«Осенний фестиваль знаний 2024»

«Алыс – жақын. Шаршы».ұйымдастырылған оқу -қызметінің технологиялық картасы.

суреттегі және өзіне тікелей байланысты орналасқан кеңістіктегі заттар туралы ұғым қалыптастыру, атап көрсету және ажырату (алыс-жақын).

Міндеттері: заттардың кеңістікте орналасуын ажырату және атау арқылы көру қабілетін дамыту (алыс-жақын); геометриялық фигаралардың дайын формаларын (жапсырмаларды) жапсыруға жаттықтыру, оны кезектілікті анықтауға арналған жаттығулармен толықтырып отыру. Бірігіп, ұжым болып жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Олимпиады: Дошкольникам "Клуб юных почемучек"

Содержимое разработки

ІІ кіші «В» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

25.10.2017

Білім беру саласы: Таным, ҚМТҚ

Тақырыбы: «Алыс – жақын. Шаршы».

Мақсаты: суреттегі және өзіне тікелей байланысты орналасқан кеңістіктегі заттар туралы ұғым қалыптастыру, атап көрсету және ажырату (алыс-жақын).

Міндеттері: заттардың кеңістікте орналасуын ажырату және атау арқылы көру қабілетін дамыту (алыс-жақын); геометриялық фигаралардың дайын формаларын (жапсырмаларды) жапсыруға жаттықтыру, оны кезектілікті анықтауға арналған жаттығулармен толықтырып отыру. Бірігіп, ұжым болып жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: ойыншық қоян- 1 дана, карточкалар, жай қарындаштар.

Сөздік жұмыс: алыс, жақын, шаршы.

Билингвальді компоненет: алыс-далеко, жақын- близко, шаршы - квадрат.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Ғажайып сәт

Балаларға қорапты көрсетеді. Қораптың аузы жабық екен, бірақ онда бір нәрсе жатқаннын айтады. Қораптың ішінде жатқан затты білу үшін, қораптың сыртында жазылған тақпақты оқу керек екен.

Тәрбиеші Жақан Смақовтың «Қорқақ» атты тақпақты оқиды.

Қоян-қорқақ,

Көрпенде бұқпа.

Балалрмен ойна,

Далаға шық та.

Қорқақ, қорқақ,

Ұйқынан оян,

Оян, қорқақа, қоян!

- Бұл тақпақ не туралы екен?

Тақпақты оқығаннан кейін, қораптан қоянды алып, оның қалғысы келетінін, бізбен бірге тапсырманы орындағысы келетінін айтады.

«Алыс-жақын» ойыны.

Карточкамен жұмыс

Тәрбиеші балалар мен қоянға суреттегі бие мен құлындарға қарауын ұсынады.

Балаларға сұрақ қояды:

  • Суреттен нені көріп тұрсындар?

  • Құлындардың түсі қандай?

  • Ақ түсті құлындар биеге жақын тұр ма, әлде алыс тұр ма?

  • Қара құлын биеден алыс тұр ма, әлде жақын тұр ма?

Тәрбиеші енесінен алыста жүрген құлынды қоршап сызуларын сұрады.



Қызығушылық танытады.







Тақпақты мұқият тыңдайды.







- қоян туралы.







Сұрақтарға жауап береді:

-Биені, құлындарды.

-Біреу қара, басқалары ақ түсті.

-Жақын тұр.


- Қара құлын алыста тұр.

Балалар тапсырманы орындайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

«Кім зейіінді?» ойыны.

- Балалар, қоянның сендермен «Кім зейінді?» деген ойын ойнағысы келеді. Қоян сендерден бірдей суреттерді (қамзолдары, торсықтарды) бір-біріне сызық арқылы қосып, аттарын атауларын сұрайды.

- Балалар, сендер қандай суреттерді бір-бірімен қостыңдар?

- Сандықтарды неге қоспадындар?

- Балалар, қоянымыз сендерді мақтап жатыр, балалрдың бәрі де зейінді, зерек екен дейді. Рақмет, сендерге!

Сергету сәті. «Қоян».

Ыршып-фршфп секіріп,

Қоян келді кеңкиіп.

Аяқтары жауырған,

Қолдары да жауырған,

Жылытпақ боп тырысты

Жүгірді де қуысты.

Бір жоғары, бір төмен.

Жүр аяқтың ұшымен.

Секіреміз, отырмыз,

Аяқтарды жылытамыз.

«Терезесін жапсыр» ойыны.

Жапсырмалармен жұмыс.

Тәрбиеші:

- Пойызбен мініп көргендердің бар ма?


Балалардың жауаптарына құлақ асады.

Содан соң суретті көрсетіп, пойызда біздің қоянымыз кетіп жатқанын айтады.

Тәрбиеші сұрақтар қояды:

  • Пойызда келе жатқан қандай аң?

  • Пойыздың неше вагоны бар екен?

  • Пойыздың дөңгелегі қандай геометриялық фигураға ұқсайды?

  • Вагондардың терезесі қандай геометриялық фигураға ұқсайды?

Сөздік жұмыс: алыс, жақын, шаршы.

Билингвальді компоненет: алыс-далеко, жақын- близко, шаршы - квадрат.


Қоян балалардан жапсырмалардың көмегімен пойыздың терезелерінің шамдарын жағуды сұрайды. Ол үшін жапсырмаларды вагондардың терезелеріне жапсыруды тапсырады.

Жеке жұмыс жүргізеді.


Балалар суретті қарастырады.

Бірдей суреттерді бір-бірімен сызық арқылы қосады.


  • Қамзолдарды және

торсықтарды.

- Өйткені, сандықтың біреуінің қақпағы ашық, екіншісініңі жабық тұр.





Балалар тақпақтың мәтіні бойынша қимыл-қозғалыстар жасайды.









Балалар сұрақтарға әртүрлі жауап береді.





- Қоян.

- Көп.

- Шеңберге.


- Шаршыға.


Қайталайды: алыс, жақын, шаршы.

Қайталайды: алыс-далеко, жақын- близко, шаршы - квадрат.

Терезелреге жапсырмаларды жапсырады.

Рефлексиялық - түзетушілік

Қоян балалрға тапсырманы дұрыс орындағандарына үшін рақмет айтып, қоштасады.

Тәрбиеші балалрдың өзіне жақындауын, сосын алысырақ барып тұруын сұрайды. Содан соң, өздерінен алыс және жақын тұрған заттарды атап берулерін өтінеді.

Қоянмен қоштасады.


Балалар тәрбиешінің айтқанын орындайды. өздерінен алыс және жақын тұрған заттардың атын атап көрсетеді.


Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: суреттегі, айналадағы заттарың орналасқан орнын (алыс-жақын) бір-бірінен ажырату және атап көрсетуді;

Түсінеді: кеңістікте заттардын орналастыруын: алыс-жақын;

Қолданады: жапсырмалармен жұмыс істеу дағдысын; заттарды орналыстыру.




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Осенний фестиваль знаний 2024»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее