«Зимний фестиваль знаний 2025»

"1-Қыркүйек білім күні"

балаларға білім күнімен құттықтап таныстыру. балаларға білім мерекесін түсіндіру

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки


Мақсаты: Бүлдіршіндерге Білім күні мерекесінің мән-мағынасын ұғындыру. Сахналық мәдениетті қалыптастыру. Мерекелік көңіл-күй сыйлау.


Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар, балалар, барша қонақтар? Қош келдіңіздер! Бүгін балабақшамызда үлкен мереке. Жазғы демалыстан кейін сіздермен кездестік. Балалар сендер үлкен болып өсіп қалыпсыздар,тынығып, демалып, міне бүгін өз балабақшаларыңызға келдіңіздер.


Білім-менің ертеңім,

Өсу үшін өркенім.

Жүзем оқу-айдында,

Жайып білім желкенін.

Қиындықтан өтуге ,

Армандарға жетуге.

Білім алам ерінбей,

Еліме қызмет етуге!


Бүгін міне 1-қыркүйек-білім күні. Жаңа оқу жылы басталғалы тұр...

(әндетіп ортаға қолына шырша ұстап Буратино шығады, шыршаны әр жерге қойып қарап,қызықтайды)


Буратино: Жаңа жыл! жаңа жыл! Алақай! (айқайлайды)

Жүргізуші: Буратино сен не істеп жүрсің?

Буратино: Қазір шыршаны құрып, безендіремін, жаңа жыл деп айқайлаған сіздер емес пе?!

Жүргізуші: Буратино сен дұрыс естімгенсің ғой. Бүгін Жаңа Жыл емес Жаңа Оқу Жылы. Жаз бітіп, міне күз келді. Ал күзде балабақшада оқу басталады.

Буратино: Түсінікті...

Жүргізуші: Буратино сен бір нәрсені ұмытқан секілдісің.

Буратино: Нені ұмытуым мүмкін? Мен ештемені ұмытқан жоқпын, бас киімім бар, шалбарым да бар.

Жүргізуші: Сен амандасуды ұмыттың.

Буратино: А, амандасуды ма? Қазір мен амандасып шығайын. (балалардың қолдарын қысып жеке-жеке амандасып журеді)

Жүргізуші: Олай емес, басқаша.

Буратино: А, Былай ма? (Балалар.....

Жүргізуші: Тағы да дұрыс емес. «Сәлеметсіздер ме?» -деп баршасымен бірге амандасуың керек.

Буратино: Сәлеметсіздер ме? Жазда өте керемет болды. Балықтар теңізде былай жүзді.(қимылмен көрсетеді),теңіз толқындары былай қозғалды (қимылмен көрсетеді)

Жүргізуші: Қандай керемет!- Қараңдаршы әдемі би шықты. Қане би билейік.


Би: «Теңіз биі»


(Мальвинаның дауысы шығады)


Мальвина: Буратино! Сен қайдасың? Сабақ оқитың уақытың болды!

Буратино: Қап, тағы да Мальвина ма?қазір менің тағы да зығырымды шығарады (кіржіңдейді). Барлықтарың тіке отырыңдар, қаламдарыңды қолдарыңа алыңдар. (қорқақтайды) Мені жасырыңдаршы, өтінемін. (жүргізушінің артына жасырынады)


(әндетіп Мальвина келеді)

Мальвина:

Көңілдімін мен бүгін!

Келіп жетті Білім күн!

Буратино қайда? деп,

Жортып іздеп келемін.

-Буратино қайдасың? Сабақ оқитың кез келді. Ах, мында екенсің ғой.


Жүргізуші: Сәлеметсің бе Мальвина? Буратино балабақшаға көңіл көтеру үшін келді.

Мальвина: Буратиноның сабақ оқудан қашып жүргенін білгенмін.

Жүргізуші:

Балабақша балалары,

Әрдайым дос боп жүреді.

Мүсіндейді,бейнелейді,

Инелікті, кемені.

Ән де шырқап би билеп,

Сандарды санап, жазады.

Әріптерді жаттап ап,

Тәртіпті бала болады.


11 МАД топ балалары тақпақ айтып береді:

Мальвина: Ал Буратино, сен не білесің?

Буратино: Ымм... менде көп нәрсе істей аламын. Торғайларды рогаткамен атып білемін, иттерді ашуландыра білемін, далаға қоқыс тастап білемін, кішкентай балалардың тәттілерін тартып ала аламын.Балалар, барлығын менімен бірге қайталаңдар, қалай төбелесу керектігін үйретейін.

Мальвина: Тоқта, тоқта, тоқта!!! Сен не істемекшісің? Балалар балабақшаға оқу үшін келеді.

Буратино: Ал енді басқа не үйренуге болады?

Мальвина: Балалар айтыңдаршы, балабақшадан не үйренуге болады?


(Балалардың жауаптары)


Мальвина: Жарайсыңдар! Ақылды балалар екенсіңдер. Ал Буратино сен балалардың таңертең не істейтінін білесің бе?

Буратино: Әрине. Таңертең балалар шулайды, айқайлайды,төбелеседі, кәмпиттер жейді, секіреді...

Мальвина: Мүлдем олай емес. Балалар таңертең жуынады, тістерін тазалайды, таңертеңгілік жаттығулар жасайды. Және де өлең айтып, қызықты ойындар ойнаймыз. Бізбен бірге көңіл көтергің келе ме?

Буратино: Әрине, мен көңіл көтергенді өте жақсы көремін.

Мальвина: Қане балалар, қолдарыңды көтеріңдерші, кім ұқыпты бала? Кім ақылды бала? Кім барлығын үйренгісі келеді? Міне қазір, кімнің ақылды, ұқыпты екенін тексереміз?

Жүргізуші: Балалар, Мальвина мен Буратиноның сұрақтарын мұқият тыңдап, дұрыс жауап берейік.

Мальвина:

- Кім күлгенді жақсы көреді?

-Кім жұмыс жасағанды жақсы көреді?

-Кім айтқанды тыңдайды?

-Кім тамақ жегенді жақсы көреді?

-Кім нашар және бұзақы?

-Кім таңертің тісін тазалайды?

-Кім құлағын тазалайды?

-Кім ән тыңдағанды жақсы көреді?

-Кім қоқыс тастайды?

-Кім ұқыпты және әдемі?

-Кім жалқау және еріншек?


Жүргізуші: Міне көрдіңбе Мальвина, біздің балалар барлығын да білгісі келіп тұрады. Қане, білім еліне баратын есіктің сиқырлы кілтін бере ғой.

Буратино: б-б-б білім! Мен әлі демалғым келеді.Балалар кілтті бермейік!


Ойын: «Кілтті бер» (Мальвина кілтті алуға тырысады.)


Жүргізуші: Міне ғажайып кілт! Қандай әдемі. Енді білім еліне барып, оқуды бастайтын болдық.

Буратино: Жарайды. Ертеңнен бастап оқуға кірісеміз .


9 МАД топ балалары:

Ән: «Учат в школе»


Жүргізуші: Жаңа оқу жылын қоңыраудың сыңғырымен бастау-жылдар бойы жалғасын тауып келе жатқан қалыптасқан дәстүр. Ендеше биылғы 2015-2016 оқу жылының ТУ көтеру рәсімін жас маман береміз.

Жүргізуші:


Шырылдаған тыным алмай,

Қоңыраудың үні қандай!

Мақсатына жете ме адам,

Оқу оқып, білім алмай.

Ғылымның көп тас қамалы,

Ғалымдық та асқаралы.

Бар білімнің нұр бастауы-

Балабақшадан басталады! - дей отырып, бүгінгі білім күні мерекесімен құттықтау құрметі «Балдырған» бөбекжайының директоры Кабдрахманова Мереке Мендібайқызына беріледі.


Жүргізуші: Ал енді балалар, жаңа оқу жылынан жақсы нәтижелер алуға тырысып, жақсы тілектерімізді айтып, жылы лебіздерімізді білдіріп қолымыздағы шарларымызды аспанға ұшырайық. Орнымыздан тұрайық, әдемі әуенге қозғала билейік.

Би: «Буратино»


Буратино: Мальвина жүрші, бізде балалармен бірігіп, балабақшамен танысайық.

(қолдарын шапалақтап, жан-жаққа жүгіріп кетеді)

















Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№35 «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны




«Бекітемін»

35 «Балдырған» бөбекжай директоры:

_______________М.М.Кабдрахманова

« » тамыз 2015 жыл.









«Білім әлеміне саяхат»

Мерекелік ойын-сауық










Дайындағандар:тәрбиеші С.Дюсенова,

тәрбиеші И.Қарабатыр





















Ақтау қаласы

20015-2016 оқу жылы

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее