«Зимний фестиваль знаний 2025»

"Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар"

Жұзден жүйрік, мыңнан тұлпар атты тарих апталығының жоспары

Олимпиады: Химия 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

(тарихи танымдық сайыс)

Сайыстың мақсаты:

  1. Оқушылардың тарих пәнінен алған білімдерін пысықтау;

  2. Танымдық ой – өрісін дамыта отырып, оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: слайдтар т.б.

І жүргізуші: - Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұлағатты ұстаздар, сайысқа қатысушылар және жанкүйер қауым! «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты тарихи танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші: Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздердей өрендің

Жеңістің мынау шыңына деп бүгінгі бақ сынар сайыскерлерімізді қол соғып, қошеметпен ортаға шақырайық.

І жүргізуші: - Құрметті ойыншылар, бүгінгі ойында сіздерге үлкен сәттілік тілейміз.

Әділ қазы, аққазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем,

Жүйрік озар байқауларда неше бір.

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл, демекші, ендігі кезекте әділқазы алқаларымен танысып өтейік

ІІ жүргізуші: Сайыстың шартымен таныс болыңыздар

І бөлім: «Таныстыру»

ІІ бөлім: «Құпия сұрақтар»

ІІІ бөлім: «Тарих толқынында»

Ү бөлім: «Тарих толқынында»

І жүргізуші: Сәт - сапат тілеп бәріңе,

Сайысты біздер басталық.

Көрсетіңдер білімді,

Қалмаңыздар жасқанып – деп біз ойынымызды бастаймыз.


ІІ жүргізуші: Армысыз, айналайын дана халқым

Сақтаған ұлтымыздың берік салтын

Тіл ұшына оралар кездескенде

«Сәлем сөздің анасы» деген мақал

Сәлемдесу парызы әрбір топтың

Өнерлерін паш етер өнегелі

Сәт те келіп қалғандай танысатын – дей отырып, ортаға топтарды шақырамыз.


І жүргізуші: Әділ қазы алқасынан топтардың балдарын қоюын сұраймыз

ІІ жүргізуші: «Құпия сұрақтар» бөлімінде қатысушыларға түрлі түсті конверт ұсынылады, әр конвертте 9 сұрақ бар. Жауап беруге бес минут уақыт беріледі. Әр жауап 10 балдан есептеледі.

Көк конверт

  1. ҚР – ның мемлекеттік тілі: (Қазақ тілі)

  2. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды адам: (Президент)

  3. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты дүниеге келген ән: (Елім - ай)

  4. Қазақтың үш биі: (Қазбек,Әйтеке, Төле)

  5. Алтын киімді адам қай жерден, қай жылы табылды: (Есік обасынан 1969)

  6. Ең алғашқы адамдар қай жерді мекендеген: (Африка, Азия)

  7. Қазақстанда ежелгі адам неше жыл бұрын өмір сүрген (1млн)

  8. «Жеті жарғы» заңдарын кім шығарды: (Тәуке хан)

  9. Абылай неше жасынан бастап жоңғарларға қарсы күреске қатысты: (15)

Ақ конверт

  1. Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер: (Керей мен Жәнібек)

  2. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі: (карта)

  3. Қобыздың атасы кім саналды: (Қорқыт)

  4. Қожа Ахмет Йассауидің кесенесі қай қалада орналасқан: (Түркістан)

  5. ҚР – ның ұлтаралық тілі: (орыс тілі)

  6. Қазақстан жер көлемі жағынан нешінші орында: (9)

  7. Қазақтардың нанымы бойынша отбасы мен балалардың қорғаушысы кім: (Ұмай ана)

  8. Қазақстан қашан өз тәуелсіздігін жариялады: (1991 жыл, 16 желтоқсан)

  9. ҚР – ның туының авторы: (Ш. Ниязбеков)

Қызыл конверт

  1. Абылай хан қай жылдар аралығында өмір сүрді: (1711-1781)

  2. Ұлы жібек жолы қай елден басталды: (Қытай)

  3. 30 тамыз қандай күн: (Конституция күні)

  4. Жерұйықты іздеген адам кім: (Асан Қайғы)

  5. «Көшпенділер» трилогиясының авторы: (І. Есенберлин)

  6. 1837-1847 жылдардағы ұлт-азатық көтерілістің басшысы кім: (Кенесары хан)

  7. Қола дәуіріне жататын мәдениет: (Андрон, Беғазы Дәндібай)

  8. Шыңғысханның шын есімі: (Темучин)

  9. Тоқтар Әубәкіров қайжылы ғарышқа ұшты: (1991 жылы, қазан)

І жүргізуші: Әділ қазы алқасынан топтардың балдарын қоюын сұраймыз

ІІ жүргізуші: Бүгінгі күн сайыста

Сен ешкімнен қалыспа

Біліміңді шыңдай біл

Бағыңды сынар жарыста - дей отырып «Тарих толқынында»

бөлімін бастаймыз. Интерактивті тақтаға назар аударайық.

  1. Тарихи тұлғалар

  1. 1771-1781 жылдары билік құрған қазақ ханы? (Абылай хан)

  2. Қазақта тұңғыш медициналық білім беретін бөлім, аптека, мектеп ашқан кім? (Жәңгір хан)

  3. Абылай ханның кеңесшісі? (Бұқар жырау)

  4. Әйгілі тарихшы, әдебиетші, «Тарихи Рашиди» еңбегінің авторы? (Мұхаммед Хайдар Дулати)

  1. Тәуелсіз Қазақстан

  1. Қазақстан халықтарының бірлігі күні (1996жыл, 1 мамыр)

  2. «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік әнұран ретінде қашан қабылданды? (2006 жыл, 7 қаңтар)

  3. ҚР – ның тұңғыш президенті күні қай кезде аталып өтеді: (1 желтоқсан)

  4. ҚР – ның тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет: (Түркия)

  1. Салт – дәстүр

  1. Базарлық дегеніміз қандай салт – дәстүр:

  2. Сүйінші дегеніміз:

  3. Ерулік дегеніміз:

  4. Өмілдірік дегеніміз:

І жүргізуші: Әділ қазы алқасынан топтардың балдарын қоюын сұраймыз

ІІ жүргізуші: Сан ғасырлар тарихынан кешегі

Туған жердің шежіресі өседі

Менің елім – Қазақстан, Отаным

Болашағы бізбен бірге өседі – дей келе ІҮ тур «Қасиетті

жетілік» ойынын бастаймыз


  1. Жеті қазынаны ата. Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл – білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, бере мылтық, жүйрік тазы

  2. Жеті ғаламды ата. Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік, аспан, жер, жер асты

  3. Жеті жұтты ата. Құрғақшылық, жұт, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала

  4. Жеті атаны ата. Бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата

І жүргізуші: Білікті бірді жығады

Білімді мыңды жығады

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа

Табылғандай таным да, жат дауыс та

Біреу озып келеді қатарынан

Біреу қалып жатады асығыста

Ойын толқын жатқандай асып, тасып

Біреу мығым, біреулер шалыс басып

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар

Жеңсең де жеңілсең де қалма жасып – дей отырып, бүгінгі

интеллектуалды сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін әділқазы алқаларына береміз.

Қоратынды: осымен бүгінгі интеллектуалдық сайысымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер, қашан да ойымыздың көкжиегі биік болсын, жүрісіміз нық, еңсеміз биік, Тәуелсіздігіміз қуатты, жастарымыз намысты, ұлдарымыз қайратты, қыздарымыз сымбатты да білімді болсын ағайын!


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее