«Зимний фестиваль знаний 2025»

Тілдік норма және жаңа қолданыстар

Мақсаты:

1.Тілдік норма және сөзді қолдану ережелері туралы оқушылардың түсініктерін қалыптастыру.

2. Шығармашылық және ойлау қабілеттерін арттыру

3. Мәдениетті, саналы, үлгілі адам болуға тәрбиелеу

Олимпиады: Окружающий мир 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Сабақ жоспары №


Күні

Тобы










Сабақтың тақырыбы: Тілдік норма және жаңа қолданыстар

Мақсаты:

1.Тілдік норма және сөзді қолдану ережелері туралы оқушылардың түсініктерін қалыптастыру.

2. Шығармашылық және ойлау қабілеттерін арттыру

3. Мәдениетті, саналы, үлгілі адам болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  Жаңа оқу материалын меңгеру сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, пікіралмасу, мұғалімніңмәнерлеп оқуы, әңгіме жүргізу т.б.

Көрнекіліктер: оқулық, тапсырмалармен жұмыс, кеспе қағаздар,сызбалар

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу;
Сабаққа дайындықтарын бақылау;

Зейінін өлең шумағымен сабаққа аудару

Тіл — халықтың тірлігінің тірлігі.
Қанын, тәнін бұзбай ұстар бірлігі.
Тіл — халықтың жанын көрер айнасы,
Ардай таза аппақ шаңқан кірлігі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

Тілдік жүйе мен тілдік дағдының өзара үйлесімі мен қайшылықтары тақырыбында түсініктерін сұрау

2.Оқушылардың тіл туралы мақалалары тыңдалады.

Сөздерге фонологиялық талдау жасалады.

ІІІ Жаңа сабақ: Тілдік норма және жаңа қолданыстар.

  • Жаңа сабақтың мақсатын ашу

  • Оқушыларға конспект жаздыра отырып, жаңа сабақты түсіндіру


Тілдік норма – тіл жүйесінің дәстүріне сай тұрақты түрде қалыптасып, қоғамдык қатынастар аркылы орныққан тілдік амал-тәсілдердің жиынтығы, сөз колдану ережелері. Норма – үнемі жетіліп отыратын категория.

   Лебізде қолданысқа енген кез келген жаңа қолданыс жаңа сөз  ретінде танылады. Жаңа қолданыстардың пайда болуы тіл дамуының эволюциялық дамуының бір көрінісі санатында. Атау процесінде мынадай өзгерістер болуы мүмкін:

  * жаңадан танылған зат не құбылысқа атау тағылады;

  * жаңадан танылған ұғымға тілде бұрыннан бар таңба жаңа атау ретінде беріледі;

  * белгіленетін ұғымның номинативтік белгілеріне сай жаңа таңба жасалады.

     Жаңа қолданыстар мазмұндық жағынан, не тұлғалық-мазмұндақ жағынан жаңа саналуы мүмкін.

IV. Тақтамен жұмыс:

1. Фразеологиялық тіркестердің  синонимін тауып дұрыс орналастыру:

  1. Ереуіл атқа ер салды             -жаугершілікте елін қорғауға аттанды;

  2. Жібектей есілген                   -мінезі биязы, жақсы қылықты;

  3. Жігіт ағасы болды                   -есейді, орта жасқа келді.

  4. Аршын төс                                 -сұлулыққа тән балама теңеу;

  5. Құралай көз                              -сүйкімді, әдемі көз;

  6. Мырс етті                               -кекете күлді;

  7. Сабыр түбі-сары алтын             -шыдамдылық, арты жақсылық, игілік.

2. «Құр» сөзінің омонимдік қатарын құрып, кестені толтыру:

Құр.      Зат есім

Киіз үй жабдығы

Құр.      Зат есім

Таулы, орманды жерде тіршілік ететін жабай құс

Құр.      Үстеу

Бекер, бос, текке, жат, әшейін

Құр.      Етістік

Бір нәрсенің негізін салу, орнату

Құр.     Одағай

Жылқыны шақырғанда не тоқтатарда айтылатын ишарат сөз.

3. «Той» сөзін қатыстырып, мақал-мәтел жазып кестені толтыру:

Батыл жігіт қол бастар, Ақын жігіт той бастар;

Тойдың болғанынан боладысы қызық;

Шақырусыз тойға барғаншағ Таяқ ал да қойға бар.

  • Жеке жұмыс

Кесте ішіндегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып фразеологиялық тізбек құраңыз.

Қас

ашып

арқасы

пен

Жұмағанша

Қас

арасында

қағымда

Қабақтың

 

қас

көзді

көздің

қаққанша

қиянда

Ит

V. Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Жаңа қолданыстағы қандай сөздер сөздіктерге тіркеліп, оқулықтарға енеді?

  • Кейбір жаңа қолданыстағы сөздердің уақыт сынынан өтіп, тілдік қолданыста орынға түскенімен, сөздіктерге енбеуі, тиісті лингвистикалық әдебиетте көрсетілмеуі неліктен?

Үйге тапсырма: (Жазбаша орындау)

  1. Тілдегі жаңа қолданыстағы сөздердің туу себептері неде?

  2. Омоним мен полисемияның айырмашылығы неде?

  3. Құрмет, қаһарман, шындық сөздерінің синонимдік қатарын жасаңдар.

  4. Кәсіби сөз, диалект сөздер дегеніміз не?

  5. Тілдің актив лексикасына қандай сөздер жатады?

Оқулықтың 38-бетіндегі 17-жаттығуМәтіндегі басқа тілден енген сөздерді атап, оларды орфографиялық нормаға сәйкес жазу.Қарамен жазылған сөздерді қатыстырып, мәтін құрастырыңдар.

Бағалау

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее