«Весенне-летний фестиваль знаний 2025»

Авторлық бағдарламаның тақырыбы: «Қазақ даласының айбынды билеушілері»

Әрбір мектепте тарихты қызыға оқитын, халықаралық жаңалықтарды қалт жібермеуге тырысатын, болашақта тарихшы, саясаттанушы, халықаралық қатынастар саласын немесе соған жақын мамандықтарды таңдаған, соған барар жолда өз бетінше ізденіп, білімдерін толықтыратын оқушылар бар. Сондықтан да осы оқушылардың қажеттілігін өтеу бағдарламаның өзектілігі болып табылады Біздің елімізде тәуелсіздікке қол жеткізгелі тыныштық сақталуда және еліміз сырт жерлерде болған қақтығыстарға да қатысқан емес, қатыспайды да және дәйекті түрде бейбітшіл сыртқы саясат ұстанады. Бұрын да солай болған. ҚР аз уақыттың ішінде әлемде қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтап нығайтуға өзіндік үлесін қосып, ол халықаралық қауымдастық тарапынан лайықты бағасын алуда. Жас ұрпаққа бейбіт өмірдің адамзат үшін баға жетпес құндылық екенін, ол үшін күресу қажеттігін ұғындыру, яғни оларды бейбітшілік сүйгіштік рухында тәрбиелеу - ең алдымен, мектептегі тарихшы ұстаздардың міндеті. Бұл бағдарлама осындай міндеттерді шешеді деген үміттеміз.

Олимпиады: ИЗО 1 - 7 классы

Содержимое разработки

Авторлық бағдарламаның тақырыбы:


ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ АЙБЫНДЫ БИЛЕУШІЛЕРІ


Тұрдықұлова Қаракөз Елеусізқызы

"Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің "№253 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарих пәні мұғалімі


Аннотация

Қазақстан Респбуликасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі №72 бұйрықтың 15-қосымшасы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 2 сәуірде №34217 болып тіркелген құжатын басшылыққа ала отырып, авторлық бағдарлама жасалынды. Бұл бағдарламада Қазақстан тарихы пәні бойынша Қазақ даласының айбынды билеушілеріне жеке-жеке тоқталып мәлімет берілген. Қазіргі дүние жүзі көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп, ақпараттар тасқыны да өсуде. Бүгінгі жаңалық ертеңгі тарихқа айналуда. Кеше ғана тәуелсіздік алған еліміз де 30 жастан асты. Бұл тарих үшін қас – қағым сәт. Осы аз ғана тарихи қысқа мерзім ішінде республикамыз 100 жылға тең келетін жолды жүріп өтті. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің шаңырағын көтеруде және оны нығайтуда сыртқы саясат ерекше маңызды рөл атқарады. Осы жылдарда еліміз өзінің тәуелсіз сыртқы саяси бағытын дұрыс белгілеп, қалыптастырып, оны тиянақты түрде жүзеге асыруда. Тарихи шындыққа сүйенсек, кез-келген елдің дербестігі мен тәуелсіздігі оның асқақ рухы мен тұщымды тәрбиесінде. Мектеп оқушыларының ой-санасында Отандық тарих арқылы тарихи танымды қалыптастыру - маңызды міндеттердің бірі. Тарихи таным – тәуелсіздігіміздің тірегі. Тарихсыз қоғам, халық, мемлекет болмайды. Ел болашағын айқындайтын білімді ұрпақ Отандық тарихтан тек жүйелі білім алып қана қоймай, саяси үрдістердің, құбылыстардың мәнін дұрыс түсініп, өмірде белсенді әрекет ете алатын саяси сауатты азаматтар болуы керек.

Әрбір мектепте тарихты қызыға оқитын, халықаралық жаңалықтарды қалт жібермеуге тырысатын, болашақта тарихшы, саясаттанушы, халықаралық қатынастар саласын немесе соған жақын мамандықтарды таңдаған, соған барар жолда өз бетінше ізденіп, білімдерін толықтыратын оқушылар бар. Сондықтан да осы оқушылардың қажеттілігін өтеу бағдарламаның өзектілігі болып табылады Біздің елімізде тәуелсіздікке қол жеткізгелі тыныштық сақталуда және еліміз сырт жерлерде болған қақтығыстарға да қатысқан емес, қатыспайды да және дәйекті түрде бейбітшіл сыртқы саясат ұстанады. Бұрын да солай болған. ҚР аз уақыттың ішінде әлемде қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтап нығайтуға өзіндік үлесін қосып, ол халықаралық қауымдастық тарапынан лайықты бағасын алуда. Жас ұрпаққа бейбіт өмірдің адамзат үшін баға жетпес құндылық екенін, ол үшін күресу қажеттігін ұғындыру, яғни оларды бейбітшілік сүйгіштік рухында тәрбиелеу - ең алдымен, мектептегі тарихшы ұстаздардың міндеті. Бұл бағдарлама осындай міндеттерді шешеді деген үміттеміз.


Бағдарламаның өзектілігі:

Бағдарламаның мақсаты: Берілген тақырыптар бойынша тарихи білім беруді жетілдіру, Қазақ билеушілерінің Қазақ тарихында рөлін көрсету, оқушыларға Қазақ хандарының тарихымен таныстыру, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.


Бағдарламаның міндеттері:

- өз тарихын жетік меңгеруге көмектесу;

- рухани құндылығын арттыру;

- талдау жасауға үйрету;

- деректермен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру;

- тарихи даталарды оқушы санасына сіңіру;

- оқушылардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілік қалыптастыру;

- өз еліне, жеріне деген құрметін арттыру.


Бағдарламада Қазақстан тарихы, география, қазақ әдебиеті пәндерімен, тығыз пәнаралық байланыс қамтылған. Қандай да мәселені шешуде оқушылардың қалай ойлайтындығын, олардың ой-өрісін біліп отырудың маңызы зор. Өйткені бұл – оқушылардың қаншалықты пайымдай білетіндігін, оқыған материалды жақсы меңгергендігін анықтауға мүмкіндік береді. Оқушы білімін бағалауда көп талап қойылады. Бүгінгі күннің талабы оқушыны үнемі бағалап отыру. Өз білімін оқушының өзіне бағалатып, өз білімінің деңгейін өзіне ұғындыру. Оқушы өз білімін көтеруге талпынады. Шығармашылық жұмыс жасайды. Олардың білімін тапсырмалар беру арқылы анықталады. Өзіндік жұмыс тапсырмалары беріледі. Оқушы пікірін тыңдау өте маңызды. Пікірлесу арқылы оқушы білімін бағалау.

Оқушы қабілетіне, қабылдау және меңгеру деңгейіне қарай оқушылардың теориялық-практикалық білімін сараптау деңгейіне мынандай диагностика арқылы көрсетуге болады:

- Өз бетінше жұмыс істеу қабілеті;

- Тарихи оқиғаға өз көзқарасының болуы;

- Материалдарды түрлендіру қабілеті;

- Үй тапсырмасын орындау қабілеті;

- Жаңа тақырыпты меңгеру қабілеті;

- Логикалық ойлау дәрежесі;

- Оқушының белсенділігі.

Осы бағалау оқушының қандай деңгейде меңгеріп жатқанын, қандай мәселе туындап отырғанын анықтауға көмектеседі.


Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары:

Оқушылардың білуі және түсінуі қажет:

- тарихи оқиғалар мен құбылыстарға, тарихи қайраткерлердің қызметіне баға беруі;

- тарихи фактілерді талдап, салыстырып қорытынды жасауы;

- тарихи деректермен, білім көздерімен, тарихи құжаттармен, оқу және қоғамдық-саяси әдебиетпен, мерзімді баспасөз материалымен өздігінше жұмыс істеп, оларды оқу үрдісіне пайдалана алуы;

- тарихи оқиғалар бойынша айтылған түрлі көзқарастарды салыстырып тұжырым жасауы.


Күтілетін нәтиже:

- балалардыңтарихсабағыноқуғадегенқызығушылығы артады;

- жан-жақты білімді, іскер, өзіндік ойалғамы, ойлау, сезіну, есте сақтау қабілеттері жоғарылайды;

- анализ жасауды үйренеді;

- оқушылардың белсенділігі артып, өздігінен жұмыс жасау әрекеттеріне талпынады;

- қосымша материалдарды пайдалану арқылы ізденімпаздық қабілеттері артады.


Оқушыларға қойылатын талаптар:

1. Оқиғалардың датасын, хронологиясын білу;

2. Оқиғаның датасын көрсету немесе дата бойынша оқиғаны атауды;

3. Бір топ даталардан қажеттісін табуды;

4. Оқиғалар мен датаны сәйкестендіруді;

5. Оқиғалардың ұзақтығын, хронологиялық ретін анықтауды;

6. Даталарды құбылыстар мен үрдістерге байланыстыра алу;

7. Белгілі тарихи үрдіске қатысты датаны көрсете алуды;

8. Оқиғалар мен процестерді дәуірлеу;

9. Оқиғаның кезеңін, дәуірін анықтауды;

10. Дәуірге бөлудің критерийлерін дәлелдеуді;

11. Тарихи топографияны білуді;

12. Өркениеттер мен мемлекеттердің геосаяси жағдайын сипаттап, суреттеуді;

13. Геосаяси жағдайын салыстыру, болған өзгерістерді табуды;

14. Этникалық, әлеуметтік-саяси, мемлекеттердің құрылуы сияқты үрдістердің нәтижесінде жеке елдердің, аймақтардың картасында болған өзгерістерді көрсетіп, түсіндіруді;

15. Фактілерді, оқиғаларды, аттарын, атауларды, терминдерді білу;

16. Оқиғалар мен құбылыстарды суреттеу;

17. Фактілерді үрдістермен, құбылыстармен байланыстыру;

18. Тарихи оқиғалардың себептік-салдарлық және өзара байланыстарын көрсету.

19. Тарихи оқиғаларды, жағдайларды, құбылыстарды салыстыру.



Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау

(аптасына 1 сағ, жалпы 34 сағ)



Тақырыптар

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе

1


2

Скиф - сақтар

1


3

Ғұндар

1


4

Үйсіндер

1


5

Қыпшақ хандығы

1


6

Жошы – Дешті – Қыпшақтың алғашқы билеушісі

1


7

Дешті – Қыпшақ еліне моңғол шапқыншылығы-ның әсері

1


8

Бату – Алтын Орданың негізін қалаушы

1


9

Ақ Орда мемлекетінің құрылуы

1


10

Ақ Орда мемлекетінің әлеуметтік құрылымы

1


11

Алтын Орданың құлауы

1


12

Ұлы Барақ хан

1


13

Әбілхайыр хан

1


14

Көшпелі өзбек мемлекеті

1


15

Керей хан

1


16

Жәнібек хан

1


17

Бұрындық хан

1


18

Қасым хан

1


19

Мамаш хан

1


20

Тақыр хан

1


21

Бұйдаш хан мен Қожа Махмұд хан

1


22

Хан атағы болған сұлтандар: Тоғым хан, Ахмет хан, Наурыз-Ахмет хан

1


23

Хақназар  хан

1


24

Шығай хан

1


25

Тәуекел хан

1


26

Есім хан

1


27

Тұрсын хан

1


28

Жәңгір хан

1


29

Тәуке хан

1


30

Абылай хан

1


31

Кенесары хан

1


32

ҚР-ның тәуелсіздік алуы

1


33

ҚР-ның БҰҰ- ға мүше болуы

1


34

Жинақтап қорытындылау

1


Барлығы -34 сағ




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


Тарихи зерттеулер мен еңбектер:

1. Мусин Ч. Қазақстан тарихы: Оқулық. – Алматы: «Дәуір», 2005.

2. Аманжолов К.Р. Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлар тарихы. – Алматы: «Білім», 2010.

3. Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдақтар ақиқаты. – Алматы: «Ғылым», 1992.

4. Тарақты Ә. Қазақтың хандары мен билері. – Алматы: «Раритет», 2008.

5. Есенберлин І. Қазақ хандығы тарихы (роман-трилогия: "Көшпенділер"). – Алматы: «Жазушы», 1976.

Деректер жинақтары:

6. Мәлік-Айдар Ә. Қазақ хандары: Деректер мен зерттеулер жинағы. – Алматы: «Қазақ университеті», 2012.

7. "Жеті Жарғы" заңдар жинағы. Қазақ хандығының құқықтық негіздері. – Алматы: «Атамұра», 2005.

Ғылыми мақалалар мен конференция материалдары:

8. Арыстанбекова Ғ. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты. // "Қазақстан тарихы" журналы, 2015, №4.

9. Бөкейханов Ә. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы: тарихи тұлғалар рөлі. // Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конференция материалдары, Алматы, 2015.

10. Сабырова Л. Қазақ хандығының құрылуы: Керей мен Жәнібек хандардың тарихи рөлі. // "Тарихи тағылым", 2014, №3.

Энциклопедиялар мен анықтамалықтар:

11. "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы. Тарихи тұлғалар бөлімі. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1998-2007.

12. Қазақ хандығы: энциклопедия. – Алматы: «Арыс», 2015.

Заманауи зерттеулер:

13. Тілеубаев Ә. Қазақ хандығы: құрылуы мен дамуының тарихи аспектілері. – Астана: «Еуразия», 2019.

14. Мұқаметханұлы Н. Тәуке хан және "Жеті Жарғы" заңдар жинағы. – Алматы: «Арна», 2020.

Халық ауыз әдебиеті мен шежірелер:

15. Қазақ шежірелері. Жинақтаған Ә.Диваев. – Алматы: «Қазақпарат», 2007.

16. Бабалар сөзі. Қазақ эпостары мен аңыздары (100 томдық). – Алматы: «Мәдени мұра», 2010-2015.

Интернет ресурстар:

17. e-history.kz – Қазақстанның тарихы жөніндегі электронды портал.

18. tarikh.kz – Қазақ тарихына арналған ақпараттық ресурс.




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Весенне-летний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее