«Зимний фестиваль знаний 2025»

Ата-аналарға 10 кеңес

мектепке дейінгі жастағы баларды тәрбиелеудегі

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Тақырыбы: Балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

Балабақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенін бастамасы. Мектепке дейінгі шақ бала бойында адамгершіліктің негізін қалайды. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік ,сымбаттылық, сезімдерін қалыптастыру- ата- аналар мен тәрбиешінін міндеті. Мектеп жасына дей»нгі балалардың жан- жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Тәрбиеші бағдарламада көрсетілген сюжетті - рольдік, кимыл–қозғалысты, дидактикалық және басқа да ойын түрлерін пайдалана отырып, топтағы баланың ойын әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс. Ойын – балаларды оқуға, енбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Адамгершілік тәрбиесі тәрбиенін басқа да салалармен байланысты. Адамның іс-әрекеті мен мінез - құлқынан әдемілік, сұлулық көрініс таппайынша, адамгершілік парасат тәрбиесі көздеген мұратына жете алмайды. Адамгершілік, адамгершілікке баулу дегеніміз не? Біздің ойымызша, ол-адамдардан үлкен бе , кіші ме, әрбір істеген ісін, сөйлеген сөзін, өзгелермен қарым – қатынасын ақылға салып, ар- ұят таразысынан өткізіп, білімімен ұштастырып ең әуелі, ең дұрыс жолын таңдап білуі қажет. Тәрбиеші балалардың орынды іс-әрекеттерің мақұлдай отырып, азды-көпті жіберген кемшіліктерін өздкрі түсініп, түзетуге бағыттай білуге тиіс. Әр бала өз ісі мен қылығына жауапкершілікпен қарап, ұялу, кешірім сұрау сияқты әдеттерді үйрену қажет. Балабақша жұмысының мазмұны күн тәртібінің барлық сәттерінде балалардың мінезін дұрыс бағытта тәрбиелеуге негізделеді. Егер бала мінезін дамыта отырып тәрбиелемесек, онда қыныр баланың қиқарлығы арта түседі де, төбелеске, дау-дамайға бейім болады. Ол үшін тәрбиеші үнемі өз тәжірибесін молайтып, шеберлігін, біліктілігін арттырып отыруы қажет. Бала ойын ойнағанда өмірде көрген білгенін өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейдә. Бала үшін өзіне ұнаған адамнан артық ештене жоқ, оған барлық жағынан ұқсағысы келеді. Ізеттілік, ізгілік, инабаттылық, әдептілік бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бұл-балабақшадан бастау алып, өмір баспалдақтарында шыңдалап, біртіндеп қалыптасатын қасиет. Ойын-баланың жансерігі іспеттес. Бала ойнап өседі. Мысалы : рольдерге бөлгенде балаға тиген ұнамсыз роль типінің өзі-ақ көп нәрсені шешеді. Сондықтан тәрбиешінің міндеті-балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету, сонда ғана ойын өз мақсатына жетік, тәрбиелік мәні арта түседі. Айталық, тәрбиешінің ұжымдық ойынды тартымды ұйымдастырып , өткізуі балалардын бір-бірімен достық қатынастарының дұрыс қалыптасуының нышаны екені сөзсіз. Ойын кезінде жолдасының айтқанымен келісіп, оны құрмет тұту- адамгершілікке бастайтын жол. Тәрбиеші ойын арқылы әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбіте, өзіндік мінез- құлқын қалыптастырады. Баланың әдепті, көргенді , қайырымды, болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені мәлім. Балалардың мейірбандық қасиеті отбасындағы үлкен адамдар өнегесіне, балабақшадағы тәрбиеші апайынын олармен күнделікті қарым-қатынасымен тәрбие жұмысын ұтымды жүргізгізуіне байланысты қалыптасады. Үлкендердің мейірімділігі баланы, сәби жүрегін қуаныш сезіміне бөлейді. Балалардың бір-бірімен достық қарым–қатынасының дұрыс қалыптасуында мақсаты жүргізлген жүйелі ойын процесінің тәрбиелік мәні мол. Балалардың достық сезімі ойын кезінді шындала түседі. Бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Сәби шағындағы алғашқы қуыршақпен ойнауы баланың камкорлық , ізгілік сезімін оятады да , әрі карай өрбіте түседі. Мүндай ізгілік сезім құрбылар арасындағы достык карым–қатынастың қалыптасуына жағдай туғызады. Қай бала болмасын, жеке-дара ойнағаннан гөрі, бірігіп ойнаудын әлдеқайда қызықты, мазмұнды болатынын айқын сезіне бастайды. Соның нәтижесінде олардың ойынға деген қызығушылықтары артып, достықтары беки, нығая түседі. Ересектер тобының балалары алған білімдеріне, өмірден жинақтаған азды-көпті тәжірибелеріне сүйене отырып, тәртіптерін, мінез– құлықтарын жағдайға қарай бейімдей алады. Тәрбиеші балалардың қарым – қатынасын күнделікті бақылау арқылы әр баланың мінез–құлықтарымен қалай қалыптаса бастағанның анықтайды. Бала бойындағы қалыптасқан жағымды, жағымсыз қылықтарды ескере отырып, жұмыс жүргізеді. Әсіресі, ойын арқылы әр баланы жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке баулиды. Тәрбиеші ойын ойнауға жағдай туғызумен қатар, балалардың ойынға деген белсенділігін үнемі арттырып отыруға тиісті. Топта өзара ынтымақтастық жағдайында балалардың ойында өз қалауымен бастауы не болмаса, ойынға өз еркімен қатысуы аса манызды. Әр ойынның сюжетін өз мәнінде өрбіту үшін , оған атрибуттар, ойыншықтар қажет. Мысалы : қуыршақ түрлі мамандық иелерін бейнелеу үшін қолданылады. Оған дәрігер, мұғалім, аспазшы, почташы, ғарышкер, т. б. сондай-ақ жануарларды бейнелейтін ойыншықтар да қажет. Қуыршақтың жыл мезгілдеріне арналған киімдері әртүрлі мамандық иелері киемдерінің бір белгісі, айталық, почташының сөмкесі, дәрігердің халаты, қалпағы, аспазшының қалпағы мен алжапқышы, ұшқыш пен ғарышкердің киімдері бейнеленеді. Сюжетті – рольдік ойында ұйымдастырудың екі жолын қарастырып көрелік: 1.Тәрбиеші сюжетті – рольдік ойындаы өзі ұсынып, балаларды рольге бөліп, ойын шартарын түсіндіреді. 2. Тәрбиеші сюжеттті–рольдік ойынға араласпайды. Ал енді ойынды ұымдастырудын осы жолы да ұтымды емес, балалардың ойынға деген қызығушылықтары тез басылып қалады. Неге? Бірінші жолы балалар тек орындаушылар ғана болса, ал екінші жолы ойынның сюжетін өрбіте алмайды. Ол үшін не істеу керек? Тәрбиешілер балалардың дүниетанымын қандай дәрежеде екенін білуге тиісті. Баланың ақыл-ой парасатын кеңейте түсу қажет. Балалар өздерінің ойында, негізінен айналасында көргенін бейнелейтіндігі және ол ойындар балалардың өмір сүрген кезенінде дәл келетіні ақиқат. Ойын баланың алдынан есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Ойын ұйымдастыруда балаларға жетекші бола отырып ойнай білуге, ережесін сақтауға, ойналуға бағыттау, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамыту және қозғау, белсенділігін арттыру болып саналады. Балабақшаларда балаларды тәрбиелеу мен оқытуға кешенді көзқарас қалыптастыруда түрлі дамытатын ойындар, міндеттер, ойын-сауык шараларына көп мән беріледі.Тәжірибеде анғарғанымыздай, ойын балалар үшін қызықты әрі олардың көніл-күйін жаулап алады .Оқыту мен тәрбиелеге бағытталып ұымдастырылатын ойындар балаларға таныс ортаға бейімдеу мақсатында жүргізіледі, баланын танымдық қызметін жандандыратын дидактикалық материалдаодын болуымен еркешеленеді.Ендеше , жана технологиялар мен тәсілдерді қолдану негізінде жас ұрпақты тәрбиелеу – басты мұратымыз.Бала тәрбиесінің бағбаны атанған ұстаздар қауымының тынымсыз енбегі шығармашылық жетістіктерге толы болсын.















Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№35 «Балдырған» бөбекжайы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын















Педагогтарға арналған кеңес

Тақырыбы: «Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту»























2017-2018 оқу жылы



Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіннің әртүрлі қасиеттерін
зерттеуге арналған әдістемелер.

Мектепке дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуында көптеген ұқсастықтар бар.
Егер сәбилік шақтың өзінде қабылдау мен ойлау іс-әрекеттері ретінде анықтауға болатын бағдарлау іс-әрекеттерінің ерекше формалары ретінде бөлінсе, мектепке дейінгі шақта мұндай іс-әрекеттер үздіксіз күрделене және жетіле түсуі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке сипат ала алмайды. Бала бірдеңеге назар аударарлықтай көргені мен естігенін жадында сақтарлықтай, бұрын қабылдағанының аумағынан шығарлықтай арнайы іс-әрекеттерді игере білмейді. Мұндай іс-әрекеттер тек мектепке дейінгі шақта қалыптаса бастайды.Сәбилік шақта балалар заттарды аудара-төңкере құбылтуда немесе суреттерді қарауда зейінін шоғырландырады, көптеген тәжірибе жинақтайды, шимай-шатпақтарынан машинаны немесе үлкен кісіні көре бастайды. Бірақ осының бәрі заттардың олардың қасиеттері мен қатынастарын практикалық іс-әрекеттері, төңіректі жалпы бағдарлаудың нәтижелері, бірақ жаңа бейнелерді жасау немесе оларды есте сақтау, зейін қою емес. Сондықтан сәбилік шақтағы баланың зейіні, есі, қиялы ырықсыз алдын-ала ойланбаған болып табылады.
Яғни, бұл бала мектепке дейінгі шақтан соң да осылай болып қала береді. Мектепке дейінгі ақыл – ой дамуының осы жақтарын зерттей отырып, біз белгілі бір сәтке дейін тек сандық өзгерістерді ғана, зейіннің шоғырлануы мен тұрақтылығын, материалды есте сақтаудың ұзақтығының арта түсетінін, қиялының болатынын көрсете аламыз. Мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың бірнәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау және содан кейін оны жақсарту, ойынның, суреттің т.б. ой желісін құру сияқты ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады. Осы міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қайсыбірін пайдаланады. Міне,сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс-әрекеттері қалыптаса бастайды, солардың арқасында еркін, алдын-ала ойластырылған сипатқа ие болады.Мектепке дейінгі шақтың басында баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен шоғырланады. Жаңа бір нәрсе пайда болса, баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан баланың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады.Мектепке дейінгі шақта балалар іс-әрекеттің күрделенуіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі балалар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа созылады.Балалар сурет көргенде әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есеге артады да, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда, 6 жасар бала суретті жақсырақ түсінеді және өзіне қызықты жақтарын егжей-тегжейлерін бөліп көрсетеді.Бірақ мектепке дейінгі шақта зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде. Оны сапалы түрде белгілі заттарға, құбылыстарға бағыттай білуінде, кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде.Ықтиярлы зейіннің бастамалары баланың жеке басынан тыс жатыр.Бұл ықтиярсыз зейіннің өздігінен ықтиярлы зейіннің пайда болуына әкеліп соқпайтындығын көрсетеді.Ықтиярлы зейін үлкендердің баланы іс-әрекеттің жаңа түрлеріне тартуының, белгілі бір құралдарының көмегімен оның зейінін бағыттап, ұйымдастыруының арқасында қалыптасады. Баланың зейініне басшылық жасай отырып, үлкендер кейін солардың көмегімен ол өз зейінін өзі басқара алуға болатынын оған қажетті жолдарын үйретеді.Зейінді нақтылы дара тапсырмаларға байланысты ұйымдастырудың ахуалдық құралдарынан басқа жан-жақты құралы – сөйлеу.
Үлкендер баланың зейінін сөзбен нұсқау беру арқылы ұйымдастырады. Мысалы, мұнараны тұрғызғанда алдымен дөңгелекшелердің ең үлкенін таңдап ал...Міне дұрыс болды. Ал енді үлкені қайсы?,- іздеп көр т.б.
Кейін балалар қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін зейін салуға тиісті заттар мен құбылыстарды сөз арқылы өзі белгілей бастайды.
Мектепке дейінгі шақта өз зейінін ұйымдастыру үшін сөздер пайдалану күрт өседі, яғни айтқанда мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталай алады. Сонымен баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлы зейін қалыптасады.
Мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болып қала береді. Мектеп жасына дейінгі бала зейінінің ерекшелігі мектепке дейін оқыту, ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналады. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту баланың зейінін айтарлықтай жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.
Зейінді дамыту мен тәрбиелеуде мынадай жаттығулар қолдануға болады:
Зейінді аудару қабілетін дамыту жаттығулары:
1.Балаға әртүрлі сөздерді атаңыз: үстел, керует, кесе, қарындаш, дәптер, кітап,шанышқы т.б. Ол келісім бойынша белгілі бір сөздерге қимылмен жауап беруі керек. Бала мұқият тыңдайды да мысалы, жануарды білдіретін сөздерді естігенде, алақанын соғады. Егер бала шатасып кетсе, тапсырманы қайталаңыз.
2. Келіскендей өсімдіктерді білдіретін сөздерді есіткенде, балаға орнынан тұруды ұсыныңыз.
3. Бірінші және екінші тапсырманы біріктіруге болады, яғни бала жануарды білдіретін сөзді естігенде алақанын соғады да, қандай да бір өсімдікті білдіретін сөзді естігенде орнынан тұрады.
Осындай және осыған ұқсас жаттығулар зейінділікті, зейіннің бөлінгіштік және аударылу жылдамдығын дамытады да, ал сонымен бірге баланың ой-өрісін кеңейтіп, танымдылық белсенділігін арттырады. Мұндай ойындарды жарыс түрінде балалар тобымен жүргізуге болады.
Зейінді шоғырландыруды дамыту жаттығулары:
1. Сабақты жүргізу үшін 10-15 айырмашылықтары бар екі жұбын, бірнеше бітпеген суреттер немесе қисынсыз мазмұнды суреттер, бірнеше жартылай боялған суреттер дайындау қажет.
2. Бірінші тапсырмада балаға берілген жұп суреттерде барлық айырмашылықтарды атау ұсынылады.
3. Екінші тапсырмада балаға бірінен соң бірін бітпеген суреттерді көрсетеді де, не салынбай қалғанын сұрайды немесе қисынсыз мазмұнды суреттерді таңдап алып, сәйкессіздікті табуды сұрайды.
4. Үшінші тапсырмада бірінші бөлігінің боялғанындай суреттің екінші бөлігіне бояуы керек.
Барлық үш тапсырма бойынша нәтижелік бағаланады – дұрыс аталған айырмашылықтар саны, аталған жетімсіз бөлшектер және қисынсыздықтар саны, сонымен бірге дұрыс боялған бөлшектер саны.



































Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№35 «Балдырған» бөбекжайы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын

















Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіннің әртүрлі қасиеттерін
зерттеуге арналған әдістемелер.























2017-2018 оқу жылы





Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалармен психодиагностикалық жұмыстарының негізгі принциптері.

«Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек» деген белгілі педагог Г.Д.Ушинский көрегендігін басшылыққа ала отырып, педагогикалық үрдісті психологиялық қызметпен ұштастыра жүргізе отырып осы бағытта біршама жұмыстар атқарды. Нақты фактімен келтірер болсақ: мектеп жасына дейінгі балаларының процестерін даму деңгейін анықтау мақсатында отандық психолог Р.С.Немовтың «Ғалымдық процестердің дамуы» методикаларын қолданып, психодиагностикалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Психодиагностикалық зерттеу жұмысынынң өзектілігі балалардың қабылдау, ойлау,сөйлеу, есте сақтау, қиял, зейін әрекеттерінің даму дәрежесінің қай деңгейде екендігі жөнінде қажетті деректер берді. Баланы диагностикалық тексеру алдында онымен алғашқы байланысты орнату үшін, кез-келген тақырыпқа диагностикалық сұхбат жүргізу қажет.

Әдетте, мұндай сұхбаттар төмендегідей құрылымнан тұрады:
1.Кіріспе: баланы ынтымақтастыққа тарту, көңілін келтіру;
2.Баланың еркін сөйлеуі;
3.Жалпы сұрақтар беру: «Сен өзің туралы маған бірдеңе айта аласың ба? Сен баламен қалай ойнайсың?»
4.Толық зерттеу;
5.Бала өзін еркін сезінетіндей жағдай жасау және балаға құрмет білдіре отырып, қорытынды жасау.
Балаға берілетін сұрақтар үш түрлі болады:

1.Зерттелетін пәндерге байланысты тікелей сұрақтар, мысалы: «Сен сурет салғанды жақсы көресің бе?»
2.Мазасыздану, үрейлену қаупін бәсеңдететін жанама сұрақтар, мысалы: «Егер үстел үстінде фломастерлер жатса сен не істер едің?»
3.Баланы топпен немесе басқа адаммен теңестірумен сәйкестендірілген негізсіз сұрақтар, мысалы: «Балалар сурет салуды жақсы көре ме?»
Психологиялық зерттеулер әдісін практикада қолданғанда негізгі принциптерді, идеяларды басшылыққа алу қажет. Алдымен бұл бала жанын, психикасын зерттеудің генетикалық тұрғыдан қарастыру принципі. Бұл принцип бойынша бала психикасының құбылыстарын зерттеуде, баланың үлкендермен өзара қарым-қатынас барысында қалай дамитындығын, өзгеретіндігін анықтауға тырысамыз.

Бала психикасының дамуын диалектикалық тұрғыдан зерттеу детермишум принципін, ішкі және сыртқы факторларын анықталған қандай да бір өзгерістердің байланыстылығы болып табылады.
Тұлғалы және қарым-қатынасты зерттеу бірлігі принципі – бұл айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын талдамай, баланың тұлғасын және оның мінез-құлқы туралы мүлде ештеңе түсінуге болмайды. Сонымен қатар баланың дамуына көмектесетін әдістерді де қолдану жағын қарастыру қажет.

Мысалы: Тәрбиеленуші баланың қабылдау процесін анықтау үшін «Суретке не жетпейді?», «Қандай сурет орналасқан?» әдістемесін жүргізуге болады.
Топ балаларының қиялын дамыту үшін өз бетінше әңгіме, ертегі құрастыру тапсырмаларын жиі беріп отырған жөн. Есте сақтау процестерін анықтау үшін «Пішінді есте сақта», «Сөзді есте сақта» т.б әдістемелерді жүргізуге болады. Зейін әрекетінің сипатын «Тап және сыз», «Белгіні қой» әдістемелерінде анықтауға болады. Топтағы балалардың ойлау мен сөйлеу қабілетінің даму деңгейін анықтау үшін субтектен құралған әдістемені қолдануға болады.

Баланы тәрбиелеп, дүниетанымын қалыптастыру, үнемі оның табиғи даму деңгейінен оздырып отыру бүгінгі күннің талабы болғаннан кейін, психодиагностикалық әдістер, біріншіден: баланың психикасын, оның жан-дүниесінің дамуын, ақыл-ой деңгейін өрістетіп, оны жетілдіруде, өздігінен ойлантып- толғантуға, әрбір зат пен құбылыстың мазмұн-мағынасын пайымдап білуіне жетектеп отырады.





















































Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№35 «Балдырған» бөбекжайы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын



















Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалармен психодиагностикалық жұмыстарының негізгі принциптері.




























2017-2018 оқу жылы

Бейімделу


Бейімделу деген не? Бейімделу қалай өтеді?
Бейімделу деген жаңа қоршаған ортаға үйрену. Балабақша балаға, әрине, жаңа, әлі таныс емес кеңістік, жанашылық қарым-қатынас.
Баланың балабақшаға бейімделуі өзінің психо-физиологиялық және тұлғалық ерекшеліктеріне, отбасылық қарым-қатынастарына, мектепке дейінгі мекемедегінің қатысу шарттарына байланысты. Әр бала балабақшаға өзіндікпен үйренеді. Бірақ, бірнеше заңдылықтарды атап өтуге болады.
Біріншіде, ескертіңіз: 2-3 жастағы баланың өзінің құрдастарымен қарым-қатынаста боламын деген қажеттігі жоқ, ондай сезім әлі қалыптасқан жоқ. Осы жастағы балаға ер жеткен адам ойынсеріктес, еліктеудің үлгісі және баланың тілектестік назарлығы мен ынтымақтастық қажеттілігін қанағаттандырады. Құрдастары осы қасиеттерді көрсете алмайды, өйткені өздері де осыған зарық. Осыдан бала балабақшаға тезірек бейімделе алмайды, өйткені анасымен құштарлық сезімі тығыз, анасының жоқ болғаны баланың қарқынды қарсылығын толғантады, әсіресе бала сезімтал және әсерлік болса.
2-3 жастағы балалар бөтен адамдардан және қарым-қатынастың таныс емес жағдайларынан қорқады. Осы қорқыныштар – баланың балабақшаға бейімделуінің бір себебі. Кейбір жағдайда осы себептер баланы жылаушақты, құштарлықты, арланғышты, жарақатты қылады, бала жиі сырқаттанады, өйткені, стресстер жастық ағзаның паналаулық күштерін әлсіретеді.
Сонымен қатар, ұл балалардың бейімделуі қыздарға қарағанда, қиыншылықпен өтеді. Өйткені олар осы жаста анасына құштарлықты, анадан айырылғанда көбірек уайымдайды.
Эмоционалды дамытудан тыс балалардың бейімделуі теріс өтеді, өйткені олардың анаға деген құштарлықтары төмен. Психологтар келесі парадоксті ескертеді: бір жасқа дейінгі бала балабақшаға қабылданса, болашақта коммуникалдық сезімдері дамыған болады. Алғашқы эмоционалды жанасуды осындай бала анасымен емес, құрдастарымен құрады. Болашақта бұл баланың сүйіспеншілік, аяушылық, құштарлық сезімдері дамыған болмайды. 
Баланың анасымен эмоционалды байланысы дамығанымен, оның бейімделуі қиыншылықпен өтеді. Өкінішке қарай, бейімделу мәселелерін кейбір балалар өте алмайды. Бұл баланың шалығуына келтіреді.
Баланың балабақшаға бейімделуі бір жылдың арасында өтпесе, бұл ата-аналарға ым, баланы маманға көрсету қажет.
Психологтардың байқауымен бейімделудің ортаңғы мерзімінің нормасы бойынша:
- Сәбилер тобында – 7-10 күн;
- Балабақшаның үш жасар балаларына – 2-3 апта;
- Мектеп жасына дейінгі балаларға – бір ай.
Әрине, әр бала жаңа жағдайға әртүрлі қатысады, бірақ, жалпы ерекшеліктері бар. Отбасыдағы жалғыз баланың, шамадан тыс баскөз болған, өзіне-өзі сенбейтін, балалар балабақшаға
Отбасындағы дау, ата-аналардың көпшіліктен тыс қасиеттері баланың бейімделуіне көп кедергі жасайды. Атааналарының ұнамсыз мінез-қылықтырын меңгеріп, өз құрбыларымен қатынас құра алмайды.
Осындай балалар жасықтықты, батыл емес. Осыдан топ балаларымен қарым-қатынас құруға қиынсынады.

Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№35 «Балдырған» бөбекжайы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын



















Тақырыбы: Бейімдеу




























2017-2018 оқу жылы



Тақырыбы: «Мен бәрін өзім істей аламын!»


Балабақшаға баратын бала не білу керек?
Балабақшаға баратын баланың өзіне-өзі қызмет ету дағдылары дамуға тиісті: киіну, ас ішу, дәретханаға бару, қол-бетін жуу, сүлгімен сүртіну. Әрине, тәрбиешілер түйме-бауларымен айналасуға көмектеседі, бірақ, олар бар топтағы он бес тәрбиеленушілерді әрқайсысын шешіндіріп-киіндіріп және қасықтан ас беруге үлгермейді.
Екі жастағы баланы дербестілікке үйрету ең ыңғайлы жас. Кішкентай адамның психикалық даму заңымен табиғаттың өзі де сіздің жағыңызда. Үш жастағы баланың өмір ұраны: «Мен өзім!». Осы жастағы баланы дербестілікке үйрету қажет емес – ол өзі осыған қоймай және қажырлы тырысады. Сіздің көмегіңіз балаға қажет емес. Қойған мақсатына жетіп қанағаттанады.
Екі жастағы баланың ата-анасы дербестілікке ұмтылған балаға бөгет жасамауға тиісті. Бұл өте маңызды сәт! Үш жастағы бала дербестілік дағдылырын меңгереді: ішу-жеу, тіс тазалау мен жуыну, киіну-шешіну, уақытында дәретке бару. Ойыншықтарын жинау, орнына қою, үстелді сүрту, киімді ретімен жинау дағдыларын меңгереді.
Сіз осыған сенбейсіз бе? Сеніңіз: баланың осындай жетістіктерге жету үшін, сізден керегі – бөгет жасамаңыз! Қолынан қақпаңыз, жұлқыламаңыз, әр қадамын қадағаламаңыз, баланың орнына ісін орындамаңыз, өйткені «ол кішкентай, ештеңе қолынан келмейді!» — деп айтпаңыз.
Практикада бұл оңай емес. Сәби жуынып үйренгенше, жуыну бөлмесінің едені бірнеше рет сумен тасиды. Сәбидің дербестілік киінгені ананың жүйке жүйесін қозғайды, әсіресе ол өзі темпераменті бойынша ашушаң немесе сангвиник болса. Бір сөзбен айтқанда – өз-өзіне ұстамды болу, шыдамды, баламен қарым- қатынасы сезбелі болу тиісті, импульсті емес.
Өз жұмыстарыңызды жоспарлағанда, алдын-ала күн тәртібіңіздің бір-біржарым сағатыңызды баланың «дербестілігіне» сақтаңыз. Балаңыздың күші келетін іс-әрекетті оның орнына орындамаңыз. Таныс емес дағдыны дербесті орындауға мүмкіндік беріңіз, тек қана, балаға көмек қажеттігін көріп тұрсаңыз, «әкел, мен істейін!» — демей, «қарашы, бұл осылай істеледі!» — деп, үйретіңіз.
Екіншіде, баланың күші келмейтін тапсырмаларды бермеңіз, сәби амалым жоқ деп сезбесін, қайта көбірек жетістіктерге жете берсін.
Как научить ребенка одеваться
Баланы киініге қалай үйрету керек?
Келесі кеңестерге назар аударыңыздар:
- «Тек қана өзің киін!» — деп, айта көрмеңіз. Бірақ «Өзім киінемін!» — десе, бөгет жасамаңыз.
- Өз уақытыңызды баланың киінуге үйрену мезгілімен жоспарлаңыз. Таңертең жарты сағат ерте тұрғаныңыз жөн болады, өйткені жаңа дағдыға үйренуге бөгет жасамаңыз.
- Егер бала өзінен-өзі кингісі келмесе, кішкене көмектесіңіз. Мысалы: нәскиді кигізгенде, толық кигізбеңіз. «өзің жоғары тарт!» — деп, ұсыныс беріңіз.
- Тек қана жеңіл шешінетін киімді «Шеш!» -деп, балаға айтыңыз. Киіну-шешіну дағдысына бала бертіңдеп үйренеді, балаға кішкентай «сабақтарды» өжетті ұсыну дұрыс болады: «қолыңды жеңге өзің кіргіз», «қәйлегіңнін бұтын жөнде», т.б. Баламен сайыс та ұйымдастыруға болады: кім нәскиді тез киеді, кім шалбарды тез шкафқа іледі, т.б.





Ойыншықтарды жинауға қалай үйрету керек?



Балабақшаға алғашқы келген сәбидің «ойыншықты жинау» деген дағды баланың «багажында» болу тиісті. Балабақша да осыған үйретеді. Бала тәрбиешінің нұсқауларын орындауға үйренеді, жеке ұжымның беделі де рөлін ойнайды. Үйден осындай дағдыларға үйренбеген бала, балабақшада тәрбиешінің талабын ұнатпайды.
- Баладан «ойыншықтар тәртібін сақта!» — деген талабын сұрауға болмайды деген көзқарас бар. Кішкентай болғандықтан бала бұл талапты орындай алмайды емес, ең әуелі ер адамдардың, ата-аналардың тәртіп туралы елестері баланың табиғатына, психикалық жас ерекшеліктеріне бөтен. «Бәрін орын-орнына қой, шашпа!» — деген талап баланың шығармашылық потенциалын дамытпайды, оның іздену белсенділігін өшеді. Бала әлемдік, космостық заңы бойынша дамиды: алғашқы баланың әлемі – бұл алғашқы аласапыран, оны бала тәртіпке келтіреді.
Осы теорияның жаны бар. Сіздің ер адам болып, «бәрі орында болу керек» деген тәртібіңіз балаға жарамайды, оған қызықты емес. Осындай тәртіптік баланың шығармашылық қасиеттерін дамуға кеңістік қалтырмайды.
Жас өнерпаздың алғашқы аласапыран сезімін тәртіпке қалай келтіруге болады?
Әрине, компромисс табу керек. Ең біріншіде, баланың жеке бөлмесі болу тиісті. Өз бөлмесінде не істеймін десе, соны істейді. Шығармашылыққа кеңістігі мол, бірақ қауіпсіздікті ескерту керек. Ақиқатты өмірде баланың жеке бөлмесі болуы – аса кереметтік, осыдан баламен бар пентікпен бөлісу керек. Мысалы, пәтердегі тұсқағазға сурет салуға болмайды, тек қана қабырғадағы арнайы орында ілініп тұрған ватманды суреттеуге болады. Қабырғалық суреттеуге арналған орын бөлінсін. Бөлмеде шашылып жатқан ойыншықтар жиналуға тиісті, бірақ үстелдің астындағы өз «үйінде» ойыншықтар тәртібіне бала өзі хожайын.
Балабақшада осындай компромисстерге орын жоқ. Балалардың саны көп, ойыншықтар бәріне жетпейді (оларды осыдан баптап, күтіп ұстауға тәрбиелейді), тәрбиешілердің өз елестері: не дұрыс, не бұрыс.
Он бес жаратушылардың жасаған былықтарына тәрбиеші, әрине, келіспейді. Қысқасы, 3-4 жастағы балаға «тәртіпке кез келді» десек артық болмас, әйтпесе «тәртіпті» балананы тәрбиелейміз деп кәдімгі «салақ» баланы тәрбиелейміз.
«Жинауға», «реттеуге» деген мәселе осыдан шығады. Үй ішінен бастап баланы ойнап отырып үйретіңіз. Бұйрықты, талапты сөйлеу тоны мен емес, тек қана ойынмен үйрету. Қар жинау машинасы, эвакуаторлар, крандар, жүк тасушы ойындарына ойнауға болады. Еденге шашылған ұсақтарды «жидек, саңырауқұлақ, гүлдерді» жинайықшы – деп, баланың қызығушылығын оятуға болады. Немесе сайыс ұйымдастыру: кім ойыншықтарды тез жинайды екен, тағы басқа әдістерді ойлап шығару болады. Ең бастысы, бірізділікті болыңыз. «Ойыншықтарды кеше сен жинадың, бүгін мен жинайын, ертең солай шашылып жата берсін» — деп, тәрбиелеуге болмайды.
Қажеттілік әдетке үйрету үшін, өзіңіздің ниетіңізден айнымаңыз.
Бала, әрине, ойнайды, бірақ біртіңдеп керек ережелерге үйренеді: ұйықтау, ас ішу, серуенге бару адында ойыншықтарды өз сөрелеріне, жәшіктеріне, т.б. «үйлеріне» орналастыру әдеті.

 

Басқа балалармен ойыншықтарымен бөлісу, тартып алмау, өз-өзін басқа балалармен ренжітпеу әдеттеріне қалай үйрету керек?



Біржарым жастағы сәби екінші сәбидің қолынан күйрегін жұлып алса, ол ешқандай қылмыс жасап жатқан жоқ: осындай нәзік жастағы баланың «менікі», «бөтен» деген елестеуі жоқ. Шекарашылықты өткізе алмайды, өйткені барлық әлем оған «бәрі менікі!». Өзіне ұнағанды тартып алғысы келеді: құмғышта, қонақта, дүкенде, өйткені, осы уақытқа дейін ол өз үйінің шегінде өмір сүріп үйренген, «бәрі менікі!», деп. Балаға қажетті емес заттарды сіз одан алыс, көрінбейтін жерге қоятын едіңіз.
«Бәрі менікі!» деген ұғыммен келген баланы балабақшада ешкім мадақтамайды. Бір жағынан, балабақшадағы ойыншықтар бәрі жалпы (басында 3-4 жастағы балаларға түсініксіз ұғым), екіншіде, сәбилер үйлерінен өзі сүйетін ойыншығын балабақшаға әкелгісі келеді және әкеледі. Осыдан балалардың арасында көп түсініксіз болады. Кішкентай сәбиді бесікарбасынан шыға бергесін, «менікі» және «басқанікі» деген ұғымдарды есіне еңгізу қажет.
Баланың «агрессиялық» тәртібіне ашуланбаңыз: біреудің әдемі машинасын аламын дегені ол агрессиялық емес. Есіңізде болсын: бала әлі үйреніп жүр! Сіздің міндетіңіз – балаға көмектесуге!
Екінші жағынан, басқасын да ескерту керек. Біреудің ойыншығын тартып алу деген жақсы қылық емес. Өкінішке қарай, балалар алаңында осылай ойлайтын аналарды кездестіруге болады.
Біреудің ойыншығын алу – психологиялық жағынан – 3-4 жастағы балаға ауыр қылмыс емес. Ең бастысы – тәрбиенің бірізділігі. Осындай оқытудың қателігі – басқа аналардың мейірімділік ниеті. Сіздің балаңыз басқа баланың күрегін тартып алғысы келгенде, «құрбан-баланың» анасы өзінің сәбиінде жақсы ішкі сезімдерді тәрбиелеу үшін, осылай деп үйретеді: «қымбатым, сараңдылы болмашы, осы балаға күрегіңді бере тұр, біраз ойнасын!». Егер сіз өз балаңыздын болашағын ойласаңыз, осындай «сыйлықты» алуға рұқсат бермеңіз! «Бере тұр!» деген анадай болмаңыз. Егер сіздің балаңыздын ойыншығын аламын деп біреу тырысса, сіз ашуланбай, сеніммен ондай қылықты жасатпаңыз.
Кішкентай сәбиге бөтен ойыншықтар өз ойыншығына қарағанда қызықты сияқты болып көрінеді. Ең оңайы, балаңызды ойыншықтарды ауыстыруға үйретіңіз! Бір жастағы балалар «Бер!», «Мә!» деген сөздерді жақсы түсінеді. Балаңызға басқа баланың ойыншығы ұнап тұрғанын сезсеңіз, сіз өз балаңызға үсыныс беріңіз. «Кәне, сұрап көрейікші?! Біз өзіміз не бере аламыз?»
Сәбилер өз ойыншықтарымен көңілді бөліседі. Егер «ауыстыру» өтпесе «келіссөзді» созбау керек. Басқа бала өз ойыншығын «бермеймін!», «ауыстырмаймын!» десе не істей аласыз, ештеңе емес! Өз балаңыздын назарын басқа ойынға аударыңыз.
Өтінеміз. «сараңды!» деген сөзді ұмытыңыз. Өз балаңызға, әсіресе басқа балаға айтуға сақ болыңыз. 1,5-2 жастағы бала өз ойыншығымен басқа баламен бөлісе алмайды. Егер ол ашуланбай өз ойыншықтарымен басқа балалармен бөліссе, сіздің балаңыздын мырзашылық қасиеті дамығаны емес, өйткені балаға бәрібір – ол өзінікін саспай беріп, солай да саспай басқа біреудікін жұлып алады. Егер ол өзіндікін ешкімге бермесе, сіз өз-өзіңізді құттықтай аласыз: сәбидің меншік сезімі қалыптасады! Бала «менікі!», «басқанікі!» деген ұғымдардың айырмашылығын түсініп, біртіңдеп басқа балалардың меншіктеріне құрметпен қарауға тәрбиеленеді.





Бала неге жылайды?
Баламен қоштасу жолдарының тиімдісі



Баланың жылағаны – ренжігенін көрсету бірден- бір әдіс.
Балаға пайдалы қоштасуының рецептін тауып көрейік.
- Жұмыстан қалмау үшін және баламен қоштасуға уақыт қалтыру үшін, 5-10 минут ертерек жиналыңыз.
- Балаға қайда, неге баратыңызды ашық айтыңыз (мысалы: «Мен дүкенге барамын», «Мен жұмысқа компьютер басуға барамын»). Бала түсінбейді деп қорықпаңыз: сіздің сабырлы, ашық дауыс ырғағыңыз балаға көрсетеді: ананың баратын жері – жақсы жер, ананың айналасатын ісі – пайдалы және ұнамды.
- Қайтып келетін мезгіліңізді балаға анық айтыңыз. Уақытын балаға айтуға қажет емес (кішкентай сәби түсінбеуге мүмкін). «Сен асыңды ішіп, серуендеп, ұйықтап болғасын, мен де келемін», — деп айтуға болады. Осындай түсінікті бала ұғады.
- Балаға кіммен қалатынын, не істейтінін түсіндіріңіз. Мысалы: «Сен тәрбиеші Нина Николаевна және басқа балалармен қаласың. Сендер ас ішесіңдер, серуенге шығасыңдар, бірге ойнайсыңдар, сосын бәрің мені қарсы аласыңдар!»
- «Жүлде әкелемін» деп балаға уәде бермеңіз, бірақ, бірдеме ала келші десе, бас тартпаңыз. Баланың тілегі ыңғайсыз болса – өзіне тура айтыңыз. Бала ештеңе сұрамаса да, анда-саңда сіз оған бір ұнамды затты әкелетін болыңыз (печенье, кәмпит, алма, дәптер, т.б.), яғни бала сезу керек, сіз одан алыс болғанымен, ұмытқан жоқсыз, кездесуге дайындалдыңыз.





















Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№35 «Балдырған» бөбекжайы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын



















Тақырыбы: «Мен бәрін өзім істей аламын!»


























2017-2018 оқу жылы







































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее