз: Ал қанекей, балалар бәріміз бірге билейік.Мен билеймін, сіздер қайталаңыздар. (Бәрі қоразбен қосылып билейді).

Жүргізуші:Ендеше келесі кезекті әсем әнге берейік. «Балапан» тобының орындауында «Балапан» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші : Ой, рахмет балалар тамаша биледіңдер. Ал енді ойын ойнайық.

(Ойынға екі топтың балалары қатысады.)

Ойын: «Тәттіні тасмалдау»

Ойынның шарты: Қолымызды артымызға қойып, үстел үстіндегі тәтті кәмпиттерді ауызбен тасымалдау.

Жүргізуші:Ендігі кезекте «Күншуақ» тобының орындауында «Балдырған» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Ал енді «Балапан» тобының бүлдіршіндерімен ойынын ойнайық.

Ойын: «Өз үйіңді тап»

Ойынның шарты: Ойыншылар 5 аласа орындықтарда отырады. Әр орындықта бір әдемі үлкен ойыншық: біріншісінде-қуыршақ, екіншісінде – құлыншақ, үшіншісінде – мысық, төртіншісінде – аю, бесіншісінде – қоян. Тәрбиешінің нұсқауымен ойнайды. Әр орындықта отырған бала тәрбиешінің нұсқауымен серуене шығамыз дегенде ойыншықтарын қалдырып кетеді. Серуен барысында (секіреді, жүреді, жүгіреді). Тәрбиеші «Жаңбыр жауа бастады!» дегенде балалар өз үйлеріне қарай жүгіреді. Балалар серуендеп жүргенде тәрбиеші балаларға білдірмей ойыншықтардың орнын ауыстырып қояды. Балалар өз үйлерін тез табуы керек.

Жүргізуші: Жарайсындар ,балалар, сендер тапқыр екенсіңдер, керемет ойнадыңдар. Балалаар бізге ертегілер елінен Аю кепті. (аю келеді)

Аю: Сәлеметсіңдер ме балалар, мен сендерді мерекелеріңмен құттықтап келдім.(балаларды құттықтайды да) Балалар менің сендермен бір сергіп билегім келіп тұр. Қане орнымыздан тұрып бір сергиік.

Жүргізуші : Ал, ендеше, балалар бізге келген қонақтармен бірге орнымыздан тұрып сергіту билерін билеп алайық.

Сергіту: «Аю,аю». «Топ-топ балақан»

Жүргізуші : Тамаша биледіңіздер, Ал енді мерекеміздің ең қызықты сәті әр түрлі борлармен жерге өз әлемімізді салайық.

Жүргізуші: Балалар келген қонақтармен қоштасайық.

Балалар: қош сау болыңыздар.

Жүргізуші: Құрметті балалар осымен 1- маусым балаларды қорғау күніне арналған «Біз –өмірдің гүліміз» атты концертімізді аяқтаймыз. Дендеріңіз сау болсын, еліміз тыныш болсын! Қош сау болыңыздар.









Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее