«Зимний фестиваль знаний 2025»

"Ормандағы аңдар" ашық сабақ

Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін қалыптастыру. Сөйлеу ойлау,қабілеттерін дамыту.Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Олимпиады: Дошкольникам "В поисках приключений"

Содержимое разработки

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің қызметінің

Технологиялық картасы

Білім беру саласы: Коммуникация,Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сөйлеуді дамыту.ҚМҰҚ.

Тақырыбы: «Ормандағы аңдар.»

Мақсаты Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың      үрлерін бір-бірінен ажыратуға үйрету. Аңдарды сипаттауға жаттықтыру, тақпақтар  арқылы тілдерін дамыту.Сөздік қорларын байыту, тәрбиешіні тыңдай отырып, өздігінен байланыстыра сөйлем құрауға жетелеу. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Көрнекілік: орман бейнесі, жануарлар суреттері, аю,қоян,түлкі,қасқыр.



Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Балалар бүгін бізде ерекше күн.
- Ең алдымен келген қонақтармен амандасайық..

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал қанекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме?

Апайлар

Ұйымдастырушылық ізденіс.

Ал, балалар қазір жылдың қай мезгілі еске түсіріп жіберейікші!



Қыс айларын атап беріңдерші?



Қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?

Күн суытады, қар жауады, боран соғады, айналаның бәрін қар

басады.

Балалар біз қыста немен сырғанақ тебеміз және қардан не жасаймыз.

Балалар тыңдаңдаршы, бір дыбыс шығады!

/  Тышқан келеді./

Салеметсиздерме балалар.

Балалар бізге қонаққа тышқан келді.

Жоқ,жоқ мен сендерді орманға қонаққа шақыра келдім.

Ал,балалар орманға қонаққа барайық па

қандай көлікпен барамыз?

Ендеше бізге автобусқа міну үшін билет керек қой.

Ендеше балалар мен сендерге геометриялық пішіндер беремін сол арқылы орнымызды тауып отырайық.

(пішіндерді атап түр түсін ажырату.

Міне бізде орманға келіпте қалдық.

Ой,орманның ауасы қандай тамаша Тышқан орман аңдары қайда кеткен, балалар аңдарды  көреміз деп қуанып келіп еді.

Мен сендердің  келетіндеріңді білген соң аңдарды тығып тастадым, менің тапсырмамды орындасаңдар аңдар келеді.

Балалар біз сендерге әртүрлі тапсырмалар дайындап қойдық, ол тапсырмалар әр ағаштың түбінде жасырулы, апайларың сендерге оқып түсіндіріп берсін.

Балалар тышқанның тапсырмаларын орындаймыз ба?



Орманда қандай аңдар тұрады?

Бұларды жабайы жануарлар дейміз.

Балалар аю қыста не істейді, нені жақсы көреді?

Ал, қасқырдың, түлкінің, қоян, нені жақсы көреді?

Мында аю тұрады,бұл апан

Түлкі мен қасқыр үңгірде тұрады. 

 Аңдар туралы тақпақ білесіңдерме?

Балалар аңдарға арналған тақпақтарын айтып береді

 

  Ақ қоян ау, ақ қоян, 

  Ұзын құлақ, сақ қоян.

   Қаша берсең орманға,

   Қорқағым деп ат қоям.

        

              Түлкі, түлкі қутыңдайсың,

              Айналаңнан тың тыңдайсың.

              Қанша қулық асырсаңда,

              Қасқырдан еш құтылмайсың.

 

   Қасқыр орманда жортады,

   Аяздан ол қорқады.

  Аспанға қарап ұлиды,

  Малды ауылды ториды



Суретпен жұмыс.

 «Ненің баласы» ойын.

Мақсаты: балалардың білімдерін жетілдіру

Барысы: Балаларға суретттерді көрсете отырып, сұрақ қою.

Түлкі баласы - жәутік

Қасқыр баласы - бөлтірік

Аю баласы - қонжық

Қоян баласы - көжек

Жарайсыңдар балалар! Манадан мен сендерді бақылап

отырдым,менің барлық тапсырмаларымды орындадыңдар. Сендерге көп көп

рахмет!өте білімді екенсіңдер!

Балалар ендеше бізде балабақшамызға қайтайық. Тыныс алу жаттығуы.

Тірек сызба мен жұмыс.  


Қазір жылдың қыс мезгілі.


Желтоқсан, қаңтар, ақпан.



Күн суытады, қар жауады, боран соғады, айналаның бәрін қар басады.





аққала, доп жасап,  шанамен  сырғанап ойнаймыз.







Салеметсиз бе тышқан.







Иә

Автобуспен барамыз.





Үшбұрыш,шаршы,дөнгелек т.б.











Иә орындаймыз









Аю, қасқыр, түлкі, қоян. 



Аю қыста ұйықтайды, балды жақсы көреді.


Олар етті, сәбізді жақсы көреді.




Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.

Рефлекстік түзету

Балалар, бізге кім келді?

Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде не істедік?

Орманда не көрдік?Кімді кездестірдік?Орманда қандай аңдар тұрады екен?


Жарайсыңдар балалар! Сендерге көп рахмет!Бүгін барлығын жақсы

қатыстыңдар! Осымен оқу іс-әрекетміз аяқталды,келген қонақтармызбен

қоштасамыз!


Сау болыңыздар


Күтілген нәтиже:

Қабылдайды:Жабайы аңдар олардың ерекшеліктері туралы.

Түсінеді:Жабайы аңдардардың тіршілігі мен мекенін.

Қолдана алады:Жабайы жануарларға қамқор болуды,олардың балалары туарлы мағлұмат алады.















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее