«Зимний фестиваль знаний 2025»

Ата салты-асыл қазынам

баларды мектеп жасына дейінгі қазақ халқының

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки



Тақырыбы: «Ата салты – асыл қазынам»

Мақсаты:

1.Балаларға әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді үйрету арқылы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.

2. Жаңа технологияларды қолдана отырып, балалардың ой-өрісін дамыту, оқу қызметіне қызығушылығын арттыру.

3. Балалардың патриоттық сезімдерін оята отырып, ұлтшылдыққа тәрбиелеу.


Балалар залға келіп, шеңбер құрып тұрады. Көздерін жұмып, тәрбиешіні тыңдайды.


Әуен ойналып тұрады. Балалар қанекей көздерімізді жұмып, мұқият тыңдаймыз.

(релаксация жүргізіледі)



Тәрбиеші: Көзімізді жұмып, жайлауға келдік деп елестетейік. «Жазық дала, таза ауа, жап-жасыл шөптердің иісі мұрынымызға келіп жатыр. Алыстан атқа мінген жас бала көрінеді. Киіз үй тұр. Ортада үстел үстінде ұлттық ыдыстар бар.

-Көзімізді ашайық.

-Балалар, мен жаңа не туралы айттым?

-Ендеше бүгін біз қонаққа қайда барамыз?


Балалар :

- Жайлау,киіз үй туралы.

  • Жайлауға.



Әуен ойналып, балалар әжеге қонаққа келеді.

Әже:

Қош келдіңіздер балалар, төрлетіңіздер.

Балалар сендердің мынау кіріп отырған үйіңіз- киіз үй деп аталады. Бұл қазақтардың ертеден бері келе жатырған, ұлттық құндылықтарының бірі.Осы киіз үйде отырып, жазда жайлауда, қыста қыстауда мал шаруашылығымен айналысқан. Қазақ ұлтының әлі күнге дейін сақталып келе жатырған әдет ғұрпы, салт дәстүрі мына сіздерге үлгі - өнеге.

Ал сендер, ұлттық салт – дәстүрлеріміз туралы не білесіздер?


Тәрбиеші:

  • Әрине әже, біздің балаларымыз бөбекжайда көптеген нәрсені үйреніп, білім алып жатыр.

  • Ендеше балаларымыздың білімін тексеру үшін, балаларды екі топқа бөліп, сайыс ұйымдастырайық.


Әже:

  • Жарайды, ендеше, мен сарапшы болайын және дұрыс жауап берген топты өзімнің дайындаған оюыммен марапаттап отыратын боламын. Ендеше топтың атын оюлармен атайық менің қолымда әр түрлі оюлар бар, осылардың қайсысы ұнайды,таңдап алыңдар.

Таңдап алынған ою топтың аты болады. Сонымен балалардың таңдауы бойынша, I-топ «Қошқармүйіз», II-топ «Қазмойын».


I-тапсырма: Мнемотехника арқылы берілген мақалдарды балалар табуы керек, жалғастыруы керек және мақалдың не туралы айтылғанын ашып айтуы керек.

Тәрбиеші:

II-тапсырма: Күй ойнап тұрады.

-Балалар саусақтарымызды көтерейікші. Қазір құмның үстіне саусақтарымызбен оюдың суретін саламыз.

Қазақта бір ою бар – «Қошқармүйіз»,

Орын алар тұрағы, көрпе-киіз.

Шеберлер осы өрнекпен сәндегенде,

Көз тартып құбылады оюымыз.

-Мен қандай ою туралы өлең оқыдым.

Ендеше қошқармүйіз оюын құмға бейнелейік.


Саусақ жаттығуы:

Орманда бір үйшік тұр,

Есігінде құлып тұр.

Айтыңдаршы балалар,

Құлыпты кім ашады?


Тәрбиеші:

-Балалар айтыңдаршы, оюды көрпе, киіз, кілемнен басқа қай жерлерге қолданамыз?

-Дұрыс, ендеше мен сендерге бір ойын ойнатқым келіп тұр.


III-тапсырма:

Д/О: «Қай пішінге ұқсас?»

Мақсаты: Ұлттық киімдерді атай білуге үйрету. Қабылдау қабілетін дамыту.

Шарты: Ұлттық киімдердің қай пішінге ұқсайтынын тауып, тиісті орнына қою керек. Атау керек.



Сергіту сәті: «Хан талапай ойыны».

Шарты: Көп асықты жерге шашып жіберіп, «Хан талапай» деп айтады. Асықтардың ішінен балалар ең үлкен асықты тез, шапшаң тауып алулары қажет.


IV-тапсырма:

1-ден 10-ға дейінгі сандарды ұяшықтарға орналасырамыз.

Шарты: берілген асықтарды цифрмен белгіленген ұяшықтарға санап сонша асық салу керек.

/М.Монтессори элементтері бойынша (таяқша орнына асық қолданылған)


V-тапсырма:

-Балалар, біздер өткен ұйымдастырылған оқу қызметімізде қазақша отыру, тұру, өлшем бірліктері түрлерінің қалай аталатынын өткен болатынбыз. Ендеше экрандағы суреттерге қарап, менің сұрағыма жауап беруге дайындаламыз. Суреттерден отыру, тұру түрлері және өлшем түрлері көрсетіледі.

Балалар атауларын атайды. /слайд/


VI-тапсырма: Жұмбақтар:

  1. Кіруге адам батпайды,

Затыңды аман сақтайды. /Сандық/


  1. Текшелеп төрге жиғаным не? /Көрпе, жастық/


  1. Кесе, шыны, пиала-

Оларсыз шай құяя ма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді? /Ыдыс/


  1. Әжем уыстап сығып,

Далада кептірген.

Қатты әрі тәтті дәмін,

Кім бар жеп көрген? /Құрт/


-Балалар, жарайсыңдар, өте жақсы білімдеріңді көрсеттіңдер. Жинаған оюларыңды санайық.

-Сайыста жеңіске жеткен топ жеңістерің құтты болсын!

Әрине сайыс болғасын жеңіс те, жеңіліс те болады. Бірақ біз бір топтың балалары болған соң, ауызбіршілігіміз мықты болуы керек.

«Бірлік бар жерде – тірлік бар» -дейді қазағым. Енді мен сендерге мына кілемшені бүгінгі әжеміз берген оюларыңызбен өрнектеуге шақырамын. Барлығымыз бірге орындасақ – әдемі кілем шығады деп ойлаймын.

-Жарайсыңдар, кілеміміз әдемі болып шықты. Енді осы кілемімізді әжемізге сыйға тартайық.

-Ендеше балалар, әжемізге рахмет айтып, бөбекжайымызға қайтайық.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее