«Осенний фестиваль знаний 2024»

"Мен ертегі білемін" разработка урока

разработка урока по теме "Мен ертегі оқимын". разработна по обновленной программе

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

6 - бөлім: Салт – дәстүр және ауыз әдебиеті

Тақырыбы:

Мен ертегі білемін

Мектебі: Шолақсай орта мектебі

Күні, айы:

Мұғалімнің аты – жөні: Биркемелова С.К.

1 сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/ не туралы екенін түсіну.

1.2.4.1. Шағын мәтінді / қарапайым оқиғаларды мазмұндау.

1.3.3.1. Мәтіннің жанарын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамық және т.б.) ажырату.

1.3.5.1. Мұғалімнің көмегімен қажетті ақпараттарды иллюстрациялы мәтіндерден тауып алу.

1.4.2.1. Мұғалімнің оқыған немесе тыңдаған / тыңдау – көру материалдары бойынша заттардың таныс атауларын жазу.

1.5.1.5. Мұғалімнің көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Қандай да бір ертегі білетін / білмейтінін айта алады, «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кез келген кейіпкердің рөлін ойнай алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Ертегі мазмұнын тірек суреттер арқылы мазмұндай алады.

Кейбір оқушылар:

Өздері білетін басқа да ертегілерді атай алады, «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің өз сөздерімен айтып бере алады.


Сабақтың барысы


Сабақтың кезендері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2 – 5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру. (МК, Ұ) Бұл сабақта мұғалім оқушыларға «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің жалғасын үйретеді. Ең алдымен мұғалім оқушылардың назарын 1 – тапсырмадағы сөйлесу үлгісіне аударады. Осы сөйлесу үлгісі арқылы оқушылар «Ертегі білемін» деген сөйлем үлгісімен танысады. Балалардың қандай ертегі деген сұрағына сыныптағы оқушылар ертегі ктіабының суреті бойынша өздері жауап беруі керек. Мұндай ертегінің атың атау («Мақта қыз бен мысық» ) жеткілікті. Яғни оқушылардан «Мен « Мақта қыз бен мысық» деген ертегі білемін» немесе «Бұл – «Мақта қыз бен мысық» деген ертегі» сияқты жауап үлгілері талап етілмейді. Себебі бұл – 1 сынып оқушысы үшін қиын құрылым.



Сабақтың ортасы

(6 – 40 минут)

Сыныпта қандай ертегі білесің? Деген сұраққа ертегінін атың атай білу жеткілікті.

(МК, Ұ) 2 – тапсырмада оқушылар «Сен ертегі білесің бе?» деген сұраққа «Иә, білемін немесе жоқ білмеймін» деп жауап бере алуды біледі.

(Ұ) 3 - тапсырмады берілген үлгі бойынша оқушылар ертегінің бөлігін (өткен сабақтағы) қайталайды, рөлге бөліп, ойнайды.

Үлгі:

Мысық сиырға барады.

Сиыр, сиыр маған сүт берші, - дейді мысық.

  • Сен маған жапырақ бер сонда мен саған сүт беремін, - дейді сиыр.

(МК, Ж) 4 – тапсырмада суреттер бойынша мұғалім оқушыларға ертегінің екінші жартысын (о мысықтың сүтті қалай әкелгені) түсіндіреді. Оқушылар әр сурет бойынша сөйлемдерді тыңдайды, қайталайды, содан кейін рөлге бөліп ойнайды. Мазмұны: 1- сурет: мысық тауыққы дәм береді, тауық оған жұмыртқа береді.

2 – сурет: мысық дүкеншіге жұмыртқа береді. Дүкенші оған сағыз береді. 3 сурет. Мысық қыздарға сағыз береді. Қыздар оған су береді. 4 – сурет: мысық ағашқа су береді, ағаш оған жапырақ береді.

5 – сурет: мысық сиырға жапырақ береді, сиыр оған сүт береді.

6- сурет. Мысық Мақта қызға сүт береді. Олар жақсы дос болады.

(МК, Ұ) дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай АКТ ны қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

Оқулық



Аудиодиск:

3.2.1; 3.2.4.







А4 форматты ақ қағаз, қарындаштар













1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма

3.2.

Сабақтың соңы

41 – 45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен бірге кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой – пікірлерін білдіре алады.


Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз тіралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Осенний фестиваль знаний 2024»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее