«Зимний фестиваль знаний 2025»

Сырбай Мәуленов өмірі мен шығармашылығы, «Боранда», «Қош бол, сәулем», «Түбірлер», «Жастығым сені жоғалттым», «Ақ түн» өлеңдері

1.Оқушыларға ХХ ғасыр әдебиетінің өкілі, қоғам қайраткері, ақын Сырбай Мәуленов туралы толық ақпарат беру, шығармашылығымен таныстыру.

2. Оқулықпен және қосымша материалмен жұмыс істей білуге, шығармашылық қабілеттерін арттыру

3.Әдебиетке деген сүйіспеншілікке, бір-біріне деген қамқорлыққа, мәдениеттілікке, жолдастарының сынын дұрыс қабылдай білуге, өздерін бағалай білуге тәрбиелеу;

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Сабақ жоспары №


Күні

Тобы










Пәні: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Сырбай Мәуленов өмірі мен шығармашылығы, «Боранда», «Қош бол, сәулем», «Түбірлер», «Жастығым сені жоғалттым», «Ақ түн» өлеңдері

Сабақтың мақсаты: 

1.Оқушыларға ХХ ғасыр әдебиетінің өкілі, қоғам қайраткері, ақын Сырбай Мәуленов туралы толық ақпарат беру, шығармашылығымен таныстыру.

2. Оқулықпен және қосымша материалмен жұмыс істей білуге, шығармашылық қабілеттерін арттыру

3.Әдебиетке деген сүйіспеншілікке, бір-біріне деген қамқорлыққа, мәдениеттілікке, жолдастарының сынын дұрыс қабылдай білуге, өздерін бағалай білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Өткізу формасы: дәстүрлі сабақ.

Көрнекіліктер: сызбалар, ақын портреті, слайд

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

-Амандасу, түгендеу, көңіл-күйлеріне мән беру

ІІ.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Өткенді қайталау:

  1. Жұбан Молдағалиев кім? Сызбамен жұмыс.


2)Жаттап келген өлеңдерін сұрау

3) Өлеңдердің тақырыбы, идеясы, негізгі түйінін ашу.

ІҮ. Жаңа сабақ

1) Сырбай Мәуленовтың өмірі мен шығармашылығы (1922-1993) (Слайд)

  (слайд) Сырбай Мәуленов (1922 – 1993) 1922 жылы 17 қыркүйекте Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай кентінде туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік Университетін бітірген. 1943-1950 жж. Қостанай облыстық радио комитетінде редактор, Большевиктік жол Газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1995 – 1955 жж. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор меңгерушісі, 1957 – 1961 жж. Қазақстан жазушылар одағының әдеби кеңесшісі, Қазақ әдебиеті газетінде бас редактордың орынбасары, 1964 – 1971 жж. Жұлдыз журналының, 1971 – 1977 жж.Қазақ әдебиеті газетінің бас редакторы болды.

2 (слайд) Хронологиялық кесте - 1937 ж. Тұңғыш өлеңі жарияланды; - 1948 ж. «Өлеңдер» атты алғашқы жинағы жарық көрді; - 1956 ж. «Жаңа көктем» өлеңдер жинағы шықты; - 1957 ж. «Дала таңы» шығармасы; - 1958 ж. «Таңдамалы өлеңдер» атты өлеңдер жинағы басылып шықты; - 1964 ж. Көгілдір таулар жинағы; - 1966 ж. «Шаңқай түс» шығармалар жинағы жарық көрді; - 1970 ж. «Жер нәрі»; - 1972 ж. «Апрель жапырақтары»; - 1972 ж. Таңдамалы лирикалары; - 1972 ж. «Жапырақтар жанады» өлеңдер жинақтары орыс тілінде Мәскеуде басылды; - 1972 ж. «Таңдамалылары» атты 2 томдығы басылды; - 1982 – 1984 жж. 3 томдық шығармалар жинағы; С.Мәуленов қырыққа жуық шығармалардың авторы.

3 (слайд) Жазушы достарымен бірге

4 (слайд) Достарымен бірге

5 (слайд) Туыстарымен бірге

6(слайд) Сырбай ағаның мерейтойында

7 (слайд) «Боранда», «Қош бол, сәулем», «Түбірлер», «Жастығым сені жоғалттым», «Ақ түн» өлеңдері

Топтық жұмыс 

1-топ: «Боранда» өлеңі, «Қош бол, сәулем»

2-топ: «Түбірлер» өлеңі, «Жастығым сені жоғалттым» өлеңі

«Ақ түн» өлеңін оқушылармен бірге талдаймыз. Топпен бірлесіп, өлеңдердің мазмұнын ашу



Ү. Бекіту кезеңі:


ҮІ Қорыту кезеңі.

1)Сабақтан алған түйгендеріне шолу.

2)Мұғалімнің қорытынды сөзі.

ҮІІ. Үйге тапсырма

С.Мәуленов өмірі мен шығармашылығына байланысты сызба құрап келу. Өмірбаянын мазмұндау.

ҮІІІ. Бағалау.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее