«Зимний фестиваль знаний 2025»

Желтоқсан - Тәуелсіздіктің ұлы рухы

Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. Бүгінгі тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан – Тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты тарихи-әдеби кешті ашық деп жариялаймыз.

Сегодня мы посвятили историю самому знаменитому празднованию Знамени Независимости, которое состоялось в декабре 1986 года. Начало декабря - знак великой истории, которая продолжается веками. В связи с событиями 1986 года, «Декабрь - Великий Дух Независимости» Мы рады сообщить, что наш исторический и литературный вечер

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

«Желтоқсан – Тәуелсіздіктің ұлы рухы»


1жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. Бүгінгі тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан – Тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты тарихи-әдеби кешті ашық деп жариялаймыз.

2 жүргізуші: Сегодня мы посвятили историю самому знаменитому празднованию Знамени Независимости, которое состоялось в декабре 1986 года. Начало декабря - знак великой истории, которая продолжается веками. В связи с событиями 1986 года, «Декабрь - Великий Дух Независимости» Мы рады сообщить, что наш исторический и литературный вечер открыт.

1жүргізуші: Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін,

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанғам,

Бұл даланы алғаш көріп, қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

Ведущий 2:

Смотрю на небо голубое,
там высоко парит орел,
восходит солнце золотое
над птицей, будто ореол.
До боли мне знакомо это
Видение сквозь пики гор,
Осталось лишь добавить сбоку
Национальный наш узор.

Герб и флаг наш гордый
Народу государством дан!
Пусть всегда хранит свободу
Наш суверенный Казахстан!


Мұғалім: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы еңгізілісн! ГИМН

1 жүргізуші: Құттықтау сөз мектеп директоры Акимбаева Дариға Жақсылыковнаға беріледі.

«Туған жер» _____________________________


«Тарихқа терең үңілсек»

1 оқушы: Жас арудың жанарында желтоқсан

Қанды ғасыр табанында желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған желтоқсан!

Қара тұман қабағында желтоқсан!

2 оқушы: Намысының шырағы да желтоқсан

Сұрқай өмір сынағы да желтоқсан

Жігіттіктің ұраны да желтоқса

Жаңа күннің шуағы да желтоқсан

3 оқушы: Желтоқсан заман толғағы байтақ даланың

Шарпысқан сәті үміт пен күллі даланың

Желтоқсан – Қайрат,Ләззат пенен Сәбира

ҚҰрбаны болған жалған қойған жаланың!


4 оқушы: Мы разные, но здесь мы все равны
Мы дети нашей матери – страны.
Мой Казахстан, для всех ты есть Отчизна,
И мы горды тобой, тобой сильны!

5 оқушы: Как хорошо тебе и мне,
Мы родились в такой стране.
Где люди все – одна семья,
Куда ни глянь – кругом друзья.
Казахи мы и русские,
Немцы и уйгуры,
Мы дети нашей Родины,
Ее мы очень любим.


«Желтоқсан желі» әні орындайтын 8-11 сынып (ұлдары)

1 жүргізуші:16 желтоқсан ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді

(музыка ойнап тұрады)

Көрініс

Үй іші, дастархан басында Қайрат нағашысы, жеңгесі отырады.

Нағашысы: Қайрат-ау, тамақ алсаңшы! Студент боламын деп бір ішек болып қалыпсың-ау өзің

Қайрат: Жә, бұйырғаның жеп отырмын ғой нағашы!

Нағашысы: Астан алыңқыра, Қайрат. ӨЗінің ептеп өлең жазатының болушы еді ғой. Жаңа жылға арналған, мына маған арналған өлеңнің бар шығар, Айта отыр көңілдене түсейік.

Қайрат: Иә нағашы, бар ғой, бар!

(осы кезде есік қағылып, 3 милиция үйге кіріп келеді.

Милиция: Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты тұтқындауға келдік. Прокурордың санциясы бар.Міне!

Жеңгесі: Ойбай-ау, бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз?

Милиция: Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт төбелеске қатысыпты. Анық-қанығын тексерген соң, қайтарып жібереміз.

Көрініс:

Түрме іші, қолыңда қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып, «Түрме жыры» өлеңін оқып шығады.

Қайрат: Жалалы боп, қатты батты жаныма

Жазалаушы қағаз алдым қолыма

Жігіттер-ай, айтап-айтпай не керек

Жазған екен маңдайыма, сорыма

Біріншіден мен анамды сағындым

Екіншіден, бұл құдайға не қылдым?...

Бостандықта еркін жүрген жан едім,

Енді, міне, абақтыға жабылдым

Анасы: Қарағым, қайран, балам-ай

Құлыншағым, жаным-ай, құлағыма келеді

Алыстан айтқан зарың-ай!

Кезекші: заключенный Рысқұлбеков на допрос! (Қайратты алдына салып, тергеу бөлмесіне әкеледі)

Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков! Сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?

Қайрат: егер ол көшеге бармасам, оларды қайдан көремін?

Тергеуші: Рысқұлбеков Савицкийді өлтірген сен мойында!

Қайрат: Оу, адамдар, мен адам өлтірген жоқпын. «Қазақ қыздарын жазықсыз ұрып-соғып жатыр» дегенді естіп, қыздарға араша түсейін деп келдім. Мен жазықсызбын.

Атымды адам қойған соң

Қайтіп надан болайын

Ортам надан болған соң

Қайда барып оңайын?

Тергеуші: Мойында! Мойындасан жазаң жеңілденеді.

Қайрат: Мен ешкімді де өлтіргенім жоқ. Бұл өтірік жала!

Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный! Я тебе покажу өтірікті! Жала дейді еще (ұрып-соғады. Есінен танған Қайраттың бетіне су шашады)

Тергеуші: Әй, Рысқұлбеков! Сен Савицкийді өлтірдім демей-ақ қой,оқиғаға қатыстым десен болады.Егер сен Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе тиіспейміз. Әйтпесе әкеңді де...

Қайрат: Жолдас тергеуші! Бұл жала ғой!Өлтірмеген адамды өтірік өлтірдім деп қалай мойындаймын?Туған адам түгіл, тышқанды да өлтіріп көргем жоқ қой.

Тергеуші: Заключенный Рысқұлбеков! Сен ақымақ болма! Савицкийді өлтірдім деп қалай мойында? Бұл – бір. Сен әкеңнен 4000мың сом алып, мына менің жұмсақ алақаныма сал, бұл – екі. Түсіндім бе, мақұлық?

Қайрат: Жасамаған нәрсені неге мойындаймын. Бұл маған жабалып отырған жала.

Тергеуші: Бұдан ешқандай пайда жоқ, ісін сотқа түсірейік!

1жүргізуші: Елім деп, қазағым деп айдай әлемге жар салып, ұлтының намысын қорғаған жалынды, жігерлі азамат Қайрат Рұсқылбековтың соты болар күн де жетті.

Сот хатшысы: Сот келеді. Орындарыңыздан тұрыңыздар.

Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков, ақтық сөзің бар ма?

Қайрат: «Ақтық сөзін не»? деген

Бүгін қойды сот сұрақ

Айтайын оны халқыма

Жоқ пейіл менде жасымақ

Қорлай беріп қайтадан

Титыққа орыс жетпесін

Туған жердің намысы

Бөтен қолда кетпесін

Өз ұтыңның басшысын

Орнынан сүйреп алмасын!

Тергеуші: қысқарт тіліңді, жап аузыңды!

Сот: (орынынан тұрып оқиды) Айыпкер Қайрат Рысқұлбеков қылмыскер деп танылып, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қылмыстық Кодексінің 60 бабы бойынша3 жыл бас бостандығынан айырылсын; Қылмыстық кодекстің 173 бабының 1 тармағы бойынша жазалаудың ең ауыр түрі – өлім жазасына, атуға кесілсін!

Тергеуші: Ал, декабрист, соңғы ақтық сөзіңді айт!

Қайрат: Ақтық сөзді енді мен

Сотқа да бір айтайын

Күнәдан таза басым бар

Жиырма бірде жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең, алыңдар!

«Қайрат» деген атым бар

«Қазақ» деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар!


1жүргізуші: До самого последнего часа его жизни казалось, что он начал чувствовать, что должен умереть за того, кто был влюблен в лживого человека, который ждал пощады. Речь шла не о простых преступниках, а о тех, кто по-разному понимает реалии общества, то есть о политических «негативных взглядах». В отсутствие Кайрата, парень из отряда считался «националистом» первого номера.

Ән :Жаса Қазақстан

2жүргізуші: Қайрат Семей түрмесінің 21 камерасында 1988 жылдың 21 мымыр күні дүниеден өтті. 1992 жылы 21 ақпанда қайтадан ақталып шықты. Президентіміздің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айырықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболдарға ақтау жөніндегі анықтама қағаздары берілді.

1жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджановалар сияқты батырларымыздың бар екенің дәлелдеп берді. Сол желтоқсан оқиғасының құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алайық.


«Тұлғаны таны» (тұлғалар фотосы слайд)



«Біліміңді көрсет»


1. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет? (Түркия)
2. ҚР – шекарасының жалпы ұзындығы қанша шақырым? (3000 шақырым)
3. ҚР - да ұлттық валюта – теңге қашан айналымға енген еді? (1993ж. 15 қараша)
4. ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991 жыл)

5. 16 желтоқсан-қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)

6. Қазақстанның солтүстік көршісін ата. (Ресей)

7. Жоңғар шапқыншыларын талқандаған каһарман батырлар.(Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай)

8. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)

9. Абайдың шын аты. (Ибраһим)

10. Атақты қазақ күйшісі кім? (Құрманғазы Сағырбайұлы)

11. ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды? (30 тамыз1995ж.)

12. Қазақстан оңтүстікте қандай елдермен шектеседі? (Қытай, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан)

13. Ұлы Отан соғысының батырларын ата.(Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, М.Ғабдуллин, Б.Момышұлы т.б.)

14. Шоқанның шын аты қалай? (Мұхаммед-Қанапия)

15. Аты аңызға айналған ақын, жырау, сәуегей адам. (Қорқыт ата)



Би (___________)

1 жүргізуші: Тәуелсізідік арымдай аңсар әнім

Тау-тасымдай аңсаған жан-самалым

Қазақтың қанына жат пиғылдарға

Қамығып қара судай қарсы ағамын

Тойланып мың мереке, ұлыс күні

Құйылған шаңырақтан ырыс нұры

Халқымның бақыты үшін аз байлық па

Тәуелсіз еліміздің тыныштығы

2 жүргізуші: Халқым айтқан жер көтерер ер даңқын

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын

Президентім аман болғай ел басы

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Тауларың бар таңырқатар шыңымен

Ұл-қызыңдай даламыз бар ұлы кең

Алдарыңа басымды иіп, өр халқым

Бәрі бірге: Құттықтаймыз тәуелсіздік күнімен!

Хор: «Менің елім» әні

Қазақстан Республикасының Туы шығарылсын! ГИМН

1 жүргізуші. Осымен тәуелсіздік күніне арналған әдеби-тарихи кешімізді жабық деп жариялаймыз.

2 жүргізуші. На этом наш историко-литературный концерт посвященный дню Независимости обьявляется закрытым.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее