«Зимний фестиваль знаний 2025»

«Адам жақсы ісімен көрікті»

Адамның жақсы іс-әрекеттерін айтып түсіндіру

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Күні:

Мектеп №13 11- сабақ.

Сабақтың тақырыбы: «Адам жақсы ісімен көрікті»

Сабақтың құндылығы : « Сүйіспеншілік»

Сабақтың қасиеттері: ізгілік, адалдық, сыйластық

Мұғалімі: Райымбаева Б.С.

Сыныбы: 2 сыныптар.

Сабақтың мақсаты: отбасындағы ізгі қарым-қатынас туралы түсінік бере отырып , сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері: -- отбасындағы ізгі қарым- қатынас жасауды сүйіспеншілік құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;

  • адалдық , сыйластық қасиеттерін дамыту;

  • ізгілікке тәрбиелеу;





Ресурстар:

Оқулық, дәптер, сюжетті суреттер.

  1. Сабақтың барысы.а) Ұйымдастыру кезеңі

«5 т» ережесін басшылыққа алу.

Талап, тыныштық, тазалық, тәртіп, татулық.

Тыныштық сәті «Орманға ойша саяхат».

). Тыныштық сәті: «Орманға ойша саяхат». Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да,арқаңызды тік ұстап отырыңыз.Көзіңізді жұмып,терең тыныс алыңыз.Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып,сабырлы болуға тырысыңыз.Қазір біз орманға серуенге шығамыз.Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп есігін ашқанын елестетіңіз.Таза ауаны жұтып,шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл- пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз.Орманға қарай жүре бастаңыз.Келе жатқанда абай болыңыз,жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз.Табиғаттың әсемдігімен балғындығын сезініңіз.Гүлдердің біріне жақында, еңкейіп оның нәзіктігімен жұғғқалығына зейін салыңыз.Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз.Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз.Гүлдер және ағаштардың иісі, құстардың дауысы,жәндіктердің ызыңы.Орманға ендей түсіңіз,қараңызшы ағаштар биіктей және қалыңдай түсті. Жарық және көлеңкенің ойынын қызықтаңыз.Жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз.Біз орманда өзімізді бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз.Алаңқайға шығып осында бірнеше минут демалыңыз.Түбіне барын отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз.Оның қуаттылығын сезініңіз ,ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз.Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз.Көзіңізді жұмыңыз терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз . Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді,қадірлейтінімізді ,бірде-бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез-келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз.Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып айналаға тағы бір көз қырын салыңыз.Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз.таза ауаны терең жұтыңыз.Есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз.Осы жым-жырттық тыныштық, қанағат сезімін сақтаңыз.Көзіңізді ашып күлімсіреңіз.


Қандай көңіл- күйде болдыңдар?

2.Үй тапсырмасын тексеру. «Ананың сүйіспеншілігі» өсиет әңгімені оқуға берілген. Сабақта мәтінмен жұмыста мейірімнің , айнала қоршаған ортадағы жақсы, ізгі қарым-қатынастың күші туралы , ата-ананың сүйіспеншілігінің риясыз екеніндігіне назар аудару.

* Осы өсиет әңгімеден қандай сүйіспеншілікті байқадыңдар?

*Ананың сүйіспеншілігін неліктен жапған шырақпен салыстырған?

*Өз ата-анаңның сүйіспеншілігін неге теңер едің?

*Өз отбастарыңда жақындарыңның мейірі мен сүйіспеншілігін неден. қалай сезінесіңдер?

Сұрақ – жауап әдісі арқылы.

3.Дәйексөз . «Үлкен алдында жас парызы, ата алдында бала парызы – әдеп пен сый» .

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Балалар өз ойларын ортаға салып айтады.

Мұхтар Әуезов.

  1. Мұғалімнің сыйы. Әңгімелесу.

«Мейірімнің күші» әңгімені оқып беру.

*Адамдардың бақытсыздықтан құтылуының сыры неде?

*Жақсылық қалай жалғасын табады?

*Өзгелердің жақсылығы мен мейірімін қалай сезінесіңдер?


  1. Шығармашылық жұмыс.

  1. тапсырма. Отбасындағы өз міндеттеріңді жазыңдар.Оны қалай орындап жүргендеріңді әңгімелеп беріңдер.

  2. Тапсырма. Отбасы бақытты болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар..? Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін өзің үшін ең маңыздыларынан бастап орналастыр.

Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: көтеріңкі көңіл-күй, парызды орындау, сыйлықтар, дәмді тағам , жайлы жағдай, жақсы ниет, жақсы тілек, жақсы көру, сыйлау, құрметтеу, сабырлылық, тыңдау, ақылдасу.

Керекті сөздерді баспалдақтарға орпаластыру.


  1. Топпен ән айту. «Бала тілегі»

Әнін жазған: Фарида Жолдасова.

Өлеңін жазған: Сержан Молдасанұлы

Көңілді, шабытпен әнді орындау.

7.Үйге тапсырма: «Аурудан аяған күштірек» әңгімесін оқуға .

Ыбырай Алтынсарин.

  1. Соңғы тыныштық сәті8. Соңғы тыныштық сәті: Балалар, тыныштық сақтап, үнсіз қолымызды жүрегімізге қойып, жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдерме, сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса, сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар..






Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее