«Зимний фестиваль знаний 2025»

Воздействие нефти на окружающую среду

Загрязнение окружающей среды-важная проблема современности. Оно выражается в ухудшения кечества воздуха воды.

Олимпиады: Химия 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Қоршаған ортаға мұнай өнімдерінің ықпалы, қоршаған ортаның ластануын төмендететін іс- шаралар

Мамырова Нургуль Абдуалиевна

Түркістан индустриалды педагогиикалық колледжі. Түркістан қаласы, Қазақстан

Мұнай өнімдерінің және басқа заттардың улылығы

У деп улы заттарды айтамыз. Олар адам организміне кішкентай мөлшерде еніп, ткань клеткаларында химиялық өзгерістер мен ауыртатын жағдайларға әкеліп соғады.

Әсерлері бойынша улар келесіге бөлінеді:

– жергілікті әсер ететін улар. Дененің бір жерін ғана жаралайды. Бұндай әсерлермен қышқылдар, сілтілер, хромдық қосындылар және т.б. мұрынның қабыршықтарын, көзді, гармондарды, бронхты жасауратады;

– қанға өткен улар – жалпы әсер ететін уларға жатады. Мысалы көмір тотығы гемоглобинен оттегін шығарып, карбоксигемоглобиланді құрастырады, яғни бұл қосынды қанның адам организм бойынша оттегін тасымалдауына бөгет жасайды. Ақыры организмде оттегінің ашаршылығына (кислородное голодание) әкеп соғады.

Кейбір улар концерогендік әсерімен бейнеленеді де, жазылмайтын ісіктердің пайда болуына әкеп соғады.

Улану дәрежесі заттың химиялық құрылымынан, адам организміне әсер еткен мезгілдегі физикалық күйіне тәуелді. Сондықтан удың еритіндігі, түйіршіліктігі, адамның жеке сезімталдығы, әсер ету ұзақтығы және басқа факторларды ескеру керек.

Улану екіге бөлінеді: тез (острый) және баяу (хроническое) болып.

Егер у организмге үлкен мөлшерде кенеттен әсер етсе оны тез улану дейді. Баяу улану улы заттардың біртіндеп, ұзақ уақыт бойынша әсер етіп, аз концентрациялы болса да организмде өзгерген өзгерістерін тұрақты болуына дұшар етіп, дами береді.

Барлық улы заттар адым организміне биологиялық әсері бойынша бес топқа бөлінеді:

  1. күйдіру әсерін туғызатын заттар;

  1. дем алу органдарына әсер ететін заттар;

  1. қанға әсерін тигізетін заттар;

  2. жүйке жүйесіне әсерін тигізетін заттар;

  3. ферменттер мен алмастыру улары.

Бензин булары – у!

Бензиндер жеңіл, ұшпа заттар. Соған қарамастан, әсіресе қыс мезгілінде ұзақ жол үстінде жылы болу үшін қозғалтқышты іске қосып қойып, карбинада демалатындар аз емес. Нәтижесінде –улану.

Нашар желдетілген бөлмелерге бензинді құйғанда немесе оны ашық ыдыста қалдырғанда, ауа бензин буларымен қонығады да, адамға қауып туғызады мүмкін. Бензин буларының концентрациясы СИ 245–71 бойынша шектік мүмкін шоғырлануы ауада 100 мг/м3 аспауы керек. Бензин буларының шоғырлану бұл көрсеткіштен артық болған жағдайда уланудың тез және баяу түрлері орын алады.

Бензин буларымен уланудың белгілері болып:

  • адамның басы ауыра бастайды;

  • тамақты қырған сияқты болады;

  • жөтел;

  • көз жасаурап, мұрыннан су ағады;

  • дененің температурасы төмендейді;

  • артериалдық қысым төмендейді.

  • пульс баяулайды;

  • денеде тоңу, әлсіздік, босау пайда болады.

Бензин буларымен баяу уланғанда келесі белгілер орын алады;

  • бас ауруы;

  • әлсіздік;

  • жеңіл шаршау;

  • қанның азайуы;

  • ұйқышыл болу немесе ұйқы қашуы;

  • салмақтың жоғалуы.

Бензинге қолдарды салып 5...7 минут ұстаса, адамнан шыққан ауада бензин булары байқалған.

Профилактикалық шаралар

Бөлмені желдетіп, ауаны төменнен және жоғардан сорып алу.

Жанармай құйылған ыдыстарды пісірген кезде, газ бен ауаның қосындысының жарылуынан сақ болу керек. Берзин, керосин, мұнай және басқа сұйықтар құйылған ыдыстарды каустикалық соды мен су ертіндісімен тазалап жуу керек, немесе үш натрий фосфатпен (80..120 граммын бір литр суға қосып). Минераль майлар құйған ыдыстарды жуған кезде ертіндіге 2...3 г сұйық шыны (жидкое стекло) немесе сабынды қосады да, алынған эмульсиямен жуады. Ыдысты (60...800С) сілті ертіндісімен жуса, жақсы нәтиже алуға болады.

Бензинді ыдыстан құрғақ будың көмегімен де, тазалауға болады. Ыдысты буланудыру уақыты оның көлеміне байланысты; 200 л дейінгі ыдысты 24 минут; 3000 л шейінгі ыдысты 15...24 сағат бойынша буландыру керек. Ыдыстарға пісіру жұмыстарын жүргізгенде жанармай немесе лезде жанатын сұйықтар құйылған ыдыстардан қашықтық 5м кем болмауы керек, ал газ баллоны мен ацетилен генераторы кем дегенде 10м қашықтықта болуға тиіс. Сонымен қатар пісіру жұмыстары жүргізілген жерде жұмыс істеп тұрған қозғалтқыш болмауы керек.

Аппараттары, резервуарларды және цистерналарды кірлер мен қақтардан тазарту жұмыстарын орындағанда, шлангелі противогаздарды пайдаланып жүргізу керек. Шлангтің ауа соратын ашық шеті таза ауа аймағында болуы керек. Жұмысшы қолына қолғап киіп, аяғында резиналық етік киуі керек. Егер бензин өзінің құрамында этиль сұйығын ұстаса, онда ол этильдік бензин деп аталады. Этиль сұйығын бензинге дүмпуге қарсы қасиетін жоғарлату үшін қосады. Этиль сұйығының бензиндегі мәні 1 мл бір кг бензинге болуға тиіс, бұл тетраэтилсванецтің 0,82 г немесе 1 кг безниге қосатын мөлшері.

Этидьдік бензиндер ең улы бензин болып саналады. Сондықтан оны өте күшті және өмірге қауіпті у деп есептейді. Тетраэтилсвинец организмге демалу жолдары мен тері арқылы тез өтеді. Этильдік бензин тері мен демалу жолдарын құбылтпайды және ауыртатын белгілерді бермейді. Бірақ-та, адамның қанына араласып, жалпы денсаулықты бұзады – адам жүдейді, жүйке жүйесінің қызметі бұзылады. Ауру біртіндеп орын алады. Сондықтан этильдік бензинмен жұмыс істегенде, оның қауіпті екенін есте сақтау керек.

Әсіресе:

  • ыдыстарды тазалап және жөндегенде;

  • этильдік бензинмен жұмыс істеген қозғалтқыштарды жөндегенде;

  • киім мен денеге жие жұқққанда (тигенде)

  • нашар желдетілген бөлмелерде этиль бензинін бір ыдыстан екіншісіне ауыстырғанда

  • кездейсоқ оны ішке жұтып жібергенде.

Дизельдік жанармайлардың улылығы және профессиональдық аураларды алдын ала қарсы алу Дизель жанармайларының булары бензин буларымен салыстырғанда өте улы болып келеді. Дегенмен, дизель жанармайларының булануы әлсіз болғандықтан, олардың парларының ауада шоғырлануы сирек кездеседі. Дизель жанармайының жие және ұзақ уақыт теріге әсер етуі, бензинмен уланғаннан қауіпті деп есептелінеді. Алдын ала ескерту шаралары, бензиндерді қолданғандағы шаралармен пара-пар.

Майлау майларының зияндылығы

Табиғи жағдайда майлау майлары буланбайды, сондықтан олардың адам организміне зиынды әсері келесі жағдай ғана болуы мүмкін:

  • май адамның ашық денесіне жие жұққанда;

  • май сіңген киіммен ұзақ уақыт жұмыс істегенде;

  • майда кездесетін жеңіл мұнай өнімдерінің тұманы мен буын ішке сорғанда .

Майлардың теріге әсері

Адам денесінің терісі майлау майларымен жүйелік түрде түйіскенде тері ауруының тез және баяу түрлері пайда болады. Бұл ауруларды болдырмау үшін майларға механикалық қасиеттерін жоғарлататын әртүрлі қосындылар қосады. Олар өз алдына күрделі химиялық қосындылар болып келеді: күкірттің, фосфордың, азоттың және әртүрлі металдардың: барийдің, кальцидің, мырыштың, кобальттың, қорғасынның. Қайнау температурасы мен қышқылдығы жоғарлаған сайын, майлау майларының улылығы жоғарлай түседі.

Қоршаған ортаға мұнай өнімдерінің ықпалы, қоршаған ортаның ластануын төмендететін іс- шаралар

Мұнай өндірісіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша айрықша шарттар

Мұнай өндірісінің ерекшеліктері ең алдымен мұнай мен мұнай газының физикалық және химиялық қасиеттерімен, белгілі жағдайларда олардың улығуымен де шартталады.

Бұдан басқа, мұнай өнеркәсіптерінде улы және ащы заттарды (ртуть, қышқылдар, цемент және басқалар), жарылғыш заттарды және радиоактивті изотоптарды қолданады.

Көптеген жұмыстар далада жүргізіледі және келесілермен байланысты:

ауыр және үлкен жабдықтар мен саймандардың қолдануы;

жоғары қысымның пайда болуымен бірге жүретін технологиялық үрдістердің болуы;

үлкен жүктемелердің астында болатын жабдықтардың болуы.

Егер белгілі қауіпсіздік шараларын қолданбаса, осы барлық ерекшеліктер қауғылы жағдайдың себепкері болуы ықтимал.

Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың анализі

Шикі мұнайдың бір-екі жеңіл фракциялары белгілі концентрацияда ауамен қосылған кезде жарылысқа қауіпті қоспалар түзітіндіктен, шикі мұнай жарылысқа қауіпті болып табылады. Шикі мұнайдың отқа қауіптілігі мұнайдың әр түрлі сорттарына байланысты – 35 – тен +34 0 С-қа дейін жану температурасымен сипатталады.

Мұнай өнеркәсібінде жарылысқа қауіпті концентрациялардың түзілуінің алдын алу үшін ғимараттардағы және басқа жабық жерлеріндегі жабдықтарды және басқа жабық жерлердегі жабдықтарды және мұнай мен газ жүретін барлық жолдарды герметикалайды, бөлмелердің қарқынды желдендіруін жасайды, жарылысқа қауіпті жерлерде оттың пайда болмауы бойынша шаралар өткізеді. Өндірістік шарттарда технологияның ақауы немесе үрдісті өткізу үшін қажетті шарттардың әсер етуі нәтежесінде қызмет ету персоналына қауіп туатын жағдайлардың пайда болуын ескертуқажет. БТП-М-Э мұнай қыздыру пеші өзінің санитарлы–гигиеналық параметрлері (вибрация, зиянды заттар, дыбыстық қысым, шу) бойынша қауіпсіз. Операторлық орын бөлек бөлмеде орналасқан-агрегаттан 100 метр қашықтықта.

Есептеу және өлшеу техника құралдарымен жабдықталған бөлмелер қауіптілігі жоғары категориясы жатады. Мұнда, адамның бір жағынан–электрқұрылғылардың металдан жасалған корпустарына бірдей тиіп кету мүмкіндігі бар.

Адам денсаулығына әсер ететін негізгі факторларға мынадар жатады:

  1. конвективті жылу, ол пештің жылытылған бетінен шығады;

  2. жұмыс орнын күндізгі және түнгі уақыттарда жарықтандыру;

  3. жылдың жазғы уақытында бөлме ішінде артық жылу;

  4. адамның электр тогымен зақымдану мүмкіндігі;

  5. өрт шыққан кезде күю және уланып қалу мүмкіндігі;

  6. адамға зиянды механикалық әсер етуі;

  7. шу, зиянды заттар.

Мұнай және мұнай өнімдерімен ластану жаңа экологиялық жағдай тудырады, табиғи биоценоздың терең өзгерісіне және толық трансформациясына әкеледі. Әртүрлі ластанған топырақтың кері жауап реакциялары да әртүрлі.

Топырақтық мезофаунаның жаппай жойылуы: апаттан соң үш күн аралығында топырақ жануарларының көп түрлері өліп, немесе ластанбаған топырақпен салыстырғанда 1% ғана құрайды. Оларға ең улы әсерді мұнайдың жеңіл фракциясы тигізеді. Аз уақыт ингибирленгеннен соң ластану әсеріне жауап ретінде топырақтың микроорганизмдер кешенінің тез көбеюі мен белсенділігінің артуы байқалады. Ең алғаш көмірсутекті тотықтырғыш бактериялар саны ластанбаған топыраққа қарағанда тез көбейеді. Көмірсутектерді залалсыздандыру процесіне қатысатын «арнайы» топтар пайда болады. Топырақтың дем алуы да мұнай және мұнай өнімдерімен ластануға тез әсер етеді. Микроорганизмдер саны көбейген сайын дем алу қарқындылығы жоғарылайды. Сонымен, ластанған территорияда биоценоздың қайта қалпына келуі өте жай жүреді.

Қазақстан Республикасының Батыс өлкесінде мұнай өндіру жылдан жылға артып келеді. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығына жарамды жерлер мұнай және мұнай өнімдерімен ластануда. Сонымен қатар мұнай және газ өндіру нәтижесінде топырақтың беткі құнарлы қабаты бүлініп, ауыр техника және көліктің салмағымен тапталып, бұзылып, мұнай қалдықтарымен ластануда.

Топырақ қабаты болып жатқан процестер мен өзгерістер туралы ақпаратты жинап, қоршаған ортаның өзіндік индикаторы болып табылады. Агроэкологиялық мониторинг кезінде қарастырылатын негізгі көрсеткіштер болып: қышқылдық гумус қабатының жойылуы, тұздану және мұнаймен ластану табылады. Топырақтың антропогендік деградациялануы негізінен мұнай өндіретін, тасымалдайтын және өңдейтін аймақтардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануымен байланысты. Мұнай және мұнай өнімдері биосфераны ластайтын заттар ішіндегі негізгілерінің бірі болып табылады.

Мұнай және мұнай өнімдерімен ластану жаңа экологиялық жағдай тудырады, табиғи биоценоздың терең өзгерісіне және толық трансформациясына әкеледі. Ластанған топырақ жалы ерекшелігі: топырақ мезо және микрофаунасының түрлік және сандық шектелуі. Мұнай және мұнай өнімдерін өндіру, өңдеу және тасымалдау жердің топырақ қабатының құнарлығына кері әсерін тигізеді. Құнарлы топырақ мол өнім екені белгілі. Сонымен бірге біздің планетамызда топырақ маңызды басқа да роль атқарады. Жердің топырақ жамылғысында және оның гумустық қабатында тірі организмдердің және олардың биогенді энергиясының негізгі бөлігі орналасқан. Осыдан «топырақ-организмдер» экологиялық жүйесі биосфераның қалыптасуының, тұрақтылығының және өнімділігінің бас механизмінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының энергетикалық жоспары алдағы ұзақ уақытта «қара алтынды» өндіру көлемін жоғарылатуды көздейтіні белгілі. Бұл мұнай құбырларының кеңеюі мен мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мөлшерінің көбеюіне әкеледі. Сондықтан, жаңа апаттар мен мұнай және мұнай өнімдерінің төгілу қауіптілігін жоққа шығаруға болмайды. Топырақ кез келген топырақтық экожүйенің маңызды ажырамас бөлігі болып табылады. Биосфераның тұрақтылығын сақтауда үлкен роль атқарады. Оның бақылаусыз қолдануы топырақ қабатының бұзылуына әкеледі. Топырақтың деградациялануы ғаламдық сипатқа ие және экологиялық құлдыраудың негізгі себептерінің бірі болып табылады.

Топырақ қабатының ластануы оның тұрақты функцияларын бұзады: физико-химиялық қасиетін өзгертеді, Биохимиялық процестердің сипаттамасын, микробиотаның белсенділігін төмендетеді. Осыған байланысты топырақтың мұнай және мұнай өнімдерімен ластану өзекті проблемасы қарастырылып, топырақ қабатының жағдайына экологиялық баға беріліп, оны шешу жолы келтіріледі.

Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған топырақтың өзіндік тазару және қайта қалпына келу процестері өте ұзақ. Сондықтан бұл проблемаға байланысты жүргізілген бірнеше зерттеулерге қарамастан, аймақтың табиғи жағдайларының ерекшеліктерін есепке ала отырып тазарту әдістерінің тиімді түрін қажет етеді.


Түйіндеме

Бұл мақалада мұнай өнімдерінің қоршаған ортаға әсері, қоршаған ортаның ластануын төмендететін іс- шаралары қарастырылған.


Резюме

В данной статье рассматривается влияние нефтепродуктов к окужающей среде, мероприятие по снижению загрянения окружающей среды.


Summary

Influence of oil products to the environment, event on the decline of contamination of environment is examined in this article.



Пайдаланған әдебиеттер

  1. Кузнецов А.В. Отын және майлағыш материалдар. – М.: Колос, 2004

  2. Итинская Н.И., Кузнецов Н.А. Отын, майлар және техникалық сұйықтарға нұсқау. – М.: Колос, 1982.

  3. Кузнецов А.В. Отын және майлағыш материалдар бойынша практикум. - М.: Агропромиздат, 1987.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее