«Зимний фестиваль знаний 2025»

«1-ші қыркүйек - Білім күні»

открытый урок на первое сентября для детей дошкольного возраста

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

«1-ші қыркүйек - Білім күні»


Мақсаты: 1 қыркүйек – Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру;

Бүлдіршіндерге Білім күні мерекесінің мән-мағынасын ұғындыру;

Сахналық мәдениетін қалыптастыру; Мерекелік көңіл-күй сыйлау.


Музыка әуенімен балалар залға кіреді.


«Әнұран» орындалады


Тәрбиешінің құттықтау сөзі:

Құрметті балалар, ұжымдастар 1-ші қыркүйек -Білім күні құтты болсын! Балалар бізде бүгін ерекше күн бірінші қыркүйек күні барлық балабақшада мектепте сабақтар басталады алғашқы қоңырау соғылады.Тәрбиелеп отырған балалар биік шыңнан көріне берсін,аспанымыз ашық,жер бетінде тыныштық болсын!

Бүгінгі білім күні мерекесімен құттықтау сөзі «Үміт» бөбектер үйінің бас дәрігері: Манибаева Гулайм Жиекбаевнаға беріледі .

Қонырау соғу:

Қоңырау үні сыңғыралап

Естілді жылы жаныма

Күлкідей әсем сылдырлап

Бөбекті жиды маңыма.


Жеке ән «Біз мектепке барамыз»


Тақпақ:

Дамир: Әлемдегі барша жұрт

Бас иеді білімге

Білім күнін қарсалып

Қыркүйектің бірінде


Султан: Мектепке енды барамыз

Біз оқушы боламыз

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз.




Жақсылық: Мектеп қамқор анамыз

Оқып білім аламыз

Өнерпаз бөп өсетін

Біз оқушы боламыз.


Нурислам: Өсті міне бойымыз

Өсті міне ойымыз

Қуанышқа ортақпыз

Енді білім аламыз


Анар: Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.


Мейрім: Ана тілің біліп қой

Еркіндігің,теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың елдігің


Сергіту сәті.

Тәрбиеші:

Балалар, біз мектепке білім алуға барамыз, сол кезде мектеп заттары қажет. Сол заттарды есте сақтауларың керек. Мысалы, дәптер, түрлі-түсті қалам, ермексаз, сурет салатын дәптер, өшіргіш.

Осы заттарды қолданып ойын ойнайық.


Ойын: «Мектеп заттарын дұрыс жинау»

Мақсаты:

Шарты:

Тәрбиеші:

1. Біздің Республикамыз қалай аталады?

2. Отанымыздың астанасы қай қала?

3. Біз қай қалада тұрамыз?

4. Мақал – мәтелдер.


1) Оқу білім бұлағы

Білім өмір шырағы.


2) Күш білімде

Білім кітапта.


3) Қына тасқа бітеді

Білім басқа бітеді.


4) Оқусыз білім жоқ

Білімсіз күнің жоқ.


Хор: Алтын күз.


Қорытындылау:

Балалар,бүгінгі Білім күніне арналған ойын-сауыққа өте жақсы қатыстыңдар,жарайсыңдар!

Сендерге көп рахмет!!

Асфальтқа «Мереке күні» тақырыбына сурет салу.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее