«Осенний фестиваль знаний 2024»

Ашық сабақ "Тазалық-таза баланың досы"

Тақырыбы: Тазалық – таза баланың досы.

Мақсаты: тазалық бұйымдарымен таныстыру.

Тәрбиелігі: Балаларды таза жүруге уйрету.

Сөздік жұмысы: сүлгі, сабын, тарақ, айна

Олимпиады: Дошкольникам "Клуб юных почемучек"

Содержимое разработки

Қандыағаш қаласы

ЖШС «Амалия А» бөбекжай бақшасы

Меңгерушісі Отарбаева Ж.Т.









Ашық сабақ

Тақырыбы: Тазалық – таза баланың досы.



«Айгөлек І кішілер тобы»

Өткізген тәрбиеші: Қожамұратова Ж.A.





2017-2018 жыл.



Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Тазалық – таза баланың досы.

Мақсаты: тазалық бұйымдарымен таныстыру.

Тәрбиелігі: Балаларды таза жүруге уйрету.

Сөздік жұмысы: сүлгі, сабын, тарақ, айна.



1. Шаттық шеңбер: Армысың алтын күн

Армысың көк аспан

Армысың жер ана

Армысың достарым.



2. Тазалық туралы түсіндіру, С. Қалиұлының «Үлгі» өлеңін оқып береді:

- Кім жек көрер пысықты, «Ылги бетін жуады», -

Деп, тәтеміз мысықты Бізге үлгі қылады.

- Балалар, мысық ылғи бетін жуады, тазалықты сақтайды. Ал, сендер тазалықты жақсы көресіңдер ме?

- Таңертен жуынасыңдар ма? Немен жуынасыңдар?

- Сосын немен сүртінесіңдер?

- Тістеріңді жуасыңдар ма?

- Шаштарыңды тарап, айнаға қарайсыңдар ?

- Таза болғыларын келеді ме?

- Дұрыс, таза болуымыз, тазалықты сүюіміз керек. Таза жүрсек ауырмаймыз.

3. Ғажайып сәт: Қолында сөмкесі бар қуыршақ қонаққа келеді.

Қуыршақ өзін Әйгерім деп таныстырады. Қуыршақтың сөмкесінде не бар екен деп қызықтырады, Тазалық заттары: сабын, сүлгі, тарақ, айна бар екен деп олардың аттарын, түсін, құрылысын, не үшін керек екенін сипаттауды тапсырады.

Сабынмен жуынамыз, тарақпен шашымызды тараймыз, сүлгімен сүртінеміз т.б айтып түсіндіреді.

4. Тақпақтар: Таза болса табиғат

Аман болар адамзат.



Ас ішуге тұрайық

Қолымызды жуайық

Сабын суды аямай

Тазалықты ұғайық.

5. Дидактикалық ойын: Не артық?

Мақсаты: Тазалық достарының арасынан артық затты табу.

6. Қуыршақтың балалармен қоштасып шығып кетуі.

7. Сергіту сәті: Бармақ болып тоғайға

Сұр көжек жуынды

Басын жуды, бетін жуды

Көзін жуды, құлағын жуды

Қолын жуды, аяғын жуды

Сілкінді, сүртінді, тап-таза болып шыға келді.

8. Сабақты қорытындылау:

1. Балалар бүгін біз тазалықтың қандай достарымен таныстық?

2. Балалар біз қандай болып жүруіміз керек?

3. Таза жүрсек біз ауырмаймыз, деніміз сау болады!



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Осенний фестиваль знаний 2024»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее