«Зимний фестиваль знаний 2025»

Негізгі және туынды зат есім

Қазақ тілі пәнінен 3 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки



Пән: Қазақ тілі

ОМЖ:

Күні: 24/01-2020 ж.

Сынып: 3 «А»

Мектеп: « Рахат орта мектебі» КММ Сабақ №74

5-бөлім: «Өнер»

Мұғалімнің аты-жөні: Г.Каиркулова

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Негізгі және туынды зат есім

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар

құрастыру және жауап беру;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

•Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

• Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу

Түсіну

Қолдау

Бағалау критерийлері

• Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.

• Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады.

•Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады.

Талқылауға арналған сұрақтар

- Зат есім дегеніміз не?

- Зат есімнің сұрақтарын ата.

- Зат есімнің қандай түрлерімен таныстық?

- Жалқы есім дегеніміз не?

- Жалпы есім дегеніміз не?

- Зат есімнің жекеше түрі дегеніміз не?

- Затесімнің көпше түрі қандай?

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Бастапқы білім

5-бөлім материалдары оқушылардың 2-сыныпта өткен «Сөз таптары», алдыңғы бөлімде қарастырылған «Сөз құрамы» тақырыптары бойынша игерген дағдылары мен білімдеріне негізделіп меңгертіледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

















4 мин

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
а) Оқушыларды тұрғызып, сәлемдесу .
-Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр,амандасайық.

Ақ көңілді жүрекпен,

Ақ ниетті тілекпен.

Амандасып алайық,

Қонақтарға ізетпен.

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі , нәзік,жарық әрі мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

«Қар есегі» әдісі

Өтілген тақырыпты пысықтау:

Зат есім дегеніміз не?

Зат есімдерге қандай сұрақтар қойылады?

Дара зат есем дегеніміз не?

Күрделі зат есім дегеніміз не?

Жалпы есім дегеніміз не?

Жалқы есім дегеніміз не?

ҚБ: Мадақ сөздер айту арқылы бағалау

Сабақ мақсатымен таныстыру


Сабақтың ортасы


5 мин



















3 мин














31-жаттығу. (ҰЖ) Мәтіңді оқу, мазмұны бойынша сұрақ құрастыру. Сұрақтарға жауап беру.


Оқушылардың оқу рефлексиясын дамытуға бағытталған «Аквариум» стратегиясы бойынша сынып екі топқа біріктіріледі. Сұраққа жауап беретін топ шеңбердің ішінде отырады. Сұрақ қоятын топ оларды қоршап тұрады. Ол үшін алдымен бірінші топ мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады.

Екінші топ мәтін мазмұнымен жұмыс жасайды. Ары қарай шеңбер ішіндегі екінші топ оқушылары бірінші топтың қойған сұрақтарына жүйелі, толық жауап береді. Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін бақылап, бағыт беріп тұрады.


ҚБ: «Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір- бірінің жұмысын бағалайды.

«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жумабаева А., «Атамұра баспасы» 2018 ж.





Бағалау критерийлері:

Мәтінді оқып, мазмұнын бойынша сұрақ құрастырып, жауап береді.Зат есімді тауып туынды зат есім жасайды.


Дискрепторлар:

1. Мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қойып, жауап бере алады.

2. Кіз үй мен ағаш үйдің ұқсастығымен айырмашылығын ажырата алады.

3. Негізгі зат есімге жұрнақ жалғап, туынды зат есім жасай алады.

5 мин

32-жаттығу. Дәптермен жұмыс. Өлеңді көрем жаз. (ЖЖ)

Бүгінгі күн ретін жазамыз.

Жазу дәптері, оқулық

Бағалау критерийлері:

Өлеңді көркем жазады, зат есімді сөз құрамына талдаймыз.


Дискрепторлар:

1. Сөздерді қатесіз көшіріп жаза алады.

2. Өлеңнің мазмұнын түсінеді.

3. Сөздерді сөз құрамына талдай алады.

2 мин

Жұмыс істеп шаршапты,

   Демалтайық саусақты.

   Саусақтарым бес-бестен,

    Бәрін қосса оншақты.

    Бір,екі, үш деп жұмайық,

    Қалсын ептеп тыңайып.

    Саусақтарым салалы,

    Өнерпазға лайық.


10 мин

«Ойлай білгеннің ойы ұшқыр» (ТЖ). Тақтамен топта жұмыс.

Үш топқа үш мақал беріледі. Топ ішінен шешен, хатшы, тілші сайланады. Шешен – мақалды жатқа айтады, хатшы – жазады, тілші – түсіндіреді.

1-топ

Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын.

2-топ

Диқаншы жерін мақтайды, Балықшы көлін мақтайды.

3-топ

Ерінбеген етікші болады, Ұялмаған өлеңші болады.

4-топ

Етікшіні балға мен бізі асырайды, Егіншіні кетпеннің жүзі асырайды. 

ҚБ: «Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір- бірінің жұмысын бағалайды.


Бағалау критерийлері:

Мақалды жатқа айтып, мазмұнын түсіндіреді.

Дискрепторлар:

1. Мақалды жатқа айта алады.

2. Қатесіз, көркем жаза алады, сөз құрамына талдайды.

3. Мақалдың мазмұнын өз сөздерімен түсіндіріп айтып бере алады.

Сабақтың соңы

3 мин














3 мин

«Жұптас» әдәсі арқылы түсінігін бекіту.

  1. Кітап-хана, бала-лық

  2. Ауыл-дас, дәрі-хана

  3. Қой-шы, өнер-кісіп

  4. Жұмыс-кер, ойын-шық

  5. Жазу-шы, ойын-шық

  6. Шай-хана, дос-тық

  7. Тіл-ші, жеті-ген

  8. Кезек-ші, орын-дық

  9. Оқу-шы, аң-шы

  10. Етік-ші, арба-кеш

Тақырып бойынша оқушылардың игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында «Көз жұмып ойлану» әдісі орынтатылады..

Сабақ соңындағы рефлексия «Көз жұмып ойлану»

1. Бүгін мен не білдім?

2. Сабақта өзімді қалай сезіндім?

3. Мен үшін қызықты не болды?





Үлестірме жазбалар


Үй жұмысы: 23-бет 33-жаттығу



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің


жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?



























































1-топ

Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын.

2-топ

Диқаншы жерін мақтайды, Балықшы көлін мақтайды.

3-топ

Ерінбеген етікші болады, Ұялмаған өлеңші болады.

4-топ

Етікшіні балға мен бізі асырайды, Егіншіні кетпеннің жүзі асырайды. 



«Аударыспақ»

Жұптық тапсырма: сұрақ-жауап арқылы бір-бірінің білімін бағалау. Мұнда сұрақтың мазмұны, жауап мазмұны, дәйектілігі ескертіледі. Екеуіне де тең бөлініп шариктер беріледі. Сұраққа дұрыс жауап берген адам шарик алады, ал жауап дұрыс емес болған жағдайда немесе сұрақ қоя алмаған жағдайда өзі бір шариктен айырылады.

Аяқталмаған сөйлем»



«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.

Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

  • бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

  • бүгін сабақта қуантқаны.....

  • мен өзімді.....үшін мақтар едім.

  • маған ерекше ұнағаны.....

  • сабақтан соң маған........келді.

  • бүгін маған..........сәті түсті.

  • қызықты болғаны.....

  • ......қиындық тудырды.

  • менің түсінгенім.....















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее