«Зимний фестиваль знаний 2025»

Ашық сабақ "Киіз үй"

Қазақтың ежелгі баспанасы киіз үй жайлы түсінік бере отырып. оның құрлысы мен әр бөлігін ажырата алуға үйрету, балалардың эстетикалық сезімдерін, қиялын дамыту, сұрақтарға нақты жіне толық жауап беру дағдыларын, түстердің үйлесімділігін бере білуге жаттықтыру. Есте сақтау, шығармашылық, істі аяғына дейін аяқтай білу қабілеттерін үлгі ету.

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: шығармашылық.

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі:сурет.

Тақырыбы: Киіз үй.

Мақсаты:Қазақтың ежелгі баспанасы киіз үй жайлы түсінік бере отырып, оның құрлысы мен әр бөлігін ажырата алуға үйрету, балалардың эстетикалық сезімдерін, қиялын дамыту, сұрақтарға нақты және толық жауап беру дағдыларын , түстердің үйлесімділігін бере білуге жаттықтыру. Есте сақтау, шығармашылық, бастаған істі аяғына дейін аяқтай білу қабілеттерін үлгі ету.

Құралдар: киіз үйдің суреті, интерактивті тақта, сурет дәптер, бояу, қарындаш.

Билинивизм: киіз үй - юрта.

Пәнаралық байланыс:орыс тілі, ағылшын тілі, тіл дамыту, сауат ашу,жаратылыстану.

Әдіс тәсілдері: жұмбақ жасыру, практикалық жұмыс, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көмектесу, сурет салу кезеңдері, ойын.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық оятушылық


Жылулық шеңбері:

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді.

Қайырлы таң,

Қайырлы күн,

Сәлеметсің бе,достым! Здравствуй день!

Здравствуй друг!

Здравствуй мир

Здравствуй век!

Здравствуй, добрый человек!


Hello,Friend!

Hello,world!

Hello, the century!

Hello,good man!




Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын үш тілде қайталап, бір-біріне жылы сөздер айтады.




Ізденуші - ұйымдастырушылық

Жұмбақ жасыру.

Бозғылт күмбез,

Далада бұлаңдайды.

Жұлқып-жұлқып,

Дауыл да жыға алмайды.

Балалар жұмбақты шешеді.

(Киіз үй)

Жаңа ұйымдастырылған оқу қызметі.

    -  Балалар, қане, айтыңдаршы біздің Отанымыз қалай аталады?

-Балалар, біздің мемлекетіміздің өз рәміздері бар екенін білесіңдер, қане маған рәміздерді атап беріңдерші.

-Дұрыс айтсыңдар, балалар, ал енді сендер білесіңдер ме, шаңырақ бейнесі біздің қай рәмізімізде бейнеленген?

-Дұрыс айтасыңдар, біздің Елтаңбамызда осы шаңырақ бейнеленген.Біздің еліміздің шаңырағының биік екенін көрсетіп тұр

-Араларыңда кім Елтаңба туралы тақпақ, өлең біледі? -Қазіргі кездерде тігіліп жүрген киіз үйді көрдіңдер ме

-Жарайсыңдар, балалар. Ендеше бүгін біз киіз үйдің суретін салып үйренеміз.

-Қазақстан


-Ту, Елтаңба, Әнұран.



-Елтаңбада.







-Иә, көргенбіз. Тойларда, Наурыз мерекесінде тігіледі.

Практикалық жұмыс

Тәрбиеші киіз үй салудың әдіс-тәсілдерін түсіндіреді

Балалар үлгі бойынша киіз үйдің суретін салады.







Сергіту сәті

Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені қарайық.

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрайық

Балалар өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды.

«Білгенге маржан» әлемі.

Тәрбиеші Шерқала  Батыс Қазақстанда орналасқан киіз үйге ұқсайтын ерекше тау екенін айтады.

Балалар интерактивті тақтадан киіз үйге ұқсас ерекше таулары көреді.

Кел, ойнайық.

«Орамал тастамақ» ойыны.

Тәрбиеші орамалды алған балаға үйге қатысты тыйым сөздер айту керектігін түсіндіред

Орамал алған балалар үйге қатысты тыйым сөздер айтады.

  1. Табалдырықта тұрма.

  2. Есікті теппе.

  3. Үйге қарай жүгірме.

  4. Үйде ысқырма.

  5. Үйді айналма

  6. Босағаны керме.

  7. Есікті қатты жаппа.

  8. Түнде үй сыпырма.

  9. Рұқсатсыз үйге кірме.

Ғажайып сәт











Дидактикалық ойын: «Киіз үй»

Тәрбиеші ортаға көрші ауылдан келген Зере әжейді қонаққа шақырады. Зере әжей қазақ халқының қонысы киіз үй туралы әңгімелеп береді.









Шарты: Әр түрлі бөліктерден балалар тақтада қиіз үй мен табиғатты құрастырады. Бөлікті алған бір бала оны тілек айта отырып жапсырады. Одан кейін келесі бала әрі қарай жалғастырады. Соңында табиғат аясында тұрған киіз үй шығады.


Балалар әжейден сый-сыяпат алады. Әжей балаларға ішінде тапсырмасы бар киіз үйлерді таратады.

  1. «Шаңырақ» деген сөз қандай дыбыстан басталады?

  2. Кереге деген сөзде неше буын бар?

  3. «Киіз үй» деген сөзді орысша қалай айтады?

  4. «Киіз үй» деген сөзді ағылшын тілінде қалай айтады?

  5. Есік деген сөзде неше буын бар?

  6. Уық деген сөзде неше дыбыс бар?

  7. Шаңырақ мемлекеттік қай рәмізде бейнеленген?

  8. Киіз үйді кімдер пайдаланған?

  9. Киіз үйдің қасиеті қандай?










Мадақтау


-Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?

-Тапсырмалар оңай болды ма?

-Бүгін нені салуды үйрендік?

-Достарыңның ішінде кімнің жұмысы өте жақсы шықты деп ойлайсың?

Өз жұмысыңа қандай баға бересің?

Сабаққа белсене қатысып, сұрақтарға дұрыс жауап беріп, жұмыстары жақсы шыққан балаларға «Қуанышты хабарлама» таратады.


Күтілетін нәтиже: Нені біледі: - Киіз үйдің маңыздылығын, ерекшелігін және бөліктерінің атауларын. Қандай түсініктерді игерді: Қазақ халқының ежелгі тұрағы киіз үй құрылысы, жасалуы, тұрмыста қолданылуы туралы түсінік алады.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жалпы киіз үй суретін сала алады.





























Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее