«Зимний фестиваль знаний 2025»

Ұлт азаттық қозғалыстың барысы

  • ХХ ғасырдың басында қоғамдық – саяси қатынастардың дамуында үлкен өзгерістер туғызған саяси оқиғалар ахуалын түсіндіру;
  • Оқушы санасындағы отаншылдық қасиеттерді оята отырып, Қазақстанның ХХ ғасыр бойындағы қоғамдық өмірдегі орнын көрсету;
  • Оқушыларды қоғамдық – саяси өмір дамуының кезеңдерімен, тарихи өзгерістердің қоғамдық қатынастардың дамуына тигізер әсерімен таныстыру.
Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылы

«Қаракемер кәсіптік колледжі» МКҚК

Тарих пәнінің оқытушысы: Оспанбаева Жанар Олжабаевна


Қазақ хандығына 550 жыл
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихы мен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру. Керей мен Жәнібек ханның билік саясатына түсінік беру.
Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Дамытушылық:Өз бетінше қорытынды жасауға , өз ойын ашық жеткізе білуге, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.
Түрі: конференция, пікіралмасу
Әдісі: Ой — қозғау
Көрнекі- құралдар: Интерактивті тақта, жиналмалы буклет, суреттер, портреттер.
Жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Кіріспе сөз.
Елбасы Қазақ хандығының 550 жылдығы жайында.
Қазақ хандығына 550 жыл
Тарихқа үңілсек бөлімі.
Қорытынды
Мұғалім сөзі: Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қолына алып жаудан қорғаған. Қазақ жерінің ұлан қайсар батырлары бостандық үшін жанын берген. «Қазақ хандығының құрылуы — Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылды» Нұрсұлатан Әбішұлы Назарбаев. Биылғы жыл – қалың қазақты бір жасатып тастады. Армысыздар бүгінгі конференция сабағына жиналған құрметті оқушылар. Бүгінгі өткелі отырған сабақ тақырыбы — «Қазақ хандығына 550 жыл». Осы ерекше датаның бүгінде маңызы зор. Бүгінгі шара Дүбірлі тойдың өз деңгейінде атап өтілуі үшін бізідің қосқан үлесіміз болып табылады. 

1-оқушы: Тарихи саханадан қазағымның ерлігі , өрлігі мәңгі жасайды. Келешек ұрпақ тәуелсіздік үшін, жеке мемлекеттігімізді сақтау үшін, күрескен тарихи тұлғаларды ардақтап, оқиды, біледі, есте сақтайды, болашақ ұрпаққа аманат қылып береді. Міне, әз Жәнібек хан мен Керейдің өзінің ұлты үшін құрып берген қазақ хандығы қалпына келді. 1991 ж. 16 желтоқсан тәуелсіздікті алған күніміз.
— Әбішұлы Назарбаев: Қазақстаным үшін, халқым мен жерім үшін, мәңгі ел болып, дамуы үшін бар өмірімді жұмсаймын. Болашақ жастар білімді болу керек. Қазақ халқы үшін адал, еңбекқор болса, бейбіт заман орнайды, соғыс болмайды.Қазақтың тарихын терең білу үшін білімді тарихшыларды шет елдерге жібердім.Қазақ ұлтының тарихы жоқ деп, көксегендердер де бар. Біздің тарихымыз мәңгі ел болып жасайды. Ежелгі Қазақстанды мекендеген ата-бабаларымыз жайында қытайдың тарихи деректерінде айтылған: «Сақтар ержүрек,батыл жерін жатқа бермеген, басқа елге тимеген» деп. Біздің қазақ халқы да бейбітшілікті сүйеді, Отан үшін- отқа түсіп, күйеді.

Сіздердің назарларыңызға «Елбасы Қазақ хандығының 550 жылдығы жайында» атты видео ролигін ұсынамыз.
2-оқушы
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт береке қашпасын деп,
Еліміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Мұғалім
Әр адамзаттың қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің ата мекенін қалай білуімен өлшенбек. Ананың ақ сүтіне, уызына жарыған адам қашанда отаншыл, ұлтжанды болмақ.
1-оқушы
Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.
Ендеше Сіздердің назарларыңызға «Қазақ хандығына 550 жыл» атты видео ролигін ұсынамыз.

2-оқушы
1465 — 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта — үмітін жүзеге асырды.
1-оқушы Екіншіден, суы мол, топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды.
Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде: «Жетісудың ағашының басы жеміс екен» десе, екі сұлтан келіп орналасқан жер Шу туралы: «Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты. Мына ну қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас» деген екен.
Енді балалар сендерден қазақ хандары туралы білгіміз келіп отыр:

Тақтада слайд
Қасым хан:
Қасым хан тұсында қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды. Қазақ хандығы еуропалық аренада әйгілілік пен саяси қуаттылыққа қол жеткізді.
• Қазақ хандығының тағы бір ерекшелігі қазақтар батыс еуропада жеке этникалық қауымдастық ретінде танылды.
• Тарихта бұл ұлы тұлғаның ұстанған бағыты “Қасым салған қасқа жол” деп атанып қалды.

Есім хан 30 жыл бойы буыны жаңа бекіп келе жатқан Қазақмемлекетін қорғау, күшейту
жолында қанын да, жанын да аяған жоқ.
• Қазақ хандығында осыншама зор аумақты, ондағы ру тайпалар арасындағы қатынастарды күшпен немесе жарлықпен ұстап тұрудың мүмкін еместігін білген. Есім хан жаңа талаптарға сай жаңа әдет-ғұрып заңдарының жинағын өмірге енгізеді. Бізге тек
сол заңдардың атауы “Есім ханның ескі жолы” деп аталып кетті.

Есім хан билік құрған кезеңде «қасқа жолға» қосылған жаңалықтар:
• Хан болсын, ханға лайық заң болсын,
• Батыр болсын, жорық жолы мақұл болсын.
• Абыз болсын, абыз сыйлау парыз болсын,
• Би болсын, би түсетін үй болсын – деген ережелер енген екен.

Тәуке хан – қазақ халқының тарихи санасында өзінің кемеңгерлігімен, даналығымен,
әділдігімен, бітімгерлігімен сақталған хандарымыздың бірі.
Жеті жарғы атты заңдар жинағын енгізген кемеңгер әрі әділетті билеуші.
• Тәуке хан тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: Хан кеңесі, Билер кеңесі қалыптасты.
• Дау-дамайлар үш жүздің әйгілі, әрі беделді билері (Төле, Қазыбек, Әйтеке) қатысуымен

Бірлігі мықты ел болса, барлығы бауыр болады.
Отқа иелік болмаса, жеріңді өрт шалады.
Әділ билік болмаса, халқыңды дерт алады.
• Қазақ халқының басын біріктіруге орасан еңбек сіңірген үш ұлы би.

Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды.
• 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан
Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады.
• Әбілқайырдың жүргізген саясаты қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы жолында маңызды рөл атқарды.

Абылай хан
Қазақ Ордасының ханы, Қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері.
• Ол зерделі саясаткер, білімдар дипломат, дарынды қолбасшы.
• Түркістан қаласында үш жүздің хандары, сұлтандары, батырлары бір тудың астына бірігіп, Абылайды ресми түрде Қазақ ханы етіп сайлайды.
• Ол билік құрған жылдары алғаш реет қазақтар мен қалмақтар арасында бейбіт келісім жасалды. Ресеймен, Қытаймен тату көршілік қарым- қатынас орнатылды.
• Бұл күшті мемлекеттер білгір қазақ ханымен санасатын болған.

Кенесары 
Қазақ халқының патшалық Ресейге, Қоқан және Хиуа хандықтарына қарсы жүргізген
ұлт-азаттық күресін басқарушы.
• 1841 ж. Кенесары Қасымов хан сайланды, оның саясатының басты мақсаты қазақ хандығын қайта қалпына келтіру.
• Кенесары мемлекетті басқаруда шариғаттың негізгі ережелерін енгізді, сонымен бірге билер сотын қалпына келтірді.
• Мемлекет пен оның әскерін нығайту жолдарын жетік білеті хан мұсылмандық құқық
ережелерін бекітті. Салық саясаты да оны тиімді жолмен жинауға бағытталды.
2-оқушы
Халқымыздың тарихында ел үшін ұрпағының болашағы үшін алысып өткен Хандар мен Билер, Батырлар, кемеңгер ойшылдар көп болған,ең бастысы олар от ауызды орақ тілді, ақылы асып туған ерлер болып бізге танылады.

Қорытынды: Жалпы ұлттық құндылықты біз жастардың бойына сіңіре білуіміз керек. Президент дәстүрлі жолдауында «Мәнгілік ел» қағидасына айрықша көңіл бөлуі тегін емес. «Нұрлы жол» болашаққа бастар жол.







Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее