«Зимний фестиваль знаний 2025»

Мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктері

План урока по предмету практикум английского языка.

Олимпиады: Английский язык 2 - 11 классы

Содержимое разработки

Пәні:Шет тілі практикумы


Күні:

14 желтоқсан 2017 ж.

Оқытушы:

Аманова Ф.Т

Топ:

2 МДТ-16 б/б

Жаңа сабақ тақырыбы:

Мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктері.

Мақсаты:

Оқушыларға мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктері туралы үйрету және осы жастағы балаларға ағылшын тілін оқытудың әдістері мен тәсілдері туралы жалпы мәліметтер беру; Отбасы мүшелері, жануарлар, адамның дене мүшелері, жалпы ағылшын тіліндегі зат есімдер туралы білімдерін арттыру. Танымдық қабілеттерін, оқу, тыңдау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, лексикалық қорларын молайту.

Міндеттері:

Оқушылардың еске сақтау, спецификалық дыбыстарды айта білу қабілеттерін, ойлау қабілетін дамыту, шапшаң жауап беру дағдысын қалыптастыру.

Біріге жұмыс жасау арқылы бірлікке, достыққа, бір-біріне қамқор болуға,сыйлауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Тақырыпты толық меңгереді. Жаңа ақпаратты қабылдайды. Ойлау, сөйлеу мәдениеті дамиды. Пәнге қызығушылығы, белсенділігі артады. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді үйренеді.

Шетел тілі сабақтарында лексиканы оқыту әдістерін және жаттығуларды біледі.

Дереккөздер:

1.Шет тілін оқыту әдістемесі.

2.Шет тілі

3. Интернет желісі.

Сабақ түрі:

Сайыс сабақ


Көрнекі құралдар:

Интерактивті тақта, интернет беттерінен алынған материалдар, суреттер, видеоролик, маркер, бағалау парақтары.


Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, Орыс тілі.


Сабақтың кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ұйымдастыру.



  1. «Hello, hello! How are you today?» өлеңімен амандасып, қал-жағдай сұрасу. Келе жатқан төл мерекеміз «Тәуелсіздік күнімен» құттықтау, тәуелсіздік туралы әңгімелесу.

  2. Түрлі-түсті карточкалар бойынша топқа бөліну.


Карточкалар, түрлі-түсті қағаздар, слайд.

Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Шетел (ағылшын) тілін оқытудың негізгі бағыттары.

  2. Карточка түстері бойынша тапсырмаларын алу.

Жасыл топ: Ағылшын тілінің шығу тарихы.

Қызыл топ: Ағылшын тілінің қәзіргі таңдағы алатын орны.

Сары топ: Ағылшын тілінің сіздің мамандығыңызбен байланысы.

«Фишбоун әдісі» арқылы үй жұмысын бекіту.















Слайд,карточка, сұрақтар.

Жаңа сабақ жоспары:

Қазіргі таңда шет тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру отандық педагогикадағы іргелі міндеттердің біріне айналып отыр. Өйткені, елімізде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаһандану жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне мән берілуде. Халықаралық қатынастар мен бизнес, туризм, әлемдік экономика мен саясат, білім және ғылым саласы мен озық технология, құқық пен мәдениет салаларының халықаралық аренадағы негізгі қолданыс тілі ағылшын тілі болып отыр.

Мектеп оқущыларына қарағанда мектепке дейінгі жастағы балалардың еліктегіш қасиеті жақсы дамыған, сондықтан олар ағылшын тілінің дыбыс жүйесін үйренгенде аса қиналмайды.Сонымен қатар олар ағылшын дыбыстарын, сөздерін, сөйлемдерін қайталағанды ұнатады.Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді

Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек балалармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында жанды-жансыз табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады

Ойын бала үшін - нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру - оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді».

Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек. А.С.Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай деп жазды: «Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін. Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын. Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап еттім».

Дидактикалық ойын – баланың қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді. Дидактикалық ойындарды пайдалану мәселесі педагогикалық теорияда кеңінен қарастырылған. Атап айтсақ, Ахметов С., Алдабергенов А., Ахметов Н.К., Хайдаров Ж.С., Кларин М.В., Қайырбекова А., Төлтаева Г., Әбселемова А., Әбішова А. т.б. ғалымдар дидактикалық ойындардың маңызын, түрлерін қолдану жолдарын көрсеткен. Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады.

Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.

Мектепке дейінгі жастағы балалар 100-150 сөзден тұратын 200-250 сөйлемдерді құра білуі, 8-10 тақпақты жатқа білуі тиіс. Амандасу, өзінің көңіл-күйін жеткізу, ойыншық атаулары, үй және жабайы жануарларды, жеміс және көкөніс атауларын, отбасы мүшелерін білуі керек.

Сабақтың ұзақтығы кіші топтарда 10-15 мин бастап ересек топтарда 20-25 мин созылады.

Ендеше балабақша тақырыптарын қамтып көрейік!

1-тапсырма: Тақтадағы жемістердің бірін таңдап, артында жасырынған тапсырманы орындау. Осы тақрыпқа берілген сөздерді өлең арқылы үйрету.

Алма: Менің дене мүшелерім-My body.

Жүзім: Отбасы мүшелері-Family members.

Апельсин: Ферма жануарлары-Farm animals.


«Ассоциация» әдісі бойынша жаңа сабақты бекіту.








Слайд, суреттер, мәтін, шет тілін оқыту әдістемесі.


































Слайд

















Слайд





















Карточкалар




Бейнеролик






Карточкалар






Постер, суреттер, стикерлер.

Кері байланыс:

Интерактивті тақта,

«Бағдаршам» әдісі бойынша кері байланыс жасау.


Бағдаршамның қызыл түсі: «Мен сабақты түсінбедім» стикерлер.

Бағдаршамның сары түсі: «Мен осы сабақты тағы тереңірек оқуды

қажет етемін»

Бағдаршамның жасыл түсі: «Мен осы сабақты толық түсіндім»



Бағалау:

Бағалау бетшесіндегі баллдарды есептеп шығарып, бағалау.

Үйге тапсырма:

Мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктеріне қарай ойындар, жаттығулар дайындау.



3


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее