«Зимний фестиваль знаний 2025»

Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері.

Қазіргі білім берудің басты мақсаты — шығармашыл тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту — мектеп мұғалімдердің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.

Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат — оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет- оқушылардың шығармашылылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми- зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастардың танымдық, шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге, дамытуға ден қою қажет.

Шығармашылық дегеніміз — оқушының белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы түрі. Бұл мәслені шешуде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін — оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруге жол ашады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын үш кезең арқылы жүзеге асыруға болады.

Бірінші кезең – жаңаны, тың нәрсені дамыту, түпкі идеяны табуға ұмтылу. Бұл кезеңде әдеби шығармашылық тапсырмалар беріліп, төмендегідей талаптар бойынша жұмыс жүргізіледі: шығарманы бөлімдерге бөліп, тақырыбын жазып келу; кейіпкер тобын ажыратып, олардың арасындағы шиеленісті түсіндіру; шығарма мазмұнына сай қанатты сөздерді ойлап жазу; әңгіменің белгілі бір бөлімінің көркемдік ерекшелігіне талдау жүргізу.

Олимпиады: ИЗО 1 - 7 классы

Содержимое разработки

Жоспар

I.Кіріспе.
Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері.

II.Негізгі бөлім.

1.Танымдық, шығармашылық қабілетті дамытуды педагогикалық тұрғыда сипаттау.

2.Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытудың психологиялық ерекшелігі.

3.Танымдық, шығармашылық қабілетті дамытудың жолдары мен шарттары.

III.Қорытынды.

Шығармашылық қабілетті дамытудағы мұғалімніңіс- әрекеті.

Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана

шәкірт жанына нұр ұялата алады.

Ахмет Байтұрсынұлы

Қазіргі білім берудің басты мақсаты — шығармашыл тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту — мектеп мұғалімдердің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.

Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат — оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет- оқушылардың шығармашылылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми- зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастардың танымдық, шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге, дамытуға ден қою қажет.

Шығармашылық дегеніміз — оқушының белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы түрі. Бұл мәслені шешуде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін — оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруге жол ашады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын үш кезең арқылы жүзеге асыруға болады.

Бірінші кезең – жаңаны, тың нәрсені дамыту, түпкі идеяны табуға ұмтылу. Бұл кезеңде әдеби шығармашылық тапсырмалар беріліп, төмендегідей талаптар бойынша жұмыс жүргізіледі: шығарманы бөлімдерге бөліп, тақырыбын жазып келу; кейіпкер тобын ажыратып, олардың арасындағы шиеленісті түсіндіру; шығарма мазмұнына сай қанатты сөздерді ойлап жазу; әңгіменің белгілі бір бөлімінің көркемдік ерекшелігіне талдау жүргізу.

Екінші кезең — қиял, ұшқыр ой қалыптастыру. Бұл кезең -оқиға құрудың, образ жасаудың мүмкіндігі бар кезең. Мұнда оқушыға ертегі, әңгіме, мақалдарды жалғастырып жазу және аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік беріп, оқиғаны дамыта отырып, шығармашылық жұмыс істейді. Өз бетінше іздену — шығармашылық қабілетті ашудың көзі. Бұл бағытта төмендегідей жұмыстар арқылы оқушының таным көкжиегін арттыра түсеміз.

1. Логикалық ойын дамытатын тапсырмалар (сөзжұмбақ, ребус шешу, жұмбақ, мақал-мәтел, қанатты сөздер құрастыру).

2. Берілен тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (мәтінді өңдеу, берілген мәтіннен диалог құрастыру).

3. Өз ойынан еркін тақырып құрастыруға берілген жұмыс түрлері (өлең, ертегі, әңгіме, шығарма жазу).

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін басым міндетті оқушының өз қолына беріп отырған дұрыс. Бұл орайда сыныпты топқа бөліп тақырыпқа сәйкес өлең құрастыру, қанатты сөз ойлап табу, шағын мөлтек сыр жазу тапсырылады.

Үшінші кезең – тапқырылық пен шеберлікке шыңдалу кезеңі. Бұл кезеңде оқушы белгілі бір шығармаға өзіндік көзқарас білдіріп, пікір жазады, мәтінге әдеби-теориялық толық талдау жүргізеді, кіші ғылыми жұмыстарды қорғайды, әңгіме жазады. Осы үш кезеңнен өткен оқушы нағыз шығармашыл тұлға болып дараланады.

Сабақ барысында баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруды басты назарда ұстау керек. Бала өзінің бұған дейінгі білетін білігінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезінетідей жадайға тірелуі керек. Сонда ғана ол білуге ықыластанады, әрекеттенеді. Сабақ барысында мұғалім ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ретінде болуы тиіс. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Оқушы өз тұжырымын дәлелдеуге талпыныс жасайды. Әдіскер-ғалым Қ.Тасболатов «Проблемалық ситуация тудыру — оқушыларға сұрақ қойып, оны шешу ғана емес, мұндағы сұрақ оқушыға бейтаныс, өздігінен ізденіп, өзінше қорытынды жасай білетіндей сұрақ болуға тиіс» дейді. Бұл орайда оқушыларға танымдық сұрақтар қоюдың маңызы зор.

Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс — әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс — әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет, білігін ұштай түседі.

Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар:
*оқушының танымдық іздемпаздығы қалыптасады;
*сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;
*шығармашылық ой — өрісі артады;
*кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдарымен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;
*ұжымдық ой — пікірлері жетіледі, топ мүшелерінің пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді;
*мұғаліммен оқушылардың қарым — қатынасы ынтымақтастықта болып, сенімділіктері артады;
*оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;
* білімін жүйелі түрде толықтыруға үйренеді;
*өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға үйренеді;
*тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді;

*оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін таниды;

*дүниетанымы кеңейіп, рухани дамиды;

*дарынды тұлға ретінде “мен” деген пікірі қалыптасады;

* бәсекелестік қабілеттері дамиды;

*мұғалімге тәуелділіктен арылып, шығармашылық жұмыстарға белсене араласуға үйренеді.

Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық жұмысқа баулу, ізденушілік әрекеттерін жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің маңызы зор. Үйірме, факультатив сабақтарын, таңдау курстарын, пәндік кештерді, КВН, конференция, дәстүрлі емес сабақтар түрлері, дебат ұйымдастыру шығармашыл тұлғалардың ашылуына көп септігін тигізеді. Олар өздіктерінен ғылыми-бұқаралық әдебиеттер оқуға және әдістемелік журналдармен жұмыстар жасауға жаттығады, зерттеушілік іскерліктері мен машықтары шыңдалады.

Пәндік бағыт бойынша оқыту, үйрету әдістері арқылы оқушылар бойында мынадай дағды-әрекеттер қалыптасады: өз бетінше шығармашылық ізденіс жұмыстарын жүргізеді; зерттеу тәсілі арқылы көркем шығармаға идеялық-көркемдік баға беретін дәрежеге жетеді; түрлі сайыстарға қатысу белсенділігі артады; пәндік теориялық білігі молаяды; ойын әдеби тілде көркемдеп жеткізе алады; көркем шығармаға әдеби-теориялық кешенді талдауды меңгереді; сөйлем талдаудың кешенді жолдарын игереді; барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады; ақпараттармен өз бетінше жұмыс атқара алады.

Қазіргі таңда мектеп алдындағы ең басты міндет — оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық игіліктер мен адамзаттың мәдени мұраларының сабақтастығын сақтай отырып оқушылардың дүниетанымы мен шығармашылық қабілетінің қалыптасуына жағдай жасау.

Әдебиет пәнінің жас ұрпақты уақыт талабына сай етіп тәрбиелеу ісіне қосар үлесі үлкен. Оқушы осы пәннің талабын орындау мақсатында түрлі жанрдағы көркем шығармаларды оқиды, ізденеді.

Ұстаз жас жеткіншектің жан-жақты дамуына, оның бойында жасырын жатқан шығармашылық қабілетті ашу және белсенді әрекетке келтіру жолында тынымсыз ізденісте болу керек. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні– оқушыға өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, күнделікті өмірінде қажетіне жарайтындай білім бере алатын аса білікті пәндердің бірі.

Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, оларды білуге ынталандыру, шығармашылыққа ұмтылдыру, ойлана, іздене білім алуға, өз ойын дәлелдеп, тиянақты айтып беруге дағдылану сияқты сапаларды оқушы бойына дарыту — білім саласының өзекті мәселесі.

«Оқыту үрдісінің үш түрлі құрамды бөлігі бар, ол — ғылым, шеберлік, өнер» дейді белгілі педагог В. А. Сухомлинский. Осы қасиеттер мұғалім бойынан табылса, сонда ғана ол сабақ үстінде білімділік пен тәрбиелік мақсаттарды жүзеге асыра алады.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда мына жолдарды есте ұстанған жөн:

1. Сабақты халық педагогикасымен ұштастыра отырып оқыту

Оқыту мен тәрбиенің қайнар көзі — халықтық педагогика. Балаларды халықтық салт — дәстүрді, әдет — ғұрыпты қастерлеп құрметтеуге үйреткен, тәрбиелеген абзал. Халық педагогикасының түрлерін сабақта пайдалану — оқушылардың сабаққа қызығушылығын, белсенділігін, шығармашылық қабілетін дамытуда өте тиімді екені мәлім.

2. Өнермен байланыстыра оқыту

"Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі"

(Мұхтар Әуезов).

Көркемөнердің бір саласы болып келетін әдебиет пәнінің басты құралы — сөз өнері. Ендеше "Әдебиет пен өнерді" байланыстыра оқытуды жүйелі түрде сабақ барысында қолдану нәтижесі жоғары жетістіктерге жетелейді;

3. Пікірталас түрлерін пайдалана отырып оқыту (пікір алмасу, ойталқы, ойкөкпар, пікірсайыс, т.б)

Пікірсайыс сабақтарын өткізу үшін алдымен жақсы жағдаят бола алатын тақырып таңдалғаны жөн. Тақырып сәтті таңдалған уақытта оқушылардың этикалық — эстетикалық талғамын оятып, сезіміне әсер етіп, білім іскерліктерін, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыта аламыз.

4. Сыныптан тыс шығармашылық жұмыстарды өткізу (Мысалы: "Әдебиет көшбасшысы" зияткерлік сайысы, жыр мүшәйраларын өткізу, Абай, Шәкәрім, Сәкен, Ілияс, Мұқағали оқулары, ақындар айтысы, т.б.)

Осы орайда оқыту үдерісін ұйымдастыру, дәстүрлі, дәстүрлі емес түрлерін қолдану, сыныптан тыс жұмыстардың әсерлігін арттыру — оқушы қабілетін анықтауға негізделген маңызды әрекеттер екені сөзсіз.

5. Ғылыми — зерттеу жұмысына баулу, бағыттау

Оқушыларды ғылыми жұмысқа баулудың басы оларды өз беттерімен орындалатын зерттеу, іздендіру бағытындағы тапсырмаларға төселдіруден басталады.

Шеберлік — сөздің орнын таба білу. Әрбір сабақ басталар алдында оқушыны қызықтырып әкететіндей кіріспе ойлап табу керек. Бейнелі сөздер, қызықты мәлімет, тартымды үзінді оқу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Біздің мақсатымыз — мұғалімді тыңдап қана отыратын, сұрасаң ойын емес, бойын көрсететін оқушы емес, керісінше, өз пікірін ашық айтып, тыңдаушысын нандыра алатын, ана тілінің асыл маржандарын өз шығармашылығында қолдана алатын жеке тұлға, азамат даярлау.

Шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі қай кезде де ойшылдар мен ғалымдардың назарындағы нысан болып келеді. Психологтар шығармашылық қабілетті дамытуды тұлғаны дамытудың ең басты тетіктерінің бірі ретінде қарастырады, өйткені шығармашылық іс — әрекеттің нәтижесі оның қайталанбайтындығымен, бірегейлігімен ерекшеленеді.

Қазақ тілі сабағында оқушыларды шығармашылық жұмыстарға жетелеуде жазба жұмыстарының маңызы зор. Жазба жұмыстары — оқушының іс-әрекетіне негізделген ой еңбегі, шығармашылық ізденісінің жемісі, білімінің көрінісі.

Қазақ тілінде жазба жұмыстары арқылы шығармашылық жұмыстарға қол жеткізу — мұғалімнің де шеберлігін талап ететін өнімді ізденіс.

Қазақ тілінде жүргізілетін жазба жұмыстарының мақсатын А. Жапбаров төмендегіше көрсетеді: «Жазу жұмыстарын жүргізудегі басты міндет — шәкірттерді кітаппен жұмыс істей алуға, өздігінен іздене білуге, өмірден көрген, тұшынған мәселелерге байланысты пікірін дұрыс жеткізіп, ой — түсінігін, сезімдік әсерлерін нақты тұжырымдап жаза алуға үйрету болуға тиіс».

Тілді оқытуда жүргізілетін жазба жұмыстары оқушылардың жазылым әрекетін қалыптастырады. Осы әрекетті орындау үшін жазба жұмыстарының бірнеше түрлері қолданылады. Жазба жұмыстарының түрлеріне жаттығулар, түрлі мәтіндер, диктант, мазмұндама, шығарма, т.б. жатады. Жазба жұмыстарының бұл түрлері өтілген әр тақырыптың ыңғайы мен мазмұнына сәйкес белгіленіп, оқушылардың теориялық білімдерін нығайту мақсатында жүргізіледі, яғни, жазба жұмыстары бұрын өтілген грамматикалық материалдарды оқушылардың санасына тұрақтандырып, ақыл — ой әрекеттері арқылы тиянақты меңгеруге бағытталады.

Оқушылардың шығармашылық әрекеті мен танымдық қабілеттерін арттыруда мәтіннің алатын орыны ерекше. Әдеби шығарманы оқып — үйренуде оқушы өзінің шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, сол оқыған туындысы негізінде ой — тұжырымдар, дұрыс пайымдаулар, тың қорытындылар жасауға ұмтылады. Мәтіндерді оқу, талдау барысында оқушылардың оқиғаға қатысты өз ойларын жеткізулеріне, әңгіме кейіпкерінің қылықтарын бағалай білуіне, автордың оқиғаға қатысы, көзқарасы қандай екендігін анықтай алуына назар аударылуы тиіс.

Жаттығулар мақсатына қарай тіл дамыту, тіл ұстарту, сөз мәдениеті құралдарын қолдану жаттығулары деп, ал тапсырмалар сипатына қарай ізденімдік, проблемалық және шығармашылық болып бөлінеді.

Проблемалық және шығармашылық тапсырмалар оқушылардың ойлау, танымдық, қатысымдық қабілеттерін дамытуға бағытталады. Бұл жұмыстарда мәтіндерді редакциялау, мәтін бойынша өзгеше нұсқа құру, эссе, шағын шығарма жаздыру секілді жұмыстармен қатар жоба жасау, проблемалық жағдаяттарды шешу, сөзжұмбақтар және т.б. әрекеттер қамтылады.

Жазба жұмыстарының ішінде оқушылардың өзіндік ойын, тілін қалыптастырудағы жұмыс түрі шығарма болып табылады. Ол — оқушылардың шығармашылық еңбегі.

Оқушыға шығарма жазғызудағы мақсат — оның ойын, пікірін әдеби тілмен жатық, сауатты жаза білуге және шығармашылық ізденіске баулу, логикалық ой өрісін кеңейтуге машықтандыру.

Көркем мәтінді меңгертуде жиі қолданылатын жазу жұмыстарының бірі — мазмұндама. Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылар оқыған мәтінді қабылдап, сол қабылдағандарын қайта жаңғыртуға тиіс және естерінде қалған мәліметтерді өз сөздерімен жазып беруге дағдыланады, сөз тіркесін құру, сөйлем құрау шеберлігіне жаттығады. Мазмұндама жазу арқылы бірқатар сөз тіркесі мен сөйлемдер, бейнелі сөздер оқушының есінде қалады, оқылған мәтінді қайта жаңғырту үшін сөздер мен сөйлемдерді бір — бірімен байланыстыруға жаттығады.

Мазмұндама жаздыру- оқушылардың тілдік материалдарды орынды қолдана білуге, жазбаша сөйлеудің ерекшелігі мен мәтіннің синтаксистік құрылысын меңгертуге, ең бастысы — қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді. Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда мазмұндаманың мынадай түрлерін жүргізуге болады: дайын мәтін бойынша мазмұндама, сурет бойынша мазмұндама, аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама.

Жазба жұмыстары оқушылардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі. Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасы, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу және одан қорытынды жасау қасиеттері байқалып тұруы қажет.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс.Олар:
1.Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;

2.Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болу;

3.Шығармашылық іс- іс-әрекетке жағдай туғызу.

Шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың төмендегідей түрлері бар:
*Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау

*Арнайы бір тақырыпқа пікірталас тудыру

*Шығарма, шағын әңгіме құру

*Сөзжұмбақ құру, шешу

*Қиялдау арқылы сурет салу.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып тілін байыту қиялын ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы әлемдікбілім кеңістігіне ұмтылу — мектеп оқушыларыныңдербестігін, ізденімпаздығын, белсенділігі меншығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талапетеді. Сондықтан оқушылардың мектепте оқыпжүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайындапайдалана білуге үйрету қажеттілігі туындайды. Бұлміндеттердің жүзеге асуы оқушылардыңшығармашылық іс-әрекеттерін оңтайлыұйымдастыруға тікелей байланысты.

Шығармашылық — танымдық іс-әрекет нәтижесіболып табылады. Осы жерде шығармашылықұғымына тоқтала кетейік. Шығармашылық дегеніміз— өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігіменерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіліктің, білім менбіліктіліктің, түрткінің (мотивтік) болуы.

Көптеген зерттеулерді талдау нәтижесіндешығармашылық іс-әрекет нәтижелері оқушыныңжеке тұлғасына, біліктерінің жетілуіне, психологиялық тетіктер аркылы оң әсерлері баррефлексия нәтижесінде өз әрекетіне және соләрекеттің бірлескен іс-әрекет мазмұны мен түрінесәйкес көзқарастары қалыптасатыны анықталыпотыр.

Оқу үрдісінде танымдық тапсырмаларды орындаушығармашылықты, ізденімпаздықты талап етеді, сондықтан мұндай тапсырмаларды орындау: өзекті мәселені табу, мақсаты мен міндеттерін айқындау, зерттеу әдіс-тәсілдерін белгілеу, болжам құру, болжамды тексеру, нәтиже, іс-әрекет рефлекциясыкезеңдерімен жүзеге асады.Оқу жұмысына шығармашылық мақсат қою, оныжоспарлау оқушыдан зеректік, ізденімпаздық, енбеққорлық, шабыт, мақсаткерлік, белсенділік,қызығушылық, өмірлік белсенді ұстаным сияқтыкөптеген касиеттерді талап етеді. Мұғалім оқушылардың танымдық іс-әрекетінтиімді ұйымдастыру біліктерін дамытуы кажет.Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетінжетілдіру бағыты танымдық біліктерінің қалыптасубелгілеріне, танымдық тапсырмаларды орындаумүмкіндіктеріне қарай оларды шартты түрде мынадай3 топқа бөлуге болады.

Бірінші топ— танымдық іс-әрекетте табанды, міндеттері мен мақсатын біледі; ізденімпаз, пәнбойынша дербес шығармашьлық жұмыстарға белсенеқатысуымен ерекшеленеді.

Екінші топ- ізденіске ұмтылады, бірақшығармашылық тапсырмаларды орындауға барлықуақытта бірдей бейімділік көрсете бермейді.

танымдық тапсырмаларды орындау әдіс-тәсілдерінтабуға құлшыныс білдіреді; тапсырмалардыорындауда мұғалім көмегін кажет етеді.

Үшінші топ— шығармашылық сипаттағытапсырмаларды орындауға құлықсыз; белсенділігітөмен; репродуктивті сипаттағы тапсырмалардыұнатады; жұмысты орындауда үлгіні кажет етеді, оныорындауда көмекті қажетсінеді.

Сонымен, шығармашылық іс-әрекет талаптарын, сондай-ақ оларды мектепте ұйымдастыру жолдарынзерттеу — мәселені дамытып, жетілдіру тетігінанықтауға және мынадай тұжырымдар жасауғамүмкіндік береді:

*оқушылардың шығармашылық дербестігіндамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруғаболады;

*танымдық іс-әрекет түрлері төменнен жоғарықарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйеменжүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;

*танымдық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастырубіліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуыоқушыларды шығармашылыққа баулиды;

Оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындаумүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыстүрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор.Танымдық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді пайдалану зияткерлік қабілеттеріндамытып, оқу-танымдық және ғылыми ізденістер
жасауға талаптандырады.Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын қалыптастыруға бағытталған шақтар түрлері төртке бөлінеді: «танымдық, коммуникативтік, шығармашылық, әдіснамалық».

Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын арттыруда шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін өткізудің маңызы зор.Мұндай түрдегі сабақтардағы түрлі оқу жұмыстары оқушының шындық белсенділігін арттырып, оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін, яғни материалының негізгі ұғымдары мен тұжырымдарын айыру, жаңа материалды өткен материалмен салыстыру оларды белгілі жүйеге топтастырады және қортындылау жасау сияқты амалдарды дайындауға үйренеді.

Шығармашылық сабақтардың жоспарын жасауда оқушының шығармашылық әрекетінің бағдарына сәйкестендіріп, олардың қабілеттері ескерілуі тиіс. Оқушылардың шығармашылық әрекетін тудыратын сабақтарды өткізу жоспары мен кезеңдерін қарастырамыз.

Шығармашылық сипаттағы сабақтардың жоспарын жасау үшін
тақырыбы, мақсаты, әрекет түрі және нәтижелері бір-біріне жуық
байланысты сабақтарды топтастырып, таңдап алуға болады. Жалпы бағдарламада көрсетілген пәндік сабақтардың әр тарауында жететін жетістіктері негізінде оқушылар білім алуда нәтижеге жетеді.

Оқушылардың шығармашылық әлеуетін көтеруді мұғалім алдына
мақсат етіп қояды. Мұғалім оқушы күйіне кіріп, олардың тақырыпқа қатынас әрекетін ойлайды, өтілетін сабақтың проблемасына қажет жағдайда жоспарланған сабақ мазмұны мен оқыту әдістеріне түзетулер енгізеді.Сабақ тақырыбы бойынша мұғалім оқулықтар, кітаптар, әдістемелік кітаптар, басқа да материалдармен танысады. Мұғалім өзіне, оқушыларға қызықты болатын мәселелерді іздестіреді. Осы мәселелер жөнінде көптеген материалдарды қарастырып, мамандардың пікірлерін ескере отырып, табу қажет. Әр оқушының пән бойынша ізденімпаздық деңгейлері анықталады. Сонымен қатар пәнге қабілеттілігі, қызығушылығы анықталады. Шығармашылық — әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерінің, танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді.

Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады.Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу. Шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі нақ мектепте басталады. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.

Ұстаздық тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым:

*рухани бай, жан-жақты, түсінігі мол, өзін-өзі басқаруға, бір-бірінің пікірін тыңдап, бағалай білуге қалыптастыру;

*әдебиет сабағында оқушылардың қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдісін қалыптастыра білу;

*ойын ажарлап ашуда тіл шеберлігіне мән беру;

*қосымша әдебиеттер оқып, білімді күнделікті толықтыру;

*«сенің қолыңнан келеді», «сенен үміт күтеміз» деген сөздермен үнемі шабыттандырып отыру;

*үй тапсырмасын беруде оқушы бейімділігін, қабілетін ескеру.

Өзім жүргізетін сабақтарда оқушыларға бес түрлі деңгейде тапсырма беремін.

Оның бірінші деңгейінде мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айта білу;
Екінші деңгейінде образдарға мінездеме беру;
Үшінші деңгейінде шығармадағы метафора, эпитет т.б. да көркем сөздерді тауып оқу, дәптерге тіркеу;

Төртінші деңгейінде мәтінге деген өз көзқарасы, оны өз ойымен аяқтау, баға беру;

Бесінші деңгейінде мәтінге байланысты өз шығармашылығы бойынша жұмыстар жүргізу. Міне, осы әдістерден кейін тапсырмаларды орындау-шығармашылық жұмыстың бастамасы болмақ.

«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «Оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» — дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.

Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «…Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». Педагог ғалымның айтқанының сөз өнері — әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді».

Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері өте көп.

1.Тәрбие сағатында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Тәрбие сағатының өзінде де оқушы шығармашылығына үлкен жол ашуға болады. Ол үшін мен мынадай жолдарды атап өтер едім:
*Өтілетін тақырып бойынша оқушыға тірек сөздер беріледі де, шығарма немесе ойтолғау жаздыруға болады;
*Тақырып мазмұнына орай сурет салдыру;
*Өтіп отырған тақырыбымызға байланысты қосымша мақал-мәтел, нақыл сөздер жинастырып келу;
*Өлең шығарту.
2. Әдебиет сабағында оқушының шығармашылық қабілетін дамыту:
*Қазақ поэзиясына және прозасына композициялық талдау;
*Ақынның өмір жолына байланысты хронологиялық кесте толтыру;
*Ақын-жазушылардың дүниеге келген жерлерін облыс, аудан, аймақ бойынша топтастыру;
*Кейбір тақырыптарға шығарма, пікір, ойтолғау жаздыру.
3. Үйірме жұмыстарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту:

*Ертегі құрастырту;
*Ақындардың стилі бойынша өлең шығарту;
*Диалог құрастырту;
*Әңгіме, ойтолғау жаздыру;
*Ақындарды өлеңдерін жазып, жаттау;
*Реферат жазу
4. Әдебиет туралы пікірлер жинату

Оқушының жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін дамыту бүгінгі күннің негізгі мәселелердің бірі. Себебі: оқушылар өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетінше білімді тәжірибеде, өмірде пайдалануға дағдыланбаған. Осы мәселені шешу жолында оқу материалын түсіндіру кезінде оқушылардың сезіміне, эмоцияға ықпал ету арқылы ынта-ықыласын, қызығушылығын күшейту қажет.Ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі — әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.

Осы орайда өзімнің ұстаздық тәжірибеме сүйене отырып, шығармашылық жұмыс нәтижелерінің жемісін көрсете кетейін.

«Жас қалам» әдеби-шығармашылық үйірме оқушыларының Халықаралық «Дала» журналында және Республикалық «Алтын Орда» газетінде жарық көрген шығармалары

Аймақтық «Бәйтерек» газетінде жарияланған шығармалардан

«Тілім – терең қазығым, рухани азығым» атты қалалық сыныптан тыс жұмыста көрсетілген шығармашылық жұмыстардан көрініс

«Сыныптан тыс жұмыс – оқушы шығармашылығының бастауы» атты қалалық сыныптан тыс жұмыстар байқауында көрсетілген шығармашылық жұмыстан көрініс.

Әдебиет — сөз өнері. Әдебиет — әсемдік әлемі. Адам жанына жалын шашатын да, сәби жүрегіне адамгершілік нұрын шашатын да — әдебиет. Әр оқушы — бір Жұлдыз. Жарқырауына жәрдем беретін — мұғалімдер. Сондықтан әр ұстаз сол жұлдызды сөндіріп алмай, мәңгілік жағатын құдірет иесі болуы керек. Ол үшін оқытудың түрлі тиімді тәсілдерін меңгеріп, оны күнделікті сабақта қолдана білуі тиіс.

Педагог К.Д. Ушинский былай деген: “Біз жан-жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны жан-жақты зерттеп білуіміз керек”. Осы ой бүгінгі таңда мұғалім әрекетінің тұжырымдамасы іспеттес. Соған байланысты оқушының тұлғалық құрылымы мен басты белгілерін және сапаларын анықтаудың мәні зор.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.М.И.Махмудов. мектептегі проблемалық оқытуды ұйымдастыру.

А., «Мектеп», 1981, 247-б.

2. Л.С.Выготский. Педагогическая психология. М.,1967.

3. А.Жапбаров. Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері.

А., «Қаз.унив.», 1991, 128-б.

4. С.Абубәкірова. Текстпен жұмыс істеудің әдістемесі. А., «Қаз.унив.»,

1993, 105-б.

5. Ж.Аймауытов. Психология. А., «Ғылым» баспасы, 2004

6.К.Д.Ушинский. Педагогика. М., «Просвещение», 1980

7. Бабаева Ю. Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. М. 1997г.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее