Мектепалды білім беру мазмұнын жаңарту аясында
педагогтың кәсіби қалыптасу моделі
Саламатова Қымбат Рзахановна,
Ақтау қаласы
№28 «Балдәурен» бөбекжайының
әдіскері
«Жаңа жағдайларға сай білімді адам тәрбиелеу ғана емес
қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және
әлеуметтік-адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру тәрбиеші педагогтардың басты міндеті»
Н.Ә. Назарбаев
Жалпы білім беретін мекемелерде педагогикалық үрдісті жақсарту бірінші мәселе болса, жасыратыны жоқ бұрын оқыту ісіне бір жақты қарап, сабақты жақсы беру деп санап келдік. Бұрынғы дәстүрлі оқыту жүйесінің өткені мен бүгінін қайта саралай келе, оқытудың жаңа жүйесін енгізудің уақыты жеткендігін білдік. Білім беру саласында оқытуда жаңаша ойлау, жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас қалыптасуда. Жаңа технологияны меңгеру тәрбиешінің асқан кәсіптік шеберлігімен ізденісін талап етеді.
Жаңа технология білімді тереңдетумен қатар болашаққа деген ынтасын оятып, қызығушылығын арттырады. Осы орайда біздің №28 «Балдәурен» бөбекжайында жаңа оқу үлгісінің бірі болып есептелінетін «Арт-терапиясы» 2015 жылдың қаңтар айынан бастап тәжірбиелік сынақ ретінде оқу-тәрбие құрылымының бөлінбес бір бөлшегі болып еңгізілді.
Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы Арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру, немесе демалы сүйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолдану саясы, шеңбері кеңеюде. Яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы қасиеттердің мүмкіндігін түсініпашуға да жағдай жасайды.
Инклюзивті білім беру – бұл барлық балалардың даму ерекшеліктері мен экономикалық мәртебесіне қарамастан оқу үрдісіне және әлеуметтік бейімденуге тарту үдерісі, ол денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалардың мамандандырылған мекемеде емес, керісінше әдеттегі білім беру ұйымында оқуын қарастырады. Сондай-ақ олар арнайы мекемелерде де білім ала алады. Инклюзивті білім беруден өтетін сау балалардың түсіністігі, жанашырлығы және сезімталдығы қалыптасады.
Арт терапия – бұл емдеу ғана емес, соны мен креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек. Арт-терапиясы инклюзивті білім беруді ұйымдастыру үдерісі құнды, адамгершілік деңгейдегі өзгерістерге тікелей байланысты. Арт- терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Интербелсенді және инклюзивті оқыту – мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үдерістің ізгілендіру мен ынтымақтастығының негіздері болып табылады. Арт-терапия терминін ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт-терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді. Арт-терапия инклюзивті білім беруде шектеусіз және психотерапияның барлық бағыттарында, педагогикада, әлеуметтік жұмыста т.б. қолданылады. Әр адам өзін, өз сезімін және өзінің жағдайын әуен, дыбыс, қимыл және сурет арқылы көрсете алады. Кейбір адамдар үшін бұл- әлемге өзі туралы өзінің шығармашыл адам екенін танытудың жалғыз ғана әдісі болып табылады. Арт-терапияның бірнеше түрі бар. Соның ішінде бейнелеу терапиясы тоқталайық.
Бейнелеу терапиясы
Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты – баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады.
Сурет салу – ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең келеді.
Саусақ живописі – ешқандай құралдың көмегінсіз тек саусақпен бейнелеу. Ол үшін баланың әрбір саусағын әр түске матыру арқылы парақ бетіне әртүрлі сызықтар, нүктелер, саусақ ұшы таңбасының, алақанның көмегімен бейнелеу. Бұл әдіс артпедагогика мен арттерапияда белсенді қолданылады. Себебі баланың қателік жасаудың алдында, сәтсіздікке ұшырау алдындағы қорқынышты жеңу үшін қолданылады.
Бейнелеу терапиясының түрлері:
1. Поролон бөліктерімен сурет салу.
2. Сабынмен сурет салу.
3. Щеткамен сурет салу.
4. Майшаммен сурет салу.
5. Алақанмен сурет салу
6. Кляксография тәсілі.
7. Граттаж әдісімен сурет салу
8. Бастыру тәсілі.
Бүгінгі оқыту жүйесінде арт-терапиясын пайдалану тәжірбиеге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе мектепке дейінгі мекемелерде жаңару процесін қызу қолдап, белсенділіктер танытуда. Сурет салу арқылы бала қоршаған ортадан алған әсерін жеткізеді. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі бала үшін бейнелеу өнерінің маңызы зор. Сурет салу іс әрекетінде эмоциялық көңіл күй пайда болады. Балалар сурет салған кезде жақсы болып шықса қуанады. Қылқаламмен, қарындаш пен сурет салу біліктілікті талап етеді, қиындықтар тудырады. Сондықтан баланың сурет салуға деген қызығушылығы болмауы мүмкін. Сурет салу әдістерін меңгерту мақсатында дәстүрлі емес әдістерді пайдалану балаларға қызығушылықтарын, еркіндіктерін, өздеріне деген сенімділіктерін тудырады. Сондықтан, бала ерікті түрде қызығушылық танытып сурет салу үшін дәстүрлі емес әдісті пайдаланған жөн деп саналады. Себебі дәстүрлі емес әдістің құралдары қызықты, әрі сурет салу жолы оңай. Сонымен қатар оқу іс-әрекеті кезінде уақыт тиімділігімен ерекшеленеді. Дәстүрлі емес тәсілді пайдалану кезінде анықтау, зерттеу қабілеті қалыптасады. Бұл әдіс балалардың бейнелеу өнеріне деген мотивациялық қозғаушы күші болып табылады. Сонымен қатар балалардың суретті соңына дейін «сала аламын ба?» деген қорқыныштары кетеді. Дәстүрлі емес әдіс кезінде көру және саусақ моторикасы жақсы дамиды.
Мектепке дейінгі мекемеде балалармен ұйымдастырылған іс -әрекеттердің ішінде сурет салу әдістемесі кең өріс алған. Сурет салу ол баланың жүйке жүйесін тынықтырып, арман қиялын жетілдіріп, өз ойын сурет арқылы көрсетіп бере алатын қызықты да күрделі үрдіс болып табылады. Сурет салуды балаларға әртүрлі әдістер арқылы қызықты етіп ұйымдастыруға болады. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін сурет салудың дәстүрден тыс тәсілдерін қолдануға болады.
Балаларды үйрету барысында оларға ұсынылған түрлі заттар қызығушылықтарын арттырады.
Бұл әдіс қиялды, елестетуді, ойлауды, зейінді және түспен пішінді сезінуді жетілдіруге көмектеседі.
Балалармен осындай жұмыстардың нәтижесі балалардың саусақ қимылын дамытуға және кеңістікті бағдарлай алуға, ой өрісінің дамуына ықпал етеді.
Дәстүрден тыс сурет салу түрлерін әр педагог өз тәжірбиелерінде қолдануға болады.
Біздің №28 «Балдәурен» бөбекжайы 2015 жылдың қаңтар айынан бастап, апробация бойынша жоғры екі топта эксперименттік жұмыс жүргізілуде. Сурет арқылы бала жан-жақты дамиды, айналадағы әдемілікті көзбен көре өтырып, оны ақ қағаз бетіне қылқалам мен қарындашпен ғана емес, шайшам, гранттаж, кляксография, поролон әдістері арқылы сурет салады. Алдағы оқу жылдарында осы әдістермен оқу іс-әрекеттері жүйелі жүргізілу көзделген.
Негізігі мақсатымызды алға тұта отырып, мектеп жасына дейінгі баланы өзін және қоршаған ортаны танып білу негізінде, рухани жандүниесін дамыту, біздің алға қойған міндеттерімізді айқындайды. Инклюзивті білім берудің бір бағыты ретінде Арт-терапиясын қарастыруға болады. Бұл барлық балалардың даму ерекшеліктері мен экономикалық мәртебесіне қарамастан оқу үрдісіне және әлеуметтік бейімденуге тарту үдерісі, ол денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалардың мамандандырылған мекемеде емес, керісінше әдеттегі білім беру ұйымында оқуын қарастырады. Сондай-ақ олар арнайы мекемелерде де білім ала алады. Инклюзивті білім беруден өтетін сау балалардың түсіністігі, жанашырлығы және сезімталдығын қалыптастыруда Арт-терапиясының берер ықпалы өте жоғары. Өскелең қазақ елінің тәуелсіздік мәртебесіне ие болуы, болашаққа еркіндей қанат жаюы, білім беру саласындағы жан-жақты тәрбиелеумен жүйелі білім берудің жаңаруы, мектепке дейінгі бала тәрбиесіне мән беруді талап етіп отыр. Себебі, мектеп жасына дейінгі балаларды өз заманнының лайықты азаматы етіп тәрбиелеу, дұрыс бағдар беру, тәрбиеші педагогтардың абыройлы міндеті.