«Зимний фестиваль знаний 2025»

"Ақтоғайтану" бағдарламасы

Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасын негізінде туған өлкеміз Ақтоғай өңірінің ақын-жазушыларын таныту мақсатында « Ақтоғайтану» курсы құрастырылды.

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

«Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін

Нығманов атындағы орта мектебі » КММ




«Ақтоғайтану »

арнаулы курсының

бағдарламасы

Жалпы орта білім беретін мектептің

5 – сыныбына арналған













Құрастырған : Нығманов атындағы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Айгүл Төлешқызы Адуова









































Ақтоғайтану . Жалпы орта білім беретін мектептің 5 сыныбын арналған.

Түсінік хат


Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасын негізінде туған өлкеміз Ақтоғай өңірінің ақын-жазушыларын таныту мақсатында « Ақтоғайтану» курсы құрастырылды.

Оқушыларды Ақтоғай өңірінде дамыған әдебиет үлгілерімен, оны жасаған тұлғалардың өмір жолымен таныстыру. Шығармалардың мазмұн, маңызын, ой-түйінін аңғара білуге баулу. Сондай-ақ, таным көкжиегін кеңейту, қызығушылықтарын арттыру.

Міндеті:

  1. Әдебиеттің даму кезеңдеріне сай әдебиет үлгілерімен, қаламгерлермен таныстыру;

  2. Шығармаларының тақырыптық, көркемдік, ой тереңдігі жағынан өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету;

  3. Жекелеген тақырыптарды тарих сабағымен бірлікте қарастыру;

  4. Үнемі қосымша материалдармен әр тақырыпты толықтыра отырып, оқушыларды өздігімен іздену жұмыстарына баулу.

Бағдарлама 5-сыныпқа арналған. Сабақ беру үрдісінде оқушылардың шығармашылық жұмыстармен айналысуын қамтамасыз ету көзделген. Оқушылардың алған нұсқау, сілтеулер негізінде ізденушілік, ғылыми зерттеушілік қырларының ашылуы мақсат етілген.

Шығармаларды оқып талдау – 32 сағат.

Шығармашылық жұмыстар – 2 сағат.





















Қазақ әдебиеті пәні негізінде жасалған «Ақтоғайтану » курсының бағдарламасы.

I. Бағдарламаны оқытудың мақсаты.


«Ақтоғайтану » курсын оқытудың мақсаты – оқушыларға халықтық үлгідегі жерлес сөзуар, ақын-жазушыларымыздың адамгершілік ойлар тұнған дидактикалық сарындағы туындыларын оқыта отырып этнопедагогикалық тәрбие беру; тұлғаның ойлау, сөз саптау мәдениетін жетілдіру, жүйелеу. Жалпы алғанда, индивид жеке тұлғаны қалыптастыру.

II. Бағдарламаны оқытудың міндеттері.

Аталмыш мақсаттарға жету үшін курстың алдына мынадай міндеттер жүктеледі:

-Төл әдебиетіміздің ұлттық құндылығын, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін, туындының мазмұны мен мәнін түсіндіре отырып, арқалаған идеялық жүгін ашып көрсету;

-Туындыларды меңгеріп, ізденушілік машықтарының қалыптасуы үшін қажеттілік тудыру;

-Шығармаларды әдеби-теориялық тұрғыда қабылдап, талдай білулерін қамтамасыз ету;

-Ой жүйелілігіне, пікір дәйектілігіне, өзіндік сөйлеу мәнерін қалыптастыру және дамыта алуға баулу.

III. Бағдарлама зерттеу обьектілері

Фольклор, оның ішінде айтыс өнері, шешендік сөздер мен аңыз-әңгімелер, сал-серілер поэзиясы және жазба әдебиеттің позия саласында

қолтаңбасы қалған туындыгерлер шығармалары осы арнаулы курстың зерттеу обьектілері болып табылады.

Курстың оқу жүктемесінің көлемі.

5 -сыныпта аптасына 1сағат, жылына 34 сағат.

Бағдарлама бойынша оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

Біліктілігі:

  • Меңгерген шығарманың жанрлық сипатын, фольклор табиғатын, жазба әдебиетінің ерекшелігін, әдебиеттің тектері мен олардың сипаттамасын білуі;

  • Туындының мән-маңызын санада саралап, оқырмандық көзқарас білдіре алуы;

  • Туындыдағы көркем суреттеу, сипаттаулардың, баяндаулардың, ағым, әдіс, троп пен фигура түрлерін ажырата білуі;

Білімі:

  • Әдебиеттің тектік-жанрлық ерекшеліктері жайлы білімін жинақтау негізінде жасалған түйіндеулер;

  • Тарихи-әдеби сипаттағы деректерден: би-шешендердің, түрлі өнер иелерінің өмірбаяны жайлы мәліметтер; белгілі бір дәуірдегі, қоғамдағы әдебиет дамуы жайлы, әдебиеттің қоғамдық маңызы жайлы түсінік;

  • Образдардың типтік және даралық қасиеттерін аша отырып, бас кейіпкерге сипаттама беру, оқиға мен кейіпкер арасындағы байланысты түсіндіру.









































«Ақтоғайтану »

(аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат)


Р/с

Бағдарлама мазмұны

Сағат саны

Мер

зімі

1

Кіріспе.

1


2

Ақтоғай аймағындағы әдебиет пен мәдениеттің даму жолдары.

1


3

Ақтоғай аймағындағы топонимикалық атаулар – тарих көзі.

1


4

Қимадиден Нығманұлы замана үні.

1


5

6

7

Қ.Нығманұлы лирик, эпик, импровизатор ақын. Шығармаларына талдау жасау.

3


8

Елі ардақтаған Алпыс балуан өмірі мен қоғамдағы орны

1


9

10

Қ.Нығманұлы «Естай» поэмасы


2


11

Қ.Нығманұлы « Сел » талдау


1


12

Естай Беркімбаев өмір жолы мен шығармашылығы

1


13

Естай – әнші, сазгер, суырып салма ақын.

1


14

«Құсни-Қорлан» әнінің тарихы

1


15

«Құсни-Қорлан» әні

1


16

Қабдыкәрім Ыдырысов өмірі мен шығармашылығы

1


17

18

Ыдырысов Қ. «Туған жер-төрім мәңгілік...». « Әке жолы» поэма

2


19

20

Қ.Ыдырысов туындыларына әдеби көркем талдау жасау

2


21

Шығармашылық сабақ

1


22

23

Жерлесіміз Ж.Сманов « Қойын дәптер» кітабындағы шығармаларын талдау

2


24

Жерлесіміз Бейбіт Бөженнің өлеңдерін талдау

1


25

Ақтоғай аймағындағы айтыс өнерінің даму жолдары, бастау көздері.

1


26

27

Қабек Сағитұлы мен Қимадиден Нығманұлының айтысы.

2


28

Қимадиден Нығманұлы мен Сара Тоқтарбаеваның айтысы.

1


29

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі айтыстың дамуы. Бейсенбі Мұқажанов пен Асығат Тұрғанбектің айтысы.

1


30

31

Бейбіт Бөжен мен Асығат Тұрғанбектің сөз қағысы.

2


32

33


Ақтоғай, Ертіс аймағындағы публицистика мәселелері.

2


34

Қорытынды сабақ

1








































Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Жұмасейіт Бижан, Самет Мағзұмов Ардақты елім – Ақтоғай, Павлодар қаласы, «Дом печати» ЖШС, 2003 ж.

  2. Ғ.Қ.Жантеміров Қимаш ақын – қимас ақын, Павлодар, «Кереку» баспасы, 2007 ж.

  3. Қимадиден Нығманұлы Дала шұғыласы, «Жазушы», 1975 ж.

  4. Қимадиден Нығманұлы Соқпақ жол, «Жазушы», 1980 ж.

  5. Қабдыкәрім Ыдырысов Таңдамалы, Алматы, «Жазушы баспасы»,

1978 ж.

  1. Мұхамеджан Дәуренбек Өнердің алтын тәжі, Павлодар, 2006 ж.

















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее