«Зимний фестиваль знаний 2025»

"Ондық бөлшектер мен жай бөлшектерге амалдар қолдану"

Наурыз мерекесімен байланыстырылып өткізілген жарыс сабақ.

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Күні: 17.03.2017

Пәні: Математика

Сыныбы: 5 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектер мен жай бөлшектерге амалдар қолдану.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ондық бөлшек және жай бөлшектерге амалдар қолдану тақырыптарын қайталау.

Дамытушылық: Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлай білу дағдыларын дамыта отырып, ондық бөлшек және жай бөлшектерге амалдар қолдануды өмірде пайдалана білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, сыйластыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Көрнекіліктері: наурыз мерекесіне байланысты суреттер, слайд, кеспе қағаздар, теңгелердің суреті, жетондар, түймедақ гүлінің суреті

Әдіс-тәсілдері: Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы, жеке жұмыс

Сабақтың  барысы:  

І. Ұйымдастыру. а) Амандасу

ә) Оқушыларды түгендеу

б) Сабақтың мақсатын нұсқау

ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру.

ІІ. Қайталау  сұрақтары (қалташаға ұлттық тағамдарымыздың бірі құртты салу арқылы мұғалім оқушыларға оны лақтырып сұрақ қояды)

 1) Алымы 1-ге тең дұрыс бөлшек не деп аталады?

 2) Бөлшекті бөлшекке көбейту дегеніміз не?

 3) Көбейтіндісі 1-ге тең тең болатын екі санды қалай атайды?

 4) Ондық  бөлшектер және жай бөлшектер деп неге айтамыз?

Сабағымызды  жарыс  сабақ  түрінде  өткізетін  болғандықтан  мақсатымен  таныстыру. Оқушыларды  үш  ауылға  бөліп, әр  ауылдың  билері, палуандары, мергендері сайланады.

 Аулымызда  Наурыз  тойы. (Наурыз тойы туралы түсінік беру) Осы  тойға  әр  ауылдың  әкелген  шашулары  бар  шығар.

ІV. Тақырып бойынша есептер шығару. Оқулықпен жұмыс.

Той басталды. Той – думанның  шарттарымен  танысу.

 1) Палуандар  күресі (Қазақтың ұлттық ойындары туралы түсінік беру)

 2) Теңге  ату

 3) Аламан  бәйге (Бәйге, ат жарыстары туралы түсінік беру)

 4) Билер  төрелігі (Үш би туралы, төрелер туралы түсінік беру)

 1 – ші  шарт  бойынша  тақтаға  екі  «палуан»  шығады.

 № 1465; 1466; 1467 есепті  екеуі де  орындайды.

 Екі  палуанның  жеңгені  отырады, жеңілгенімен келесі  палуан  шығып  екіншісін  орындайды.

Бұл  екеуінің  жеңгені  мен  біріншісі  жеңген  палуан  есептің  үшіншісін  орындайды.

2 – ші  шарт  бойынша  теңге  ату.

Үш  ауылдан  екіекіден  оқушы  шығады. Тақтадағы  теңгелерді  таңдап  алып, жауаптарын  стол  үстінен  тауып, алып  іледі.

 3 –ші  шарт  бойынша   «Аламан  бәйге» Ережені бекіту мақсатында

Қасқыр өзінен м қашықтықтағы түлкіні 16,8м/с жылдамдықпен қуды. Түлкі қасқырдан 10,5 м/с жылдамдықпен қашты. Қасқыр түлкіні неше секундта қуып жетеді?

Шешуі: 16,8-10,5=6,3

: 6,3=12секунд

Жауабы: 12секунд  

4 – ші  шарт. Билер  төрелігі.

 Әр  ауылдың  билері өзінің тобына әділ баға беретін болады.

V. Қорытындылау.

VI. Бағалау. Белсене қатысқан оқушылар жетондар саны арқылы бағаланатын болады.

VII. Үйге  тапсырма  беру.1469; 1470

                             

 



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее