«Зимний фестиваль знаний 2025»

Ашық сабақ Қарапайым математика Сиқырлы пішіндер

Ашық сабақ қарапайым математика Сиқырлы пішіндер

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Математика негіздері

Тақырыбы: Сиқырлы пішіндер

Мақсаты: Геометриялық пішіндермен таныстыра отырып, кеңістікте үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек пішіндерін салыстыра алуын бекіту.

Міндеті: Кеңістікте геометриялық пішіндерді тауып,ажырата білуге үйрету,

Балалардың ой - өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, Балаларда математика деген қызығушылықтарын арттыру.

Әдіс-тәсілдер: Сын-тұрғысынан ойлау, Манкография

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Үшбұрыш,төртбұрыш,дөңгелек, пішіндер макеті


Кезеңі

Мотивациалық-қозғаушылық:

Балалар жарты шеңбер бойымен тұрады.

Алақанды ашайық,

Күн нұрын салайық.

Жүрек жылуын салайық.

Ұйымдастыру іздестіру

Сәлеметсіздер ме, балалар?Мен сендерді бүгін «Сиқырлы пішіндер» әлеміне шақырамын.«Сиқырлы пішіндер» әлеміне барғыларың келе ме? Поезбен бәрі шеңбер бойымен жүріп, музыка әуенімен: Гу - гу, гу - гу гуілде,қалып қойма біріңде.

Қане, балалар, тоқтайық. Пыш - ш - ш.

Балалар, біз міне «Сиқырлы пішіндер» әлеміне де келіп қалдық.Балалар, әртүрлі пішіндерді қараңдаршы. Сиқырлы пішіндерге қандай пішіндер жатады екен, Әр үстелге жақындап тапсырмалар орындау.

Төртбұрышпын, төртбұрышпын.

Төрт қабырғасы бар бұрышпын,

Неге төртбұрыш дейді екенбіз, қанекей төртбұрыштың қабырғаларын, бұрышын санайық. (санайды) Төртбұрыштың түсі қандай? Төртбұрышты заттармен таныстыру.

Д/О: «Қуыршақтың көйлегі»

Шарты: Қуыршақтың көйлегін пішіндермен толытыру.

Поездбен келесі үстелге бару.

Үшбұрыш:

-Үшбұрышпын, үшбұрышпын,

Үш қабырғам бар бұрышпын,

Ал, үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз, бұрыштар мен қабырғаларын санайық. Үшбұрыштың түсі қандай екен?Үшбұрышты заттармен таныстыру.

Д/о: Пирамида құрастыру.

Поездбен келесі үстелге бару.

Дөңгелек:

- Домалақпын, домалақпын,

Дөңгелек боп домаладым.

Дөңгелектің бұрышы бар ма? Пішіннің түсі қандай?

Д/о. Көбелектер

Шарты: Көбелекте дөңгелек пішіндермен толтыру.

Сергіту сәті:

Топ,топ балақан,

Шапалақта алақан,

Бір отырып, бір тұрып,

Бір демалып алайық.

Ыдысқа салынған жармада (манкада)пішіндер суретін салу.

Рефлексивті – түзетушілік: Бүгін біз қандай пішіндермен таныстық?Үшбұрыштың неше қабырғасы, бұрышы бар, пішіннің түсі қандай?

Балалар, барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар. төртбұрышпен, үшбұрышпен таныстық.















































































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее