«Зимний фестиваль знаний 2025»

Жақсылық – жан азығы

Оқушылардың жақсылық, игілік, адамгершілік қасиеттер туралы түсініктерін дамыту.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Жақсылық – жан азығы


Мақсаты: Оқушылардың жақсылық, игілік, адамгершілік қасиеттер туралы түсініктерін дамыту.

Міндеттері:

- Оқушылардың ізгілік,жақсылық туралы ұғымдарын кеңейту;

- Оқушыларды жақсылықты бойларына сіңіруге, жағымды қарым-қатынас жасай білуге үйрету;

- Сүйіспеншілікке, ойлылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үнтаспа.

Шаттық шеңбері

Мұғалім оқушыларды шеңберге шақырады. Балалар бір-бірімен сәлемдеседі.

С.Торайғыровтың «Туған еліме» атты өлеңін оқиды.

Туған еліме

С.Торайғыров

Үміт қып менен қарайсың,

Көңілге медеу санайсың.

Балалыққа жарасам,

Аталыққа жарайсың...

Алты қырдан ассам да,

Сөздеріңді сыйлаймын.

Сіздерге әкеп шашуға

Ілім-білім жинаймын.

Әңгімелесу

Мұғалім оқушылардың өзін-өзі тану сабақтарынан алған білімдерін ортаға салып, ой бөлісулеріне жағдай туғызу мақсатында төмендегідей әңгімелесу сұрақтарын ұсынады:

Жақсылық жасау адамға парыз ба?

Бұл сұрақтарға жауап беру кезінде оқушылар «Жақсылық» құндылығы туралы білімдерін жинақтап, ортаға салады.

Мұғалім жетекші сұрақтар қою арқылы оқушылардың жақсылық жасау, риясыз жақсылық жасау, жақсы ниет, жақсы тілек, жақсы іс, жақсылық жақсылыққа жеткізер сияқты мәселелердің маңызын ашып айтуларына мүмкіндік туғызады.

Мұғалім оқушылардың пікірлерін тыңдаған соң, өзі қорытындылайды.

Мәтінмен жұмыс

Мәтінмен жұмыс ретінде оқушыларға Ж.Баласағұнның «Құтты білік» атты өлеңін оқып, талдау ұсынылады.

Оқушылар өлеңнің бірінші шумағында айтылған тұжырымдарға жеке-жеке тоқтала отырып, оның мағынасын ашып түсіндіреді. Өлеңдегі айтылғандай адамға ақыл, білік не үшін берілгені, бұлардың пайдасы неде, адамды ақыл, білік қандай дәрежеге жеткізетіні жөнінде түсініктерін алып, өз ойларымен таратып айтып береді.

Құтты Білік

Ж.Баласағұни

Адамды хақ жаратты да ескерді:

Оған ақыл, білім, өнер, ес берді.

Көңіл берді, әрі тілін тербетті,

Ұят берді, берді құлақ, бет берді.


Білік берді – адам бүгін жетілді,

Ақыл берді – талай түйін шешілді.

Кімге Құдай берсе білім, ақылды,

Қолы жетіп, алар ол мол асылды!


Ақылды – ұлы, біл, білімді – білікті,

Қонса екеуі, ұлы етер жігітті.

Бұл сөзіме куә мұндай сөз де бар,

Сөзді естіп, аларыңды көздеп ал:


«Ақыл қайда болса, ұлылық толады,

Білім кімде, сол білікті болады.

Ақылды ұғар, білімділер біледі,

Түгел болар білімді, есті тілегі!»

Тапсырма

Тапсырма бойынша оқушылар Әбіш Кекілбаевтың түйінді ойларымен танысып, олардың мағынасын қалай түсінетіндерін таратып айтып береді.

Жақсы болудың жақсылық жасаудан басқа жолы жоқ.

Адам нәсілін жер бетіне баяндатып тұрған бірден-бір күш – мейірім мен рақым ғана.

Ә.Кекілбаев

Түйіндеме

Мұғалім оқушыларды түйіндемемен таныстырып, адамгершілік тұрғысындағы түсініктерін кеңейтуге ықпал етеді.

Түйіндемеде келтірілген Қаныш Сәтбаевтың тұжырымды пікірі білімдерін бекіте түседі.

Дәйексөз

Сабақтың дәйексөзі ретінде Шәкәрімнің

«Мейірім, Ынсап, Әділет,

Шыдам, Шыншыл, Харекет,

Түп қағазы – Ақ ниет» атты нақыл сөзі алынған.

Мұғалім оқушыларды дәйексөзбен таныстырып, оның мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды.

Оқушылар дәйексөздің мағынасын өз түсініктерімен таратып айтып береді. Мұғалім оқушылардың ойларын жинақтап, қорытындылайды.

Шығармашылық жұмыс

Мұғалім оқушылардың жыл бойы өзін-өзін тану сабақтарынан алған білім-біліктерін жинақтап, іс жүзінде көрсетулеріне мүмкіндік жасау мақсатында шығармашылық жұмыс тапсырады.

Ол үшін мұғалім өткен сабақтардан түйінді мәселелерді таңдап алып, балаларды топқа бөліп, әр топқа төмендегідей шығармашылық жұмыстар ұсынады:

1-топ: «Өзін-өзі танудан үйренгендерім» атты тақырыпқа эссе жазыңдар.

2-топ: Бауырмалдық пен кеңпейілділікті көрсететін жағдаят ойластырып, шешімін табыңдар.

3-топ: «Туған жер – алтын бесік» атты тақырыпқа сурет салып, коллаж құрастырыңдар.

4-топ: «Ұят дәстүрін қастерлеп өсер ұрпақпыз» тақырыбында сахналық көрініс дайындаңдар.

Оқушылар берілген тапсырманы орындап, сыныпта жария етеді.

Өзіммен-өзім

Сабақта «Өзіммен-өзім әдісін» қолданудағы себеп – оқушыларды бір сәтке ой-сезіміне ерік беріп, өзінің жан-дүниесіне үңіліп, жүрек қалауын тыңдап, өзіне деген сенім мен тілегін нықтап алуына мүмкіндік туғызу.

Мұғалім оқушыларға «Мен қандай адами қасиеттерді бойыма сіңірдім? Мен үшін басты құндылық не болмақ? Менің қандай қалауым бар? Менің тап қазіргі және жуық арадағы мақсаттарым қандай? Өз келешегімізді қалай елестетуге болады?» деген сауалдар турасында ойға шомып, өзімен-өзі сұхбаттасуға шақырады.

Оқушылар жайланып отырады. Жұмыс кезінде ырғақты музыка әуені естіліп тұрады.

Дәптермен жұмыс

1-тапсырма

1-тапсырмада оқушыларға өздері атқарып жүрген жақсы істер мен алдағы уақытта ойға алып жүрген жақсы істердің тізімін жасап, ондағы мақсаттарын айтып беру тапсырылады.

2-тапсырма

2-тапсырмада оқушылар берілген сұрақтарға ауызша жауап береді:

1. Адамның қандай ісін жақсылыққа ұмтылу деп айтуға болады?

2. Өз өміріңде есте қаларлық қандай жақсылық іс болды?

3. Адам жақсылық жасау арқылы не нәрсеге қол жеткізе алады?

4. Айналаңдағы адамдардың қандай жақсы істері туралы айта аласыңдар?

5. Қалай ойлайсыңдар, жақсылық жасаудың адам өмірі үшін қандай маңызы бар?

3-тапсырма

3-тапсырмада Мұхаммед пайғамбардың өсиеттерін ойға түйіп, өздеріне қажеттісін жаттап алу тапсырылады.


* * *


Әуелі сәлем бер, содан кейін сөйле.

Бір-біріңмен сәлемдесіп жүріңдер, сонда өзара сыйластық оянады.

Барлық іс-әрекетте әділ болыңдар, адамдармен сұхбаттасқанда түсің жылы болсын.

Бір-біріңе қайырлы, мейірімді, шапағатты боп, қол беріп амандасып жүріңдер, сонда көңілдегі түйткіл кетеді.

Адамның сұлулығы – оның сөйлеген сөзінен білінеді.

Барша жақсылық – оң мінезден.

Жақсылық – кең тыныс алып, көңіл марқаятын іс.

Сіздердің жақсылықтарыңыз – жайдары мінез, жақсы сөзде.

Сіздердің жақсыларыңыз – ұзақ өмір сүріп, жақсы істер атқаратындарыңыз.

Қайырлы, сауапты істер адамды түрлі пәледен сақтайды.

Ата-анасының ризашылығын алған қандай жақсы. Тәңірі оның өмір жасын ұзартады.

Хадистен.

Жүректен жүрекке

Оқушылар мұғаліммен бірге «Жүректен жүрекке» шеңберіне жиналып, алдымен ұстазына, содан кейін бір-біріне жақсы тілек, жылы сөз айтады.

Баубек Бұлқышевтың «Ер жеткенде» атты өлеңін оқиды.

Ер жеткенде

Б.Бұлқышев

Ер жеткенде есейіп,

Ер болмасқа немене?

Ерке өсіп, білімді

Кен болмасқа немене!

Өткір алмас болатқа

Тең болмасқа немене!

Сары алтындай салмақты

Сірә, саспас сабырлы,

Кең болмасқа немене!

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее