«Жылы жүрек- жақсы тілек» тренинг сабақ
Мақсаты: Мұғалімдердің психологиялық көңіл күйлерін көтеру,өздеріне құрметпен қарауға баулу,ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.
Көрнекілігі: түсті қағаздан қиылған гүлдер,ақ қағаз,қалам,нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Жүргізілу барысы.
Ұйымдастыру.
1. «Саяхатқа бірге шығайық» тренинг
2.Топқа бөлу.
3.Ертегі терапиясы
4. «Паравоз» жаттығуы
5.Ойын жаттығу; «Молекула»
6.Релаксация
7.Қорытындылау
Тренингімізді бастау үшін өз еркімен қатысамын деушілер ортадан орын алсын.
«Саяхатқа бірге шығайық» тренинг ойын.
Шарты:Көңілді әуен ойнап тұрады.Әуен қосылған кезде барлығымыз ортада билейміз, әуен тоқтаған кезде барғымыз кемеге отырамыз. Солай ойын жалғасады.
Мына столдан өздеріңізге ұнаған гүл түстерді таңдап алуларыңызды сұраймын.
Мұғалімдер өздері таңдап алған түстер бойынша топқа бөлінеді. (Қызыл түсті гүл алған топқа «мейірім», сары түс гүл алған топқа «қуаныш»,жасыл түсті гүл алған топқа «шаттық» сөздері жазылған.
Оқушыларға таңдаған түстері туралы мағлұмат беру.
Қызыл түс – өте ерекше сұрақты көп қоятын,ойларын еркін айтатын белсенді адамдар.Бұл топ «» тобы.Таныс болыңыздар!
Сары түс – оптимизм.Бейбітшілікпен шешуді жақтайтын,ақжарқын адамдар. «» тобымен таныс болыңыздар!
Жасыл түс – қиялға бай,шығармашыл адамдар. «» тобымен таныс болыңыздар!
Ертегі терапиясы: «Жүзіктегі жазулар».Баяғыда бір хан болыпты.Оның перзенті болмапты.Хан қартайып,өлер шағына жеткен соң: - Мен өлгеннен кейін,менің ауламның есігін бірінші болып ашқан адам менің орныма хан болсын, - дейді уәзірлеріне.Хан өлген соң уәзірлері қақпа алдында тұрса,бірінші бірінші болып қақпаның есігін бір диуана ашыпты.Ханды жерлегеннен кейін диуананы хан етіп сайлайды.Басқа диуаналар оны көре алмайды да:
Сендер мені күндемей-ақ қойыңдар.Менің өмірімнен сендердің әмірлерің жақсы.Сендер өз пайдаларыңды өздеріңе жұмсайсыңдар,өз бастарыңды ойлайсыңдар.Ал мен болсам,халқымды ойлаймын,халқым үшін қызмет етемін дейді.
Осы сөзді айтып хан диуаналарды шығарып салады.Арада біраз уақыт өтеді.Хан диуаналарды ұмытып та кетеді.Ханға қапа болған диуаналар жиналып әңгімелеседі.Сонда бір диуана тұрып:
Бұл хан бізді менсінбей барады.Біз былай істелік,барлық жиған ақшамызды қосып,бес күміс жүзік істелік.Сол жүзіктердің бетіне бес түрлі өсиет жаздырып,ханға сыйлайық.Сосын патша уәзірлеріне сөйлеген кезде,сол өсиеттерді оқып, мен-менсімейтін болады дейді.
Топтық жұмыс.Диуаналар ханға қандай өсиет сөздерді жүзікке жаздырды.
Әр топ өздері жазған өсиет сөздерін топ алдында оқиды.Бұл жүзікте:
Ұлық болсаң,кішік бол,
Менмен болма
Ең жақсы әдет жомарттық
Кішіпейіл бол.
Кем болма,кең бол,-деген өсиеттер жазылады.
Бұл жүзіктерді тағуға барғанда,диуаналар былай дейді:
-Әр кезде осы жүзіктерге қарап,өсиеттерді оқып тұр.Сонда ғана сені халқың сыйлайтын қадірлі хан боласың.Хан жүзіктерді өмірінің соңына дейін тағып өтеді де,оны ұрпақтан-ұрпаққа қалдыруға өсиет етеді.
Ойын жаттығу: «Паравоз»
Көңілді әуен ойнап тұрады. Қатысушылар бірінің артынан бірі иықтарынан мықтап ұстап тұрады. Бірінші адам «паравоз» ал қалғандары «вагондар». Қимылдағанда вагондардың көздері жұмылған күйде болады. Паравоз вагондардың еш жерге ұрылмай, соғылмай жақсы серуендегенін қадағалайды. Әр қатысушы «паравоздың» да, «вагонның» да рөлінде болуы қажет.
Ойын жаттығу: «Молекула»
Музыка қойылғанда барлық топ ортада билейді.Тоқтағанда жүргізушінің нұсқауымен 2-3-4 т.б. топтасады.Ойын соңында бәрі бірігіп атом құрайды. Мұғалімдердің ойын барысында алған әсерлері туралы ой бөлісу.Әрқашанда ортада өздерін дұрыс ұстай білу керектігін түсіндіру.Ынтымақшыл,бірлікте,сыйласып жүру керектігін ойын арқылы түсіндіріп өту.
Қорытындылау.
«Жақсы мінез – адам – өмірінің сарқылмас байлығы», «Айнымас досы бар адам ең бақытты адам», «Мінезі бірқалыпты адамның өмірі де жаймашуақ болады», «Жақсы көңіл күй – жан тыныштығы» нақыл сөздерін пайдаланып адам өмірінде жақсы қарым-қатынас жасау үшін мінездің алатын орны ерекше екендігін түсіндіре отырып жұмысты аяқтау.
«Смаилик» психологиялық тренингке қатысушы адамдар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін «смаилик» көмегімен көрсетеді.