«Зимний фестиваль знаний 2025»

Ашық оқу қызметі «А» дыбысымен таныстыру, әрі дұрыс дыбыстау.

логопедический открытый урок для детей дошкольного возраста

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки


«Үміт» мамандандырылған бөбектер үйі









Ашық оқу қызметі

Тіл дамыту




Тақырыбы:

«А» дыбысымен

таныстыру, әрі дұрыс

дыбыстау







Логопед: Есмагамбетова Д.К.


Тобы: «Балдырған»





Ашық оқу қызметі


Тақырыбы: «А» дыбысымен таныстыру, әрі дұрыс дыбыстау.


Мақсаты:

«А» дыбысымен таныстыру. Дыбысты дұрыс, анық айтуға үйрету. Дыбысты буында, сөзде айтуға жаттықтыру. Есте сақтау қабілеттерін, майда моторикаларын дамыту. Сөздік қорын молайту. Ашық, жабық буындарды айтуға жаттықтыру.


Көрнекілік: Суреттер, кескінді суреттер, айналар, зырылдауық.


Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, тақпақ-өлеңдер, түсіндіру, қайталау, дидактикалық ойындар.


Оқу іс-әрекетінің барысы:


Ұйымдастыру кезеңі:


Жылулық шеңбері: Балалар шеңберге тұрып бір-біріне жақсы лебіз-тілектерін айтады.


  • Амансың ба, Алтын күн! Амансың ба, Жер ана!Амансың ба достарым, сендерді көрсем қуанамын!


Артикуляциялық жаттығулар:


    1. «Сағат тілі» - тілді ауыз қуысынан шығарып оңға-солға қозғалту (5-6 рет);

    2. «Балық» - ауызды қатты ашып жабу (5-6 рет);

    3. «Тәтті тосап» - тілді ауыз қуысынан шығарып үстіңгі, төменгі ерінді жалау (5-6 рет).


Тыныс алу жаттығулары:

  • «Зырылдауық үрлеу» - әр балаға қолдарына бір-бір зырылдауық беріледі. Балалар, бәріміз мұрынмен терең тыныс алып, ауызбен зырылдауыққа қарай үрлейміз.

  • «Ыстық шәй» - мұрынмен терең тыныс алып, ыстық шәйді үрлейміз.

Дауысты дыбыстарды үзбей айту А – О – У


Саусақ жаттығулары:


  • «Доп» - әр саусақты бір-біріне қосқанда қолымыз допқа ұқсайды, допты домалатамыз.

  • «Шырша» - Балалар қолымызды көрсетейікші алақанымызды өзімізге қаратамыз. Саусақтарды төмен қаратып бір-бірімен айқастырамыз. Мінеки (көрсету).


Негізгі бөлім:


Ізденуші ұйымдастырушы:


Тақырып бойынша жұмыс: «А» дыбысымен таныстыру


  • Балалар, біз бүгін «А» дыбысымен танысамыз. Алдымен үлкен айнаға қарап дыбыстың артикуляциясын анықтаймыз. Балалар «А» дыбысын сыбырлап, жәй, дауыстап айтады. Логопед «А» дауысты дыбыс екенін, оны созып айтылуын түсіндіреді. Содан соң ашық-жабық буындарды айтуға жаттықтыру – ап-ат-на-ма. «А»дыбысын айтқан кезде терең тыныс алып, аузымызды қатты ашып а-а-а-а деп дыбыстап, демімізді шығарамыз.


Логопед балаларды орындарына отрығызып, кішкентай айнаға қаратып «А» дыбысын артикуляциясын анықтайды. Сол уақытта қуыршақтың дауысы шығады. «Балалар кім екен бұл, кімнің дауысы шықты? Қараңдаршы балалар бұл біздің қуыршағымыз. Қуыршақ қалай жылайды? -А, -а, -а. Қандай дыбыс шықты?-А, -а, -а, -а. Кәне бәріміз айтамыз. Қуыршақты қалай жуатады? -А, -а, -а».

Логопед балаларға бірге, кейіннен жеке-жеке айтқызады.


Көркем сөз: «Айналайын анашым,

Әлпештеген баласын.

Еміп өскен бөпеміз,

Маматайдың мамасын».

Балалар біздің қуыршағымыз ұйықтап қалды. Ал енді қуыршағымызды қайтадан орнына жатқызамыз.


Сөздің басында: Аю, ай, алма, ата.

Сөздің ортасында: Бал, тас, қаз, саз, жихаз.

Сөздің аяғында: Бала, дорба, қора.


Дидактикалық ойын: «А» дыбысы қайда тұр?


Балаларға «А» дыбысы сөздің ішінде қайда тұратынын айту.

Суреттерін көрсету «Аю», «Алма».


Сергіту сәті:

  • Ал енді балалар, біз шаршадық, енді бойымызды сергітейік.


«Апам үшін күнде мен,

Отынға ағаш жарамын.

Су құямын гүлге де,

Дүкенге де барамын.

Сыпырамын үй ішін,

Жуамын аяқ, табақты.

Жылай қалса бөпемді,

Жұбатамын ойнатып».

Балалар орнына отырады.


Дидактикалық ойын: «Бірге ойнайық»


  • Балалар, топтарында қай баланың аты «А» дыбысына басталады?

  • Арнұр, Ақерке, Абылай.


Дидактикалық ойын: «Ұстап ал»


  • Балалар, мен дауысты дыбыстарды айтамын, ал сендер «А» дыбысын естігенде қол шапалақтаңдар.

  • И, -А, -О, -У, -А.



Дидактикалық ойын: «Кескінді суреттер»


Сурет кескіндерін жинау. Балаларға кескінді суреттерді таратып, «алманың», «аюдың» суреттерін жинауды ұсыну және қалай құрастыратынын көрсету.


Рефлексивті түзету әрекеті:


Сұрақ қойып, қорытындылау, балаларды мадақтау, бағалау.


Нәтижесі:


Меңгергені: «А» дыбысын меңгерді.


Білгені: «А» дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында

тұратынын білді.


Жасай алуы: Балалар кескінді суреттерді құрастыра алады.
























Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее