«Зимний фестиваль знаний 2025»

Ауылшаруашылық дақылдарын егу және күтіп баптау

Оқушының пән бойынша білім дағдыларын қалыптастыру, өзіндік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру, талдау, салыстыра білу, мазмұнын ажырату білімін пайдалана білу.

Олимпиады: Русский язык 1 - 11 классы

Содержимое разработки



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қаракемер кәсіптік колледжі


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні

топ







Пән: Механикаландыру жұмысының технологиясы.

Топ: ТМ-04

Сабақ тақырыбы: Ауылшаруашылық дақылдарын егу және күтіп баптау.

Сабақ түрі: Теориялық сабақ.





Сабақтың мақсаты

Білімділік: Оқушының пән бойынша білім дағдыларын қалыптастыру, өзіндік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру, талдау, салыстыра білу, мазмұнын ажырату білімін пайдалана білу.


Дамытушылық: Оқушының пән бойынша білім дағдыларын қалыптастыру, өзіндік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру, талдау, салыстыра білу, мазмұнын ажырату білімін пайдалана білу.


Тәрбиелік: Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, сыпайылыққа, ұқыптылыққа, имандылыққа. тазалыққа үйрету, өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу, еңбекке баулу.



САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ

А. Көрнекті құралдар: Плакаттар, тарқатпа құралдар.

Б. Таратылатын материалдар: Оқулықтар, схемалар, таблицалар, карточкалар,

тестік сұрақтар.


Сабақты жүргізу кезеңдері

(негізгі және қажетті әдістемелік түсіндірмелер мен ұсыныстар)

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, аудитория тазалығы, оқушылардың сабаққа қатысу сапасы.

II. Өткен материалдары қайталау.

(білімді тексерудің әдістері мен түрлері)

1.Топырақты сыдырта жыртуға қандай агротехникалық талаптар қойылады?

2.Топырақты сыдырғылауға қандай агрегат құрамдарын қолданады?

3.Сыдырғылау сапасын бақылау мен бағалауды

III. Жаңа материалды баяндау.

(сабақты жүргізудің түрлері)

Ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алудың маңызды шартының бірі себілген немесе отырғызылған дақылды дер кезінде және жоғары сапалы күту болып табылады. Ауыл шаруашылығы дақылдарын күтудегі жұмыс комплексі дақылды сепкеннен немесе отырғызғаннан бастап жинап алғанға дейін өсімдіктің өсіп өнуіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Күздік егісті күту. Егер егіс ылғалы жеткіліксіз, борпылдақ топыраққа себілсе, онда күздік дақылдар егістігін күзде күтудің негізгі әдістеріне топырақты нығыздау және фосфорлы калий тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіру жатады, тыңайтқыш өсімдікті шынықтырып, қысқа төзімділігін арттырады. Ашық дала жағдайында қар тоқтатудын, үлкен маңызы бар. Ерте көктемде күздік егісті азот тыңайтқыштарымен (1 ц) га есебімен үстеп қоректендіру мен қопсытудың маңызы зор. Мерзімінде және сапалы тырмалау (егіс қатарларына көлденең немесе диагональ бойынша) күздік дақылдар өнімін 2-3 ц/га-ға және одан да көп арттырады. Егіске ерте, көктемде орташа тісті тырма жүргізу, топырақ бетіндегі қабыршақты бұзып, жер жарықтарының пайда болуынан сақтандырады, сондай-ақ ауа режимін жақсартып, зиянкестер мен саңырауқұлақ ауруларын жоюға себін тигізеді. Егер танапта күздік дақылдардың түптенген түйіндері ашылып қалса, онда тырмалаудың орнына жерді нығыздайды. Одан әрі күздік егісті күту, арам шөбі бар бидай егістігін 2,4-Д (амин түзы) гербицидімен химиялық отау болып табылады. Егіс биік өсіп, жатып қалмас үшін өсімдіктің өсуін тежейтін хлорхолинхлорид препаратын қолданады. Препараттың аса тиімді әсері жоғары агрофонда себілген биік және орта сабақты сорттар-дан байқалады. Ауа райы ылғалды жерлерде хлорхолинхлорид (ТУР) препаратының аса пайдалы дозасы 6-8 км/га. Егісті өңдеу өсімдік өскенше, түптену фазасының соңында жүргізіледі.

Жаздық егісті күту. Топырақтың жоғары қабаты тез кебетін жағдайда жаздық дақылдар егісін тұқым сепкеннен кейін тұкымға ылғал тарту үшін шығыршықты катокпен нығыздайды, ол тұқымның тез өсіп, өнуіне жақсы әсерін тигізеді және орақ кезінде үлкен ысырапқа ұшырататын екі ярусты өсімдіктер болмайды. Егер тұқымды сепкеннен кейін егістік бетінде қатты қабыршақ пайда болса, егісті сепкен қатарға көлденең тырма жіберіп қопсытқан дұрыс. Арамшөптерді химиялық құралдарды - гербицидтерді (2,4-Д т. б.) қолданып құртады. Егіс жатып қалмас үшін хлорхолинхлорид препаратымен өңдейді.

Жаздық дақылдар егісін күтуде тиімді әдіс — өсімдіктер түптене бастағанда оларды 30-45 кг азот тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіру. Гектарына бұдан жазғы дақылдар өнімі 15—20% артады.

Жүгері егісін күту. Жүгері егісін күтудегі бірінші әдіс жер бетіне өсіп шықпастан бұрын тырмалау. Мұнда тырмалау агрегатының жүру жылдамдығы 5,5-6,6 км/сағ. Жер бетіне өсіп шыққаннан кейін, өсімдік әбден түптеніп, 2-3 жапырақ шашқан соң үстінен тырма жүргізеді. Мұнда тырмалау агрегатымың жүру жылдамдығы 3,5-4,5 км/сағ. Егін көгінің үстінен тырмалауды күннің қызған кезінде жүргізу дұрыс, бұл кезде өсімдіктің сынуы да тырманың тісінен бөлінуі де аз. Жүгерінің көгін тырмалау кезінде топырақ бетінің қабыршағын түгел бұзу қажет; өсімдіктің жарақаттануы 3 проценттен аспағаны жөн; топырақты қопсыту 2-4 см тереңдікте болуы тиіс. Жүгерінің көгі толық жер бетіне шыққан соң гексахлоран дустысын (15-20 кг/га) себеді немесе хлорофоспен (1,5 кг/га) бүркеді. Егісті бұдан кейін күту қатараралықтарды қопсыту болып табылады. Культиваторлардың ұстара табанын және жебе тәрізді табанын қорғаныш аймағына тимей қатараралықтардың барлық енін қопсытатын етіп орналастырады. Қатараралықтарды бірінші рет өңдеу тереңдігі 8-10 см. Топырақты құрғатып, өсімдіктің тамыр жүйесіне зиян келтірмеу үшін екінші рет культиваторлау тереңдігін 5-7 сантиметрге, ал үшіншіні 4-6 сантиметрге дейін азайтады. Қатараралықтарды өндеумен бірге жергілікті және минералды тыңайтқыштарды да енгізеді. Қорғаныш аймағын бірінші культиваторлағанда 10- 12 см болса, екінші және үшінші рет өңдегенде оны 15-20 см-ге дейін ұлғайтады. Жүгері егісіне симазин және атразин сияқты ұзақ уақыт әсер ететін гербицидтер қолданады, олар бір жылдық арамшөптің бәрін құртады.

IV. Жаңа материалды бекіту.

(есептеу,шығару және білімді бағалау, т.б.)

  1. Дәнді дақылдарды егудің агротехникалық талаптарын ата?

  2. Себу тәсілдері және олардың тиімділігін ата?

  3. Егістік агрегаттарды құрастыру және оларды жұмысқа әзірлеуді айтып бер?

V. Үй тапсырмасы. Өткен тақырып бойынша реферат жазу, лекцияны

оқу сөз жұмбақтар жасау. Ауылшаруашылық дақылдарын егу және күтіп баптау.

VI. Сабақты қортындылау.

(Баға қою,оларға комментарий беру,сабақтың жағымды, жағымсыз жақтарын анықтау)

Сабаққа белсенді қатысқаны үшін , үй тапсырмасы үшін.


Оқытушы: _________________ Джумабаев Х.С.


Әдіскер: _________________ Итанова Г.Б.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее