«Зимний фестиваль знаний 2025»

Ашық сабақ "Мектепте" 4 сынып

Ашық сабақ:"Мектепте" 4 сынып.Открытый урок по казахскому языку в 4 классе

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Мектепте.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырып бойынша жоспардағы тапсырмаларды орындау,жаңа сөздерді жаттату.Оларды ауызекі сөйлеуде қолдану.

Дамытушылық: Оқушыларды суретке қарап, өз беттерінше сөз тіркестерімен сөйлемдер,әңгіме,диалог құрай білу деңгейіне жеткізу.

Тєрбиелілік: Оқушылардың пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі : ойын сабағы.

Әдісі: түсіндіру,қайталау,іздендіру,дамыта оқыту,сұрақ-жауап.

Көрнекілік: сызбалар,суреттер,мақалдар,жұмбақ.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.Кезекшімен сөйлесу.

2.Үй жұмысын тексеру.(Өлеңді жатқа айту).

3.Жаңа сабақ: Психологикалық дайындық.(«Жүректен жүрекке»ойыны)

Мұғалім:Балалар,бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ.Себебі,бүгін сабаққа көп қонақтар келіп отыр.Сондықтан,біз қазір мына кемелерге отырып білім теңізі арқылы мектепке саяхатқа шығамыз!Сол үшін біз тапсырмаларды орындап бөгеттерді өтеміз.

1-тапсырма: Математикалық диктант.

1) Бір қолда неше саусақ?

2) Бір аптада неше күн?

3) Қазақ алфавитінде неше әріп?

4) Бір жылда неше ай?

5) Бір тәулікте неше сағат?

6) Бір сағатта неше минут?

7) Сыныпта неше терезе бар?

2-тапсырма: Сөздікпен жұмыс.Сөздер:есеп шығарды,ән айтады,жүгіреді,саяхат.

Осы сөздермен сөз тіркестерін,сөйлемдерді құрау.Мысалы:оқушы жүгіреді,саяхатқа барамыз,жақсы саяхат.Біз бүгін саяхатқа барамыз.

3-тапсырма.Білім,мектеп туралы мақалдарды айту,жазу.

Мектеп-кеме,білім-теңіз. Күш-білімде. Мектеп-білім бұлагы. Оқусыз білім жоқ,білімсіз-күнің жоқ.

4-тапсырма.Оқулықпен жұмыс:мәтінді оқу,аудару.

5-тапсырма.Сызба арқылы жұмыс.Венн диаграммасын жасау,кластер жасау.

Сергіту сәтін жасау «Ағаштар».

6-тапсырма.Сурет бойынша диалогті құрастыру.

-Бұл не?

-Бұл сынып.

-Сыныпта кімдер бар?

-Сыныпта мұғалім және оқушылар бар.

-Сабақ қандай?

-Математика сабағы.

-Математика сабағында балалар не істейді?

-Математика сабағында балалар есеп шығарады.

7-тапсырма.Ойын ойнау. «Сәйкес сөзді тап».

8-тапсырма.Жаңылтпашты еске сақтау: «Сыныпта ақ бор бар,көк бор бар,көп бор бар».

9-тапсырма.Жұмбақты шешу: «Алты қырлы,алтын сырлы»(Қарындаш).

10-тапсырма. «Мектеп» деген сөзді септеу.Өздік жұмыс.

4.Сабақты қорытындылау:

1)Сөздерді қайталау.

2) Рефлексия:Не білемін? Не білдің? Не білгің келеді?

5.Үйге тапсырма:4-тапсырма 168-169-бет,сөздерді қайталау

6.Бағалау.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее