«Зимний фестиваль знаний 2025»

Орыс сыныптарында қазақ тілін оқытудағы инновациялық әдістері

Инновацонные методы преподавания казахкого языка в русских классах

Олимпиады: Викторина "Путешествуя в сети Интернет, будь осторожен!" 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Орыс сыныптарында қазақтілін оқытудағы инновациялық әдістер

Умерзакова Алмира Иброновна

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Қазақ тілі-біздің еліміздің мемлекеттік тілі болып саналады.Қазақ тілі Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы»Заңының 4-бабына сәйкес оқытылады.

Қазақ тілі пәні мектеп оқушының жеке тұлға ретіндегі рухани байлығы мен мәдениеттілігін,біліктілігі мен білімділігін жетілдіру мақсатына бағытталады.

Сондықтан,орыс сыныптарында мемлекеттік тілдің саясатына байланысты оған адамдардың да көзқарасы өзгереді.Біраз жылдар бойы мен орыс сыныптарында қазақ тілін беріп келемін,оның алғашқы да қазіргі де жағдайы маған жақсы таныс.Алғашқы кезде оқушыларды сабаққа қанша қызықтырсақ та,қазақ тілі не үшін керек деп бізге ой туғызатын еді.Ал қазір ондай емес ,оқушылар өздері қазақ тілін білуі міндетті деп сезінеді.Ол біз үшін үлкен жетістік.

Сабақты сапалы,тартымды,қызықты өткізу үшін әрбір мұғалімнің білімділікті,қабілеттілікті,тапқырлықты ізденуін талап етеді.

Осы мақсатта оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін мен қазақ тілі сабақтарында келесі мақсаттардың орындалуын көздеймін:

  • білім беру;

  • тәрбие беру;

  • әлеуметтендіру;

  • оқытуды ұйымдастыру;

  • білімді қалыптастыру;

  • шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру.

Қазақ тілі сабақтарында оқушыларды пікір айту,пікір алмасу,дәлелдеу арқылы олар өз ойын,тұжырымын жасауға үйренеді.Ойлау, пікір алмасу арқылы оқушылар шығармашылық еңбектің арқасында іскерлік шешімді қабылдауға үйренеді,олардың талабы,қабілеттілігі,бағыттылығы,өзіндік «мен»тұжырымы іске асырылады.Сөйлеу арқылы оқушылардың ой-өрісі,мәдениеті,бейімділігі,құзыреттілігі қалыптасады.

Осыған байланысты 5-11 сынып оқушыларын қазақ тілінен алған білімдерін орыс ғалымы И.П.Ивановтың оқу үдерісіндегі психикалық аймағымен пайдалану жөн деп ойладым:

  • білім,білік,дағды аймағы;

  • ақыл-ой жүйесін қалыптастыру аймағы;

  • адамгершілік және эстетикалық сапа аймағы;

  • жеке тұлғаның өзін-өзі басқару аймағы;

  • іс-әрекеттік,практикалық сапаны қалыптастыру аймағы;

  • шығармашылық сапаны қалыптастыру аймағы.

Сондықтан,сабақ беру барысында мен оқушының психологиялық,физиологиялық ерекшеліктеріне аса көңіл аудару керек деп ойлаймын.

Сабақтың ең басты мақсаты-оның дидактикалық мақсатын дұрыс айқындау.Ал дидактикалық мақсат-мұғалімнің алға қойған жоспарын көрсетеді.Қазіргі жаңа оқыту педагогикалық технологияларының алдына қойған мақсаты бірінші орынға оқушының білімін,білігі мен дағдысын емес,оның тұлға ретінде дамуы болып саналады.

Қазақ тілін оқытудың әрбір кезеңінде бағдарламалық материалды оқыту барысында мен оқушыларды пәнге қызықтыру жолдарын қарастырамын.Айтарлықтай оқыту мен тәрбиелеудің интерактивті әдістерін тиімді қолдануға тырысамын.Осы мақсатта сабақ беру барысында мен модульдік оқыту,дамыта оқыту,педагогикалық шеберхана технологияларын қолданамын.Сонымен қатар,тіл дамыту жаттығуларын,ойын элементтерін,көрнекі құралдарды,шығармашылық тапсырмаларды қолдануды жоспарлаймын.

Оқушының тілін дамытуға басты назар аударамын.Олардың оқу,жазу,сөйлеу,тыңдау,сөздік жұмыс және дидактикалық ойындар арқылы өткізілетін жұмыстарына мұқият көңіл бөлемін.

Сабақта қолданылатын жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық,шығармашылық қабілеттері дамиды,олар сабақ үстінде жүргізілетін жұмыстарға белсене қатысып,зерттеулер жүргізіп,өз қабілеттерін,жадын,ойлауын,ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді.

Сонымен,орыс сыныптарында қазақ тілін оқытуда оқушылардың тілін дамытуда мен келесі тірек-сызбада көрсетілген интерактивті әдістерді пайдаланамын:

Интерактивті әдістер:

  • Әңгімелеу;

  • Баяндау;

  • Сұрақ-жауап;

  • Сөйлесу;

  • Сөйлем құру;

  • Монолог,диалог құру;

  • Өз ойын айту;

  • Пікір алмасу;

  • Ой қозғау;

  • Ойды дамыту;

  • Ойды жаттықтыру;

  • Ойды түйіндеу.

Осындай әдістерді қолдана отырып ,оқушылардың тілін дамытуға үлкен жетістіктерге жетуге болады.

























Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее