«Зимний фестиваль знаний 2025»

Бала денсаулығы

открытый урок для детей средней группы в дошкольной организации

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Қыста құстарға қамқор боламыз

Мақсаттары: а) Қыстап қалатын құстар туралы түсіндіру.

ә) Жұмбақ шешу қабілетін дамыту.

б) Балаларды «біздің кішкентай достарымызға» жанашырлық танытуға баулу.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:қыстап қалатын құстардың кейбірінің атауларын;

Түсінеді: қыста құстарды тамақтандыру қажеттігіне;

Қолданады: құстарды сырт келбетіне қарай ажырата алады.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары: қыстап қалатын құстар жайлы әңгімелесу, табиғатты

бақылау, жұмбақтар шешу, иллюстрациялармен танысу, сызба бойынша сипаттамалық

әңгімелер құрастыру.

Құралдар мен материалдар: қыстап қалатын құстар бейнеленген суреттер,

«Құстардың дене құрылысы» сызба-карточкасы, «Суретті құрастыр» ойынына арналған

қиылған суреттер, «Төртіншісі артық» ойынына арналған суреттер, «Орманның шуылы –

құстардың дауысы», «Табиғат дыбыстары. Қыс» үнтаспалары. Құстарды

тамақтандыратын тұқымдар, күнбағыс дәндері, жидектер салынған қорап. Жемсауыт. Доп.

Қар түйіршіктері.

Сөздік жұмыс: жем, жемсауыт, салқын, қарны аш, шоқып жейді, шырылдайды,

ысқырады, шүйіркелеседі, секіреді және т.б.

Билингвалды компонент: құс – птица, орман – лес.

ҰОҚ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Педагог тақпақтың көмегімен алдағы ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

Айналамда ұшып жүр,

Ақ мамық қар себелеп.

Қалт-құлт еткен бейне бір,

Ақ-қанатты көбелек

Балалардың білімін нығайту:

Қыс түсті. Күн суытты. Айналаны түгел қар басып, өзендер мен көлдерді қатырып тастады. Құстардың өмірінде ең қиын кезеңдер туды. Балалар, қыста біз даладан барлық құстарды кездестіре аламыз ба?

Жоқ. Себебі қыстан қорықпайтын, қыстап қалатын құстар ғана қалды. Қалғаны жылы жақтарға ұшып кетті. Қысқа тән белгілерді атап өтеді. Балаларды алдағы жұмысқа дайындайды.


2. Негізгі кезең

Балаларды қандай құстардың өлкемізде қыстап қалғанын анықтауға шақырады. Балаларды жұмбақтардың шешуін табуға ынталандырады.

Шиқ-шиқ! Жем шоқиды– шиқ-шиқ!

Дән шоқып, томпиған бұл не құс? (Торғай)

Торғайдың фотосуретін немесе суретін қарап шығады. Оның қауырсынының

түстерін, көлемін анықтайды (қоңыр және сұр түсті, кішкентай құс).

Жемді шоқып тауысқан,

Ұшып келді ... (сауысқан).

Сауысқанды суреттейді: қауырсыны ақ-қара түсті ірі құс.

Бір орнында тұрмас бұл құс,

Кішкентай бұл – ... (сарышымшық).

Оның да басында қара түсті «баскиімі» бар, арқасы – жасыл-сары, бауыры – сары,

қанаттары мен құйрығы – сұр түсті.

Қарқылдақ дауысты,

Танисың ба қара-сұр құсты? (Қарға)

Құстардың дене мүшелерінің атауларын (басы, денесі, құйрығы,қанаттары...) пысықтайды. Қарғаны суреттейді: басы, тамағы, құйрығы мен қанаттары қара түсті,

денесінің қалған бөліктеріндегі қауырсындары сұр түсті. Педагог кептерді көгершін

(кептерді) деп те атауға болатынын түсіндіреді. Сөздік жұмысын жүргізеді.

«Бейбітшілік құсы» деп,

Атайды оны барша жұрт. (Кептер)

Кептер – қанатының қауырсыны түрлі-түрлі құс, көгершін. Көгершіннің қауырсыны сұр түсті.

Өзекті мәселе: Бұл құстарды бір сөзбен қалай атауға болады? Неліктен? Оларды қыстап қалатын құстар дейміз. Өйткені олар жылы жаққа ұшып кетпей, біздің өлкемізде қыстайды.

Сергіту сəті

«Жылынайық».

Жылынайық: шап-шап – шапалақ. (Қол шапалақтайды).

Аяғыңды топылдат:

Топ-топ-топ.

Бетіңді қолыңмен ысқыла. (Мойнымызды тамақтың тұсынан,жоғарыдан төмен қарайалақандарымызбен сипаймыз; бетімізді ысқылаймыз; саусақтарымыздың ұшымен

тоқылдатамыз).

– Құстар тұмсығымен не істейді?

Шоқиды. Қанаттарымен не істейді?

Қағады, ұшады. Құстың аяқтары не үшін қажет?

– Жүреді, секіреді, бұтада тұруға көмектеседі, жүзеді. Тану үдерісіне қызыға кіріседі. Сұрақтарға жауап береді. Құстар нені жақсы көреді? Жемнің суреттерін іріктеп алады: астық, нанның қиқымы, шетен, дәндер.

«Қай құс жоғалды?» дидактикалық ойынын ұйымдастырады. Тақтаға қыстап қалатын құстар бейнеленген 4-5 сурет ілінген. Педагог балаларға байқатпай олардың біреуін алып тастайды. Балалар қайсы құстың кетіп қалғанын анықтайды. Алдын ала дайындалып қойған құсқауырсынын көрсетеді. Қауырсынды алақандарына салып,

үрлеуге тапсырма береді. (Ұшады, жеңіл). Ең үлкен және ең кішкентай қауырсынды тапқызады. Оларды қолдарымен ұстатып, қандай екенін анықтатады, салыстыртады.

(жұмсақ, үлпілдек, қатты). «Құс – тірі тіршілік иесі» деген ұғымды түсіндіреді. Құс қауырсынының құрылымымен танысады. Ол қандай? Құрғақ қауырсынды жоғарыға лақтырады. Ол жерге қалықтап түседі; қауырсынды сулап лақтырады. Ол жерге бірден түсіп кетеді. Құстар қауырсындары су болып қалмас үшін жауыннан тығылады. Балаларға жануарлар мен құстардың қар үстіндегі суретін салуды ұсынады. Құстардың қардағы іздерін қарындашпен қоршап көрсет. Серуендеген кезде балалардың назарын құстарға аударады. Оларды құстардың жүріс-тұрысын, тамақты қалай жейтінін бақылауға шақырады (жемді шоқып жейді). Құстарға нан қоқымын беруді ұсынады. Өтіп жатқан сабаққа қызығушылық танытады.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

Құстардың ізін көрсетеді.

3.Қорытынды кезең (Рефлексия)

Балаларды тірек карточкалардың көмегімен (көңіл күйді білдіретін смайлдар) көңіл күйін білдіруге шақырады. Балалар смайлды (күліп немесе мұңайып тұрған) таңдап алады, ненің ұнап, нені орындау қиынға соққанын анықтайды.







Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее