«Зимний фестиваль знаний 2025»

"Айлакер мысық" ертегі

​​​​​​

Айлакер мысық (ертегі)

Мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсіне білу, рөлдерге

бөліп ойнату арқылы байланыстыра сөйлеуге жаттықтыру,

тілдік, дыбыстық мәдениетін жетілдіру, диалог сөздерді

орындауға үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: Сахналық жүру, тұру, сөйлеу, өзін-өзі білу, сыйлау

мәдениетіне үйренеді.

Дамытушылық: Балалардың өз бетінше ойлап, ізденуін дамыту,

ой-қиялын, шығармашылық қабілетін шыңдау, әр

кейіпкердің өзіндік ерекшелігін зерттеуге үйрету.

Тәрбиелік: Балаларды достыққа, адал болуға, мейірімділікке,

қайырымдылыққа, жанашырлыққа баулып, қамқорлық

қасиеттерін қалыптастыру, жақсыдан үйреніп, жаманнан

жиренуге тәрбиелеу.

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Айлакер мысық

Мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсіне білу, рөлдерге

бөліп ойнату арқылы байланыстыра сөйлеуге жаттықтыру,

тілдік, дыбыстық мәдениетін жетілдіру, диалог сөздерді

орындауға үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: Сахналық жүру, тұру, сөйлеу, өзін-өзі білу, сыйлау

мәдениетіне үйренеді.

Дамытушылық: Балалардың өз бетінше ойлап, ізденуін дамыту,

ой-қиялын, шығармашылық қабілетін шыңдау, әр

кейіпкердің өзіндік ерекшелігін зерттеуге үйрету.

Тәрбиелік: Балаларды достыққа, адал болуға, мейірімділікке,

қайырымдылыққа, жанашырлыққа баулып, қамқорлық

қасиеттерін қалыптастыру, жақсыдан үйреніп, жаманнан

жиренуге тәрбиелеу.


Бірінші картина

Қоян: (шығады да, назарын қапқа аударады) Ой, біреу мияулайды, иә-иә, қап ішінде, әрине, мысық жатыр және ол өзін босатуды сұрайды. Оны қап ішіне кім отырғызып қойды екен. (Шақырады). Қоян-Айым, сен қайдасын? Кел бері. (Қоян-Айым кіреді). Қара, мына қаптың ішінде мысық отыр. Оның босануына жәрдемдесейік.

Қоян-Айым: Қорқам мен, ол кенет қорқынышты және тырнауық боп шығар.

Қоян: Қорықпа. Біз арқаннан ақырындап тартамыз да, қашып, кетеміз.

Қоян-Айым: Бәрібір.

Қоян: Ех, сені-ай аңдар мен жануарларға қиындыққа түсіп қалғандарында көмектесу керек екенін шынымен түсінбейсің бе?

Қоян мен Қоян-Айым қаптың буған жіпті тартып қалады да, шетке секіріп кетеді.

Мысық: (қап ішінен шығады). Мені босатқан сендер ме?

Қоян-Айым: Б-б-б-і-і-з.

Мысық: Рахмет.

Қоян: Сені онда отырғызып қойған кім?

Мысық: Мұжық. Мезі еттің дейді, қаймағымды ұрладың, сүтімді іштің дейді. Сөйлейді кеп, сөйлейді, сөйтті де қапқа салды, аузын буды да, жолға тастады. Осының бәрі – менің адал қызметімнің, менің тышқан аулағанымның, терезе алдында жатып, бөтен мысықтарды жолатпағанымның өтеуі. Ал сендер осында тұрасындар ма?

Қоян: Орманда.

Мысық: Ал қалай енді мұнда, сіздерде?

Қоян-Айым: Аса жақсы емес. Қасқырлар мен аюлар... тыныш өтіп кетуге мүмкіндік бермейді. Жатқан бір үрей.

Мысық: Сонда сендерге кім көмектеседі?

Қоян: Жел аяғымыз.

Қоян-Айым: Тағы құлақтарымыз – олар жақсы естиді.

Қоян: Не керек, жаппай абыржыңқы жағдайда өмір сүріп жатырмыз. Әсіресе бізге Түлкі кедергі келтіреді. Міне кімнен сақтану керек!

Қоян-Айым: Ой, түлкі қадамдарын естіп тұрмын, тығылу керек.

Қоян мен Қоян-Айым тығылады. Түлкі пайда болады.

Түлкі: (Мысыққа көз салып). Біздің орманымызда қандай қорқынышты аң пайда болған? Сәлеметсің бе!

Мысық: Сәлеметсің бе. Мен сендерге Сібір ормандарынан дуанбасы болуға жіберілгенмін.

Түлкі: Ал керек болса! Демек, бізге бастықпын де? Ал сені қалай атайды?

Мысық: Котофей Иванович.

Түлкі: Ал бізге ұзаққа келдіңіз бе, Котофей Иванович?

Мысық: Алдымен тәртіп орнатам, сосын әрі қарай кетем.

Түлкі: Ал бізде тәртіпке жатпайтын тірлік көп. Қояндар мен тышқандар бетімен кетіп барады. Мен сізді, Котофей Иванович, өз үйіме меймандыққа шақырамын. Тауық етін беремін.

Мысық: Несі бар, бір сағатқа кіріп шығуға болады.

Мысық пен Түлкі кетеді. Қоян мен Қоян-Айым пайда болады.

Қоян: Мысық Түлкіні алдады.

Қоян-Айым: Егер Түлкі шындықты біліп алса, Мысыққа жақсы болмайды.

Қоян: Құтылып кетеді. Мысық ақылды. Жүр, інге барайық, не айтып жатқандарын тыңдап байқайық.

Қоян мен Қоян-Айым кетеді.

Түлкі: Ас болсын, тамақ алыңыз. Жұмысыңыз көп пе?

Мысық: Көп.

Түлкі: Бірақ демалып алу да керек қой. Менде біраз күн қонақ болыңыз. Қояндар мен тышқандар сіз туралы – дуанбасы туралы білген кезде, бірден жуаситын болады. Тағы Аю мен Қасқырға да сіздің күшіңізді көрсету керек. Ал сіздің, Котофей Иванович, отбасыңыз бар ма?

Мысық: Маған, жұмысбасты адамға, отбасын құруға уақыт болған жоқ.

Түлкі: Е, мен де жалғызбын. Сіз мені алуға қалай қарайсыз?

Мысық: Отбасын қамқорлыққа алу керек, ал маған, лауазымыма байланысты, олай етуге болмайды.

Түлкі: Отбасына мен өзім қамқор болам. Маған тек дуанбасының зайыбы дәрежесі берілсе болды.

Мысық: Сен маған, Түлкіжан, ұнайсың, мен, ыңғайы, саған үйленермін.

Түлкі: Міне тамаша! Жан-жағынды көріп алыңыз да, маған көшіп келіңіз. Жүріңіз, мен сізге өзімнің інімді көрсетейін.

Мысық: Біз мұнда уақытша тұра тұрамыз, ал содан соң менің сарайыма көшіп аламыз.

Қоян-Айым: Мәс-саған! Түлкі-Айым өзіне Мысықты үйлендірмекші. Мұндай сұмдықты қайдан көрдің?

Қоян: Бұдан не шығатынын байқап көрейік.

Қоян мен Қоян-Айым екеуі Түлкінің үйіне келеді, есік қағады.

Мысық: (басын шығарып қарайды). Бұл сендер ме?

Қоян: Түлкі жоқ па?

Мысық: Аулап қайтуға шықты.

Қоян: Біз естіп едік...

Қоян-Айым: (сөзін үзіп жіберді). Біз естіп едік, осында Қасқыр келеді екен дегенді. Ол бұл жайында аюмен сөйлескен болатын. Сен есігінді мықтап жауып ал да, Түлкі оралғанға дейін оны кіргізбе.

Қоян: Және Түлкінікінде ұзақ тұрып қалма. Кішкене тынығып ал да, кетіп қал.

Мысық: Мен өзім де солай етпек ойдамын.

Қоян мен Қоян-Айым кетеді. Қасқыр көрінеді. Есікті қағады.

Қасқыр: Мына үйректі маған бер. Менің тамақ ішкім келіп тұр.

Түлкі: Бермеймін. Сенің мені қорқытып тұрғанынды дуанбасы біліп қойса, онда сенің жағдайын жақсы болмайды.

Қасқыр: Қандай дуанбасы?

Түлкі: Котофей Иванович бізге Сібір ормандарынан дуанбасшылыққа жіберілген. Ол ашулы, сен оның қаһарынан құтылаалмассың.

Қасқыр: (үрейленіп) Мен қалжындап жатырмын әншейін. Ал маған оны көруге бола ма?

Түлкі: Бір қой әкеліп, іннің жанына таста. Сол кезде, бәлкім көріп те қаларсың.

Қасқыр: Жақсы, мен қой әкелуге кеттім. (Кетеді).

Аю көрінеді.

Аю: Сәлеметсің бе, Түлкі-бикеш! Қолындағы не? О, үйрек қой?! Мүмкін, қонақ етерсің, бірге жерміз?

Түлкі: О не дегенің, Михаил Иванович, бұл менің Котофей Ивановичқа әкеле жатқан түстігі ғой.

Аю: Котофей Иванович деген немене тағы?

Түлкі: Менің күйеуім. Мен енді жай ғана Түлкі емеспін, мен – дуанбасының зайбымын. Әлде оның бізге Сібір ормандарынан дуанбасшылыққа жіберілгенін естімеп пе едің?

Аю: Жоқ.

Түлкі: Ендеше білім жүр – ол ашулы. Егер сенің үйректі жеуге талап қылғанынды біліп қалса, онда саған жақсы болмайды.

Аю: Оған бір көз салуға құмартып тұрғаным.

Түлкі: Оған өгіз әкел, іннің жанына қой, ал өзің тығылып қал. Сонда көресің.

Аю: Мақұл, әкелем. Дуанбасыны сондай көргім келіп тұр.

Түлкі: Ақымақтар, екеуі де – ақымақ. Міне қалай өмір сүру керек! Барып тамақ істейін (інге кіріп кетеді).

Қоян мен Қоян-Айым келеді.

Қоян-Айым: Қалай өмір сүру керек екенін біз де көрейік. Қара Қасқыр келе жатыр, қой арқалап келеді. Тығылып қалайық.

Қоян мен Қоян-Айым тығылады. Қой көтерген Қасқыр көрінеді. Ол қойды іннің кіреберісіне қояды. Сосын өгіз көтерген Аю пайда болады. Ол өгізді қойдың жанына жатқызады.

Аю: Әрең жеткіздім. (Қасқырға) Сен де осындамысың?

Қасқыр: Мен де осындамын. Түлкі қой әкел деп бұйырып еді.

Аю: Маған да бұйырды. Тығылып қалуым керек деді.

Қасқыр: Маған да тығыл деп әмір етті.

Аю мен Қасқыр тығылады. Түлкі мен Мысық шығады. Мысық өгіз ұшасын тартпа бас салды.

Түлкі: Мұны саған, менің күйеуім, сенің бодандарын алып келді.

Аю: (тасадан). Өзі сондай кіп-кішкентай, ал қандай тамақсау.

Мен мұндай аңды туғалы көрген емеспін.

Қасқыр: (Мысықты көргісі келіп қозғалып кетеді). Ой, сондай көргім келіп тұр.

Мысық: (Секемденіп). Тышқан-ау шамасы!

(Көзін қадайды да, Қасқыр жаққа атылады, оның көзіне жармаса кетеді) Мяу, мяу!

Қасқыр: Ой! )Қашып кетеді).

Мысық: (Қасқыр мен Аюды көріп, қорыққаннан). Ой... Маған да мыналардан аулақ болу керек. (Қарама-қарсы жаққа қашып кетеді)

Түлкі: Сен қайда барасың, Котофей Иванович, дуанбас ау, қайда кетіп барасың?

Қоян мен Қоян-Айым шығады.

Қоян: Ол ешқандай да дуанбасы емес, кәдімгі үй мысығы. Ол сені алдап соқты, Түлкі! ХА-ХА!!! Қашайық, Қоян-Айым біздің досымыздың соңынан қалмайық.

Қоян мен Қоян-Айым қашып кетеді. Түлкі жалғыз қалып еңіреп жылайды.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее