«Зимний фестиваль знаний 2025»

"Семейные ценности"

Открытый урок на тему "Семейные ценности"

Олимпиады: Обществознание 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Мектеп: «Мақаншы орта мектеп-бақша» КММ

Мерзiмі: 09.02.2018 ж № 19 сабақ

Тақырып: Отбасылық құндылықтар

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: қайырымдылық, жанашырлық,жауапкершілік

Мұғалiм:Э.Н.Омархунова

Сынып 7

Оқушылар саны: 10

Сабақ мақсаты: Отбасылық құндылықтарды түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

-отбасылық құндылықтарды дұрыс әрекет құндылығының негізінде түсіндіру;

-қайырымдылық, жанашырлық қасиеттерін дамыту;

- оқушыларды отбасы алдындағы жауапкершіліктерін сезіне білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:үнтаспа,

суреттер,нақыл сөздер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық


Жағымды көңіл-күйге келу. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.


2.Үй тапсырмасын тексеру. №19 сабақ 74 бет

«Атасы мен әжесі» мәтінін сұрақтар қою арқылы сұрау,

Сұрақтар:

  • Мұрат қандай құндылықтарды бойына сіңіріп өсті?

  • Сендердің отбасыыларыңда ұрпақтар сабақтастығы сақталғанба? Әңгімелеп бер

  • Отбасыңның тарихынан не білесің? Ата-бабаларыңнан қандай асыл мұра (рухани) қалды? Сенің оған көзқарасың қандай?

Сабақ барысын талқылау:

3.Дәйексөз.

Мұғалім оқушыларды оқулықта ұсынылған сабақтың дайексөзімен таныстырады.Дайексөзді алдымен мұғалім өзі оқып береді. Сосын балаларға дауыстап айтуды ұсынады. Келесі кезекте ұл балалар қйталап оқиды.Содан соң қыз балалар қайталап оқиды.

«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туымқандарына деген сүйіспеншілікпен байланысты»

Н.Назарбаев

Сұрақтар:

  • Дәйексөзден қандай ой түюге болады?

  • Адам бойындағы қандай асыл қасиеттерді білесіңдер?

  • Өздерің Отанға деген, туған-туысқа деген сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіріп жүрсіңдер?


Оқушылардың жауаптарына сүйене отырып, қорытынды жасау. Дәйексөзді дәптерге жазғызу.


5.Мұғалім сыйы. «Бақытты отбасы» видео ролик


5.Шығармашылық жұмыс.

1-тапсырма. Оқулықтағы В.Сухомлинскийдің кеңестерімен танысып, ата-аналарыңның, туыстарыңның алдындағы парыздарың туралы жазу.

2-тапсырма. Дәптерде берілген «Менің отбасым» атты сөзжұмбақты шешу.


6.Топпен ән айту. М.Мақатаевтың «Сәби болғым келеді»


7.Үй тапсырмасы.

№ 20 сабақ «Ұлыма хат» мәтінін оқу, 78 бет


8.Сабақтың қорытынды сәтi.

Балалар денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, , ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар, денелеріңізді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер. Тұла бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыңыздар. Осылайша 1 минуттай отырады. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее