«Зимний фестиваль знаний 2025»

Біз әдепті баламыз !

Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Пәні: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы: Біз әдепті баламыз !

Мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Типі: жаңа сабақ

Көрнекілік: суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастырушы кезең:

Арайланып таң атты,
Алтын  сәуле  таратты.
Жарқырайды  күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы  күн  балалар!
Қайырлы күн  қонақтар!

ІV. Мақсат қою кезеңі:

Тақырыппен таныстыру.

V. Жаңа сабақты таныстыру.

Мұғалім:  Әңгімелесу

-әдепті балалар қандай болады?

-әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?

Әдептілік-адам бойындағы ең асыл қасиет,әдепті бала,ұқыпты, тіл алғыш, шыншыл, қайырымды, еңбекқор, адал болады. Әрдайым таза жүреді. Автобусты үлкенге, жасы кіші балаларға орын беру.



Сәлемдесуге байланысты жақсы қандай сөздерді білесіңдер?

1-бала:   Көшелерден біз өткен

               Ата көрсем Жақын кеп

               Сәлем берем ізетпен

               Ассалаумағалейкум!-деп

              

2-бала:  Алдан әже жолықса

               Бөгелем де әдейлеп

               "Есенсіз бе, әжей!-деп

              

3-бала: Кім кезіксе көшеде

               "Таныс емес" демеймін

               Аға, тәте көше

               Сәлематсыз ба! деймін.



4-бала: Таудай биік талабы
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?
Үлгілі екен бұл дейміз.



5-бала:    Кітап, дәптер, қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
Ұқыпты екен бұл дейміз.

6-бала:   Сыйлап үлкен ағаны
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
Әдепті екен бұл дейміз.

Мұғалім: Ал енді балалар, кезекті мақал- мәтелдерге берейік.

«Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен»

«Әдепті бала – арлы бала»

«Үлкенге – құрмет, Кішіге - ізет»

«Жақсы сөз – жарым ырыс»

Жалғастыр» ойыны:

«Не істеуге болмайды?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.

1. Үлкендердің алдын- 

2. Кішкене баланы- 

3. Құстарды- 

4. Қыз баланы- 

5. Сабақтан- 

6. Үйге жүгіріп- 

7. Үлкен кісіні- 

8. Оқу –құралдарын- 

9. Сыныпта айғайлауға- 

10.Ысқыруға-

11.Құстың ұясын-


Суретпен жұмыс.
Әдептілік ережелері:

-әрқашан сәлемдеседі;

-әрқашан сыпайы болу;

-үлкендерге орын беру;

-ескертусіз үйден кетпейді;



Сергіту сәті:

Екі қолды қосқанда,құшақ емес пе!

Екі қанат аспанда, ұшақ емес пе!

Екі аяғым тірегім, адымдап мен жүремін!

Тәуелсіздік еліме, басымды мен иемін!

Дос болайық бәріміз, жарасып тұр әніміз!

Тыныштықты сақтаймыз, атсын күліп таңымыз!


VI. Білімдерін тексеру:

Балалар, сендер қандай жылы, әдепті сөздерді білесіңдер?

Балалар, әдептілік дегеніміз не?

Әлібек: Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп,ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.

Әдептілік туралы көрініс көрсету.

Оқушылар хормен:

Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен,

Үйренеміз жақсы мінез әдептен.



VII. Қорытынды:
Мұғалім: Балалар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. Әр адам өзін кез - келген жағдайды кез - келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.


VIII.Үйге тапсырма.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее