«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: «Паскаль программалау тіліндегі Графикалық режим»
Пән мұғалімі: Мырзахметова Н.Н.
2018-2019 оқу жылы
Күні: 16.01.2019
Сыныбы: 9м
Пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Паскаль программалау тіліндегі Графикалық режим
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға графика ұғымы туралы және Паскаль программалау тілінің көмегімен графикалық ақпараттарды енгізуде қолданылатын процедуралар мен функциялар туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың графикалық режимде жұмыс істеуге арналған функцияға байланысты суреттер сала алу дағдыларын, логикалық ой-өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: : Оқушыларды компьютерлік мәдениеттілікке, уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Графикалық режимде практикалық сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндірмелі – иллюстративті, практикалық
Көрнекілігі: ДК, оқулық, карточкалар, ілмелі көрнекіліктер
Стратегиялар: «Қайталау – оқу айнасы», «Кері байланыс»,
Сабақтың жүру барысы:
№ | Кезең атауы | Уақыт | Мұғалімнің іс- әрекеті | Оқушының іс- әрекеті |
1
| Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық | 1мин 2 мин | -Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Отыра қойыңдар. Бүгін сыныпта кім кезекші? Сыныпта кім жоқ? «Жүрек лебізі» Жүрек арқылы оқушылар бір-біріне сабаққа тілектер айту |
Жүрек арқылы бір-біріне тілек айтады |
2
| Үй жұмысын тексеру
| 7 мин
| Шариктерді таңдау «Қайталау – оқу айнасы» Бинго ойыны Таңдалған шариктер арқылы сұрақ жауап |
|
Қорытынды Әр жұмысты бағалау EXCEL қою | ||||
3 | Топқа бөлу | 1 мин | Таңдалған шариктер арқылы Тақ жұп сандар болып бөліну Жетістікке жету үшін бізге не қажет? «Арман», «Мақсат» дегеніміз не? Ендеше бірінші топ Арман 2-топ Мақсат болсын. |
|
4 | Топтық жұмыс |
| Оқушыларға тақтадан координаталарын анықтауға фигуралар беріледі 1-топ 2-топ | Берілген фигуралардың координаттарын анықтайды, қорғайды |
5 | Жеке жұмыс |
| Компьютерде осы құрылған суреттердің программасын жазып, шығару Практикалық тапсырма
| Берілген суреттің программасын құрып қорғау ,
|
5 | Қорытынды
| 5 мин | Гүлдер себетіндегі Сұрақтарға жауап беру арқылы Гүлдерді бір-біріне сыйлау | Сұраққа жауап беру |
| Кері байланыс:
|
| Жемістер себеті: Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жеміспен айтып себетке салу | Себетке жеміс салу |
7 | Бағалау | 3 мин | EXCEL қорытынды баға шығару |
|
6 | Үйге тапсырма беру | 1 мин | Берілген тапсырманы күнделікке жазып алады. |