«Зимний фестиваль знаний 2025»

"Балаларға білім беру" кеңес

балаларға білім күнімен таныстырып құттықтау балалардан білім күні жайлы сурау

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Не деу керек?» өлеңі. Авторы: Ә.Дүйсенбиев

Мақсаты:

Көрнекі-құралдары:

Әдіс-тәсілі:

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:


Балалар қане, бәріміз орнымыздан тұрып шаттық шеңберін жасап, көңіл-күйімізді көтерейікші.


Шаттық шеңбер:

Арайлап таң атсын!

Арайлап күн өтсін!

Көңіл күй-көтеріңкі боп,

Бүгінгі күн өтсін.


(Балалар тәрбиешінің артынан қайталау арқылы шаттық шеңберін жасап, көңіл-күйлерін бір көтеріп алады)


Жәрайсыңдар,балалар! Көңіл күйіміз көтерілді ме?

(Балалардан жауап алынады)


Кел балалр күлейік.

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек,

Көңілді болып жүрейік.

(Балалар өлеңді 2-3 рет қайталап айту )


Балалар, бұл өлеңде көңіл күй туралы айтылып отыр, біз үнемі күліп жүрейік, дос болайық, қабақтарымызды түймей, күліп жүрейік дейді. Олай болса балалар, қане бәріміз күлейікші.

(Балалар барлығы күледі)


Жәрәйсыңдар балалар! Ендеше орнымыздан тұрып, бір-біріміздің қолымыздан ұстап,бір-бірімізге қарап күлу арқылы, бір-бірімізге күлкімізді сыйлайықшы.

(Балалар бір-бірінің қолынан ұстап,бір-біріне қарап күліп көңіл күйлерін көтереді)



Балалар бүгін біз сіздермен өте қызықты тақырыпта ұйымдастырылған оқу қызметін өткелі отырмыз. Бүгін біз көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметінен «Не деу керек?» өлеңін жаттайтын боламыз. Бұл өлеңнің авторы: Ә.Дүйсенбиев атамыз. Мен қазір , сіздерге осы өлеңді оқып , түсіндіріп беремін,ал сіздер мені мұқият тыңдап отырыңыздар.

(Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады)


-Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді,

Ең үлкенін,жақсысын.

Не деп барып жеу керек?

-Рахмет

-Балалар жүр көшеде,

Естілді шу,айқай,

Сен де шықтың,көршіңді

Қағып кеттің байқамай.

Мұндайда не деу керек?

-Кешіріңіз

Осы келген бетіңде,

Допты қудың,жарыстың.

Көшенің сол шетінде.

Кезікті бір танысың,

Ұмыттың сен не деуді?

Сәлеметсіз бе? (Балаларға өлеңді 2-3 рет оқып беру)


Балалар бұл өлеңде автор, әжең саған базардан бір зат акеліп берсе,мысалы ойыншық әкеліп берсе немесе балмұздақ әкеліп берсе, әжемізге рахмет деп айтуымыз керек дейді. Егер сен бір баланың аяғын басып кетсең немесе иығынан қағып кетсең кешіріңізші деп кешірім сұрауың керек дейді.Танымайтын адамды сырттан көрсек немесе үйімізге қонақ келсе, біз біреудің үйіне қонаққа барсақ амандасуымыз керек дейді. Мысалы таңертең сендер балабақшаға келгенде, менімен, тамақ беретін апайларыңмен амандасасыңдар.Сол сияқты бәрімен «сәлеметсізбе?» деп амандасып сыпайылылық көрсетіп отыруымыз керек.

(Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады) Тәрбиеші көрнекілік арқылы тақырыпты ашып түсіндіреді.

Балалар, бізге әжеміз немесе анамыз, әкеміз бір қызықты зат немесе басқа бір нәрсе сатып әкеліп берсе, біз не деу керекпіз?

Балалар: Рахмет

Жәрәйсыңдар, дұрыс айтасыңар.

Ал егер, сендер біреудің аяғын басып кетсеңдер байқаусызда, не деу керекпіз?

Балалар: Кешірім сұрауымыз керек

Жәрәйсыңдар, сендер өте ақылды екенсіңдер.

Балалар біз күнде бірінші рет көрген адаммен,қонаққа не деу керекпіз?

Балалар: Амандасуымыз керек, сәлеметсізбе? деп айтуымыз керек.

(Балалардың әртүрлі жауаптарын тыңдау, дұрыс емес айтылған сөздерін жөндеу)



Жәрәйсыңдар.Ендеше шаршадықпа?

Балалар: Иә

Қанекей, орнымыздан тұрайық,бір серігіп алайық!

(Балалар орындарын тұрады.Дұрыс тұрмаған балаларды жүйелеп тұрғызып,сергіту сәтіне дайындап алу)








Сергіту сәті:


Қанат жаям жалма-жан,

Талпынғандай ұшуға,

Иіліп келіп қол созам,

Аяғымның ұшына.



Қане, балалар тағыда 2-3 рет менімен бірге қайталап жасайық.Сонда шаршағандарыңыз басылып, бір серігіп қаласыздар.


(Балалар тәрбиешінің артынан 2-3 рет қайталап жасайды)


Жәрадыңдар балалар.Ендеше қане, бәріміз өз орындарымызға жайғасып алайық.Енді мен сіздермен ойын ойнағым келіп тұр.


Дидактикалық ойын: «Әдептілік ережелері»

Ойынның шарты:

Мақсаты:



Балалар ойын ойнамас бұрын, тақтаға маған қарап жіберіңздер. (Тәрбиеші үлкен көрекі-құрал арықылы немесе дидактикалық ойын арқылы түсіндіндіріп көрсетеді)

Тақтамен жұмыс.


Балаларға алдын-ала таратылған үлестірмелі құралдармен балалар ойын

ойнайды. Тәрбиеші әр баламен жеке жұмыс жүргізеді.


Қане, балалар ойынды ойнап болсақ, кім қалай орналастырды мен тексеріп қарап шығайын.

Қане, Әділбек сен қалай орналастырдың?

Әділбектің жасаған жұмысына талдау жасалады.Және басқа да балалардың жасаған жұмыстарына талдау жасалады.Әр бір балаламен жеке жұмыс жүргізіледі.


Жәрәйсыңдар балалар,ойын сіздерге ұнады ма?


Балалар: Иә.


Олай болса, келесі ұйымдастырылған оқу қызметімізде немесе күннің ІІ жартысында бос уақытымызда осы ойында қайта жалғастырамыз.

Бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?

Балалардың жауаптары тыңдалады.Егер дұрыс жауап берілмесе, тәрбиеші балалардың жауаптарын түзейді.


Балалар,бүгінгі өлеңде не туралы айтылды?

Балалардың жауаптары тыңдалады.


Жәрәйсыңдар балалар, бүгін Айлин,Ғани,Бота,Ғалымжан,Анара ұйымдастырылған оқу қызметі өте жақсы қатысты.Мен сіздерді жұлдызшамен бағалаймын.Ал, бірақ бігін жұлдызша алмаған балалар келесі ұйымдастырылған оқу қызметіне жақсы қатыссаңыздар сіздерді де міндетті түрде бағалап жұлдызша беремін.

Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды.Енді 5 минут демалып алайық.









Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее