«Осенний фестиваль знаний 2024»

Сақтардың тəуелсіздік үшін күресі

Сақтардың парсы жəне грек македондық əскелерге қарсы күресі баяндалады. Басқыншылардан жерімізді қорғап ұалған сақтардың ерлігі туралы айтылады

Олимпиады: Окружающий мир 1 - 4 классы

Содержимое разработки

6-сынып. Қазақстан тарихы


Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сақтардың тәуелсіздік үшін жүргізген күресі туралы баяндау, оқушылардың ойлау, сөйлеу, іскерлік дағдысын дамыту, отансүйгіштікке, батырлыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ


Әдіс-тәсілдер: кубизм, топтық, жұптық жұмыс, сұра-жауап, ролдік ойын


Пәнаралық байланыс: география, математика


Көрнекілігі: слайд, үлестірме, ватман, маркер, стикер,


Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі

Екі жұлдыз, бір тілек. Сабаққа тілек айту


Үй тапсырмасы

Ғажайып алаң ойыны

Сұрақтарға жауап бере отырып жаңа сабақтың тақырыбын табады.


Үш тілде мағлүмат алысы


Жаңа сабақ

Жоспар:

-Кир әскерінің басып кіруі

-Шырақтың ерлігі

-Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы


Жоспар бойынша сызба арқылы сабақ түсіндіру

Б.з.б 530 жылы сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлері басып кірді. Бұл кезде сақтардың билеушісі Томирис еді. Кир әскерімен Сырдарияға дейін келіп, өз елшілерін Томириске жібереді. Томирис әйел болса да жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ деп жазады рим тарихшысы Помпей Трог. Сақ патшайымы Томирис келіссөз жүргізуден бас тартады. Парсы патшасы Кир сақтарға қарсы шабуылға шығады. Томирис олардың судан өтуіне әдейі мүмкіндік береді. Келесі күні Кир қулық ойлады, әдейі лағерін тастап қорыққан сыңай танытып, кері қайта бастады. Томиристің баласы Спаргапис олардың соңынан қуып, торуылға түсіп қалды. Баласының қайтыс болғанын естіп, Томирис көп әскермен Кирге қарсы аттанды. Нәтижесінде сақтар жеңеді. Парсы әскері қырылып, Кир өлтіріледі.

Б.з.б 519 жылы парсылар сақтарға қарсы қайта шабуыл жасайды. Оларды Дарии басқарды. Дарииді әскерімен жолдан бір сақ жауынгері күтіп алып, өзін сақтардан зәбір көрген етіп көрсетіп, сақтардан кегімді алам, сендерге бастап баратын жолды көрсетем деп оларды алдап, айдалаға әкеп тастайды. Парсы әскері шығынға ұшырап, Дарии кері шегінуге мәжбүр болады. Сақтарды Скунха атты көсем басқарған еді.

Б.з.б 4 ғасырдың 30-жылдары гректер сақ жеріне қауіп төндірді. Александр Македонскии бастаған грек әскерлері Орта Азияға басып кіріп, Сырдария өңіріне қарай аттанады. Грек-македон басқыншыларына қарсы күресті Спитамен атты сақ басқарды. Ол македон әскеріне қарсы үш жыл бойы партизан соғысын жүргізді. Нәтижесінде Александр Македонскиидің жорығы сәтсіз аяқталды.

Осылайш сақтар өз тәуелсіздігі үшін аянбай күресіп, сақтап қалды.


Топтық жұмыс:

1-топ: Постер қорғау

2-топ: Әңгімені аяқтау

3-топ: Ролдік ойын


Сәйкестендіру тесті


Томириске мінездеме


Кубизм әдісі бойынша сұраққа жауап беру

Тест тапсырмасы


Сабақты қорытындылау


Кім жүйрік математикалық ойын


519-490-4-......(25)

519 жыл

490 жыл

4 ғасыр

25 жыл


Биыл тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл


Бағалау «Алма ағашы» әдісі

Жасыл, қызыл, сары түсті алмаларарқылы бағаланады


Үйге тапсырма

Тақырыпты оқып келу

Теңдесі жоқ тәуелсіздік эссе жазу




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Осенний фестиваль знаний 2024»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее