«Зимний фестиваль знаний 2025»

"Біз білімді балалар" тренинг

қазақ залқыны балалрды салт дәстүр түрінде

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки



Тақырыбы: «Біз білімді балалар»

Мақсаты:

Білімділік-балалардың сандық ұғымдары туралы білімдерін кеңейту,ойлау,есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Дамытушылық-балалардың саусақ моторикасын дамыту,тіл байлығын,ой өрісін дамыту.

Тәрбиелік-балаларды ұқыптылыққа ,тапқырлыққа баулу.

Көрнекілікткр:Теледидар,үлестірмелі материалдар,дидактикалық ойындарға арналған құралдар,ұннан жасалған түрлі-түсті моншақтар,жіп,ақ қағаз,түрлі-түсті қарындаштар,кетіргіш.

Әдіс тәсілдері:Көрсету,түсіндіру,ойын ойнату,сұрақ-жауап,мадақтау.

Тәрбиеші:

Балалар біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізді бастамас бұрын ортаға шығып шаттық шеңберін жасап алайық.

Шаттық шеңбері.

Қайырлы таң,досым!

Қайырлы күн болсын!

Бүгінгі күн қуаныш!

Сәттілікке толсын!

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

/Балалар шаттық шеңберін орындайды./

Тәрбиеші:

-Балалар ,мен сендерге жұмбақ жасырайын.Шешуін тез табамыз ба?

Балалар:

-Ия.

Тәрбиеші:

Көкшіл айна үйдегі,

Көрсетеді киноны.

Жаңалықты жинайды,

Жұртшылыққа сыйлайды.

Ол не?

Балалар:

-Теледидар.

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар!

-Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

Балалар:

-Төрт мезгіл бар.

Тәрбиеші:

-Жыл мезгілдерін кім айтады?

Балалар:

-Қыс,көктем,жаз,күз мезгілдері.

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар,балалар.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:

-Күз мезгілі.

Тәрбиеші:

-Күзде неше ай бар?

Балалар:

-Күзде үш ай бар.

Тәрбиеші:

-Күз айларын кім айтады?

Балалар:

-Қыркүйек,қазан,қараша.

-Дұрыс айтасындар,балалар.

Тәрбиеші:

-Күз ерекшеліктері қандай?

Балалар:

-Ауа райы суытады, ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Адамдар жылы киіне бастайды.

Тәрбиеші:

-Балалар ,осы жыл мезгілдерінің ауысымы қай ғаламшарда өтеді?

Балалар:

-Жерде өтеді.

Тәрбиеші:

-Жердің пішіні қандай?

Балалар:

-Жердің пішіні дөңгелек.
Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар!

(Балалардың назарын теледидарға аудару)

-Балалар,нені көріп тұрсыңдар?

Балалар:

-Пішіндерді.
Тәрбиеші:

-Атап айтайықшы?

Балалар:

-Шаршы,дөңгелек,үшбұрыш.

Тәрбиеші:

-Балалар енді алдымыздағы таяқшалардан теледидардан көріп тұрған пішіндерімізді құрастырайық.

/Балалар таяқшалар арқылы пішіндерді құрастырды/

Тәрбиеші:

-Балалар, «Жер шары дөңгелек» дедік,осы пішінге ұқсас тағы қандай нәрселерді білесіздер?

Балалар:

-Доп,қарбыз,күн,моншақ т\б.

Тәрбиеші:

-Балалар ,біз осы моншақты қай жерімізге тағамыз?

Балалар:

-Моншақты мойнымызға тағамыз.

Тәрбиеші:

-Моншақты не үшін тағамыз?

Балалар:

-Әдемілік үшін,тойға,қонаққа барғанда тағамыз.

Тәрбиеші:

-Дұрыс айтасыңдар.

-Балалар аналарымызға моншақ жасап береміз бе?

Балалар:

-Ия, жасаймыз./Балалар моншақ жасауға кіріседі/.

Тәрбиеші:

-Балалар,сендер қандай санамақтар білесіңдер?

1-бала:

-Бір дегенім ,

Орныңнан жылдам тұр дегенім,

Балабақшаға тез жүр дегенім.

2-бала:

-Екі дегенім,

Санап,жазып,оқы дегенім.

Білімді бойыңа тоқы дегенім.

3-бала:

-Үш дегенім,

Еліңді сүйіп,құш дегенім,

Биікке самғап ұш дегенім.

4-бала:

-Үш дегенім үміт,

Жайдары жүр күліп.

5-бала:

Бір – дегенім бірлік,
Бірге ойнап күлдік,
Бір үйдегі көп бала,
Бір көлікке міндік
.

6-бала:
Екі – дегенім елім,
Ата-мекен жерім.
Ол - өзен, көл, Кең дала,
Ол – тауларымменің.

 7-бала:

Үш -  дегенің үй,
Үйсіз оңбас күй.
Үй – туған ел бөлшегі,
Соны еске түй.

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар, балалар!

-Балалар,теледидарға назар аударайық.Бәріміз бірге тапсырмалар орындайық.

1-тапсырма:

«Сәлеметсіңдер ме балалар!Менің атым-Алтынай.Мен сендерге үлкен сәттілік тілей отырып,бір сұрақ қойғым келеді.Менің қолымда неше қоян бар?»

Балалар:

-Екі қоян бар.

Тәрбиеші:

-Балалар қоян не жейді?

Балалар:

-Сәбіз.

Тәрбиеші:

-Сәбіз қандай пішінге ұқсайды?

Балалар:

-Үшбұрышқа ұқсайды.

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар балалар!

-Балалар енді орнымыздан тұрып, сергіту жаттығуын орындайық.

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы –қырлы жерлермен

Ытқып –ытқып жүгірді.

/Балалар қимыл-қозғалыспен сергіту жаттығуын орындайды/.Ендеше 2-тапсырманы орындайықшы.

2-тапсырма.

«Сәлеметсіндер ме балалар.Менің атым-Әйгерім. Мен сендерге үлкен сәттілік тілей отырып,бір сұрақ қойғым келеді.Менің қолымда неше доп бар?»

Балалар:

-Бес доп бар.

Тәрбиеші:

-Балалар доптың пішіні қандай?

Балалар:

-Доптың пішіні дөңгелек.

Тәрбиеші:

-Олай болса балалар алдарыңыздағы доптың суреттерін өздеріңе ұнаған түрлі-түсті қарындашпен бояймыз.

-Жарайсыңдар,балалар!

-Балалар ойын ойнағыларың келе ме?

Балалар:

-Ия./Балалар ойынға кіріседі/.

-Ендеше балалар, «Ия,жоқ» ойынын ойнайық.

Шарты:«Ия,жоқ» ойыны бойынша алдарыңда тұрған көңілді смайликті «Ия» деген жауапқа көтереміз. «Жоқ» деген жауапқа дауыстап жауап береміз.

Тәрбиеші:

-Орманда ағаш бола ма?

Балалар:

-Ия.

Тәрбиеші:

-Ағаштар ұшып қона ма?

Балалар:

-Жоқ.

Тәрбиеші:

-Балықтар жерде жүзе ме?

Балалар:

-Жоқ.

Тәрбиеші:

-Түнде күн шыға ма?

Балалар:

-Жоқ.

Тәрбиеші:

-Балабақша ұнай ма?

Балалар:

-Ия.

Тәрбиеші:

-Қыста қар жауа ма?

Балалар:

-Ия.

Тәрбиеші:

-Достықты бола ма сатуға?

Балалар:

-Жоқ.

Тәрбиеші:

-Балалар біздің тату ма?

Балалар:

-Ия.

Тәрбиеші:

-Бұл жаттығу қиын ба?

Балалар:

-Жоқ.

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар,балалар!

-Балалар біз бүгін қандай пішіндермен жұмыс атқардық?

-Шаршы,үшбұрыш,дөңгелек.

-Балалар аналарымызға не жасадық?

-Моншақ.

-Бүгінгі оқу қызыметіміз сіздерге ұнады ма?

-Ия,ұнады.

-Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызыметіміз осымен аяқталды.Қане бәріміз ортаға шығып қоштасу шеңберін жасайық.

Қоштасу шеңбері.

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне балалар өте жақсы қатыстыңдар.Рахмет сендерге.

































Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№35 « Балдырған»

бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны










«Ғажайып білім әлемі»

атты десант сабақ

(Бөбекжайішілік «Үздік педагог-2017» байқауы)





Дайындаған:№ 7 ортаңғы топ тәрбиешісі Айтбаева К.К

Өткізген: № 7 ортаңғы топ тәрбиешісі Айтбаева К.К







Ақтау қаласы

2017-2018 оқу жылы

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее