Пәні: Информатика Сыныбы: 6 Мұғалімі: Б.П.Талибаева
| Сабақ № 1 | Күні: «___».___.2017ж. | |
| Сабақ тақырыбы: | Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру. | |
| Сабақтың мақсаты:
| Компьютермен жұмыс істеу барысында иехника қауіпсіздігін сақтау ережелерін үйрету. | |
| Оқыту нәтижелері: | Оқушылар білуі тиіс: техника қауіпсіздігі ережелерін, компьютер техникасы орналасқан сыныпта тәртіп сақтау ережелерін, көз талғанда жасалатын жаттығуларды. Үйренуге тиіс: техника қауіпсіздік ережелерін сақтауды, көзге арналған ережелерді жасауды. | |
| Орындалатын іс-әрекеттер: | ||
| Мұғалімнің орындайтын іс-әрекеттері: | Оқушының орындайтын іс-әрекеттері: | |
| І.Ұйымдастыру кезеңі. 3 минут | ||
Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру |
Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру | |
| Үй тапсырмасын тексеру (8 мин.) (сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі) | ||
| Өткенді қайталау. Тест жұмысы | Тест сұрақтарына жауап береді. | |
| III. Жаңа тақырып: 18 минут | ||
| 6-сыныпқа арналған электронды оқулықтан «Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру» тақырыбына арналған бейне материал қосылады. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, тарихи деректер және дыбыстық түсіндіру қамтылған.
| Оқушылар зейін қойып тыңдайды
| |
| Сыныпты Пирамида, Бәйтерек суреттер қиындысы арқылы 2 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау. Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру. 6-сынып оқулығында «Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру» тақырыбын оқыту.
| Оқушылар белсене қатысады. Суреттерді құрастыру арқылы үш топқа бөлініп отырады. Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Топтағы әрбір оқушының қолдарына «бағалау парағы» беріледі. Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс жасайды. Топтағы әрбір оқушы «Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру» тақырыбын бөліп алып оқиды. Оқушылар өздері оқыған ақпарат туралы топқа түсіндіреді. | |
| Қорыту. ( 3 минут) | ||
| Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау) №1 тапсырма | Сұрақтарға жауап береді. №1 тапсырма орындайды | |
| Бағалау (1 мин.) | ||
| Бақылайды, бағалайды. Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды. | Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды. | |
| Үйге тапсырма (1 мин.) | ||
| Үйге 5-9 беттердегі §1. «Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру» тақырыбын оқып келу. | Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады. | |
| Рефлексия (1 мин.) | ||
| Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз - бір тілек әдісін ұсыну. | Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз - бір тілек әдісімен толтырады. | |
Тексерілді:


