«Осенний фестиваль знаний 2024»

М.Әуезов «Абай жолы» роман–эпопеясы

- М.Әуезов шшығармашылығының идеялық-эстетикалық мұраты мен табысына тоқталу.Эпопеяның негізгі оқиғаларын басшылыққа ала отырып, кейіпкерлер бейнелерін сомдау;

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Сабақ жоспары № 55

Сабақ тақырыбы: М.Әуезов «Абай жолы» роман–эпопеясы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік- М.Әуезов шшығармашылығының идеялық-эстетикалық мұраты мен табысына тоқталу.Эпопеяның негізгі оқиғаларын басшылыққа ала отырып, кейіпкерлер бейнелерін сомдау;

Дамытушылық – жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту. Шебер де шешен, өткір сөйлей білуге машықтандыру;

Тәрбиелік-адамгершілікке, мейірімділікке, білімге ұмтылуға, сана-сезімінің өркендеуіне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ типі: іздендіру сабағы

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, проблемалық сұрақтар төңірегінде әдеби талдау, іздендіру, ой қорыту, топтау стратегиясы.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, сурет

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ақын портреті, шығармалар жинағы, жазылған рефераттар, слайдтар, буклет.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Студенттерді түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру

Абайды Абай еткен Мұхтар ғана,

Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана.

Қазақтың қос арысы, қос данасы

Қалайша бас имессің оған, сірә.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

І. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Әр елде, әр кезде халық анадан халық ұлы болар ұрпақ туады, ол сол халық –анасының есімін, өзінің үздік таланты, өнері не батырлығымен мәңгілікке танытып кетеді.

Қазақ халқының сондай ұлдарының бірі-Мұхаң. Бүгінгі таңда өзінің саф алтындай жарқыраған, інжу-маржандай жалтылдаған сұлулық жағынан Микелонджеланың мүсіндеріне пара-пар, биіктігі жағынан Египет пирамидаларындай аспанмен таласқан, халық өмірін жырлауда гректің «Илиадасымен» тең түсетін «Абаймен» әлем халқын шарлауда.

Сұрақ: Қазақ сахарасында дүниеге келіп, сол сахарасын оның талантты әдебиетін дүниеге паш етіп отырған жазушы табысының сыры неде?

Жауап:оның сыры-жазушының халық өмірін, оның рухани жан-дүниесін, оның бақытқа, болашаққа ұмтылған, адал махаббатқа талпынған қасиетті сапаларын ұлттық бояумен, ғажайып сырлы сөзбен жеткізе білуінде. Әуезов эпопеясынан ХІХ ғасырдағы қазақ халқының ғана үнін емес, бостандықты, азаттықты, теңдікті аңсаушы бүкіл әлем халқының асқақ даусын естиміз. Сол себептен де ол әлемнің түпкір-түпкіріне тоқтаусыз сапар шекті ақ па, қара ма, сары ма, мұсылман ба, христиан ба- барлық адамзат баласының жүрегіне жол тапты.

  • Даңқы өлмес, даусы сөнбес (Шетел жазушыларының ортақ лебізі)

Л.Арагон (француз жазушысы)

Мен оның (М.Әуезовтің) шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды өзіме үлкен абырой санаймын. Эпикалық роман-«Абай» менің ойымша, ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Бұл роман оқушыға қызықты қиялы мен өрен ой өлкесіне кездіріп талай терең толғаныстар тудырады.

Комерундық Бенжамен Матип

Шынында, бұл қазақтар-неткен ғажайып халық! Осы кереметтік «Абай» романында қандай тамаша суреттелген! Сіздің бақытты халыққа мен шынайы көңіліммен қызығамын...

  1. Эпопея дегеніміз не?

«Абай жолы» роман эпопеясы туралы не білеміз?

Әуезов алғашқыда романға «Телғара» деген ат бермек болды. Автордың алғашқы мөлшерлеуінде роман 3 кітаптан құралмашқы болатын. Алайда жұмыс барысында оның шеңбері кеңейе түсті. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай», одан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» романын жазды. 1- кітабы: 1942 жылы, 2- кітабы: 1947 жылы, 3- кітабы: 1952 жылы, 4- томы 1956 жылы жарыққа шықты. «Абай жолы» дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған. 200 томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып табылды.


1 том 1942 жылы 1949 ж. Мемлекет сыйлығы берілді. 
2 том 1947 жылы 
3 том 1952 жылы 1959 ж. Лениндік сыйлыққа ие 
4 том 1956 жылы болды 

І том

  1. Қайтқанда

  2. Қат- қабатта

  3. Жолда

  4. Шытырманда

  5. Бел- белесте

  6. Өрде

  7. Қияда

ІІ том

  1. Тайғақта

  2. Жайлауда

  3. Еңісте

  4. Оқапта

  5. Асуда

  6. Тарауда

  7. Биікте

  8. Эпилог

  9. Түсініктер

ІІІ том

  1. Абай аға

  2. Кен жолында

  3. «Қарашығың»

  4. Өкініште

  5. Қақтығыста

  6. Қоршауда

ІҮ том

  1. Түн- түнекте

  2. Құз- қияда

  3. Қапада

  4. Қастықта

  5. Шайқаста

  6. Жұтта


М.Әуезов романындағы кейіпкерлер жайында бір сөзбен дәлме-дәл сипаттама береді.

  • Мінездемелерге тоқталу.

  1. Тараулар арқылы санамалап Абай жолын, Құнанбай жолын көрсету.

«Қайтқанда»

«Шытырманда»

«Бел-белесте»

«Өрде»

«Қияда»

«Биікте»



Қат-қабат шытырмандар арқылы өрге, қияға, биікке шығып келе жатқан Абайды көреміз.

«Қияда»

«Өрде»

«Бел-белесте»

«Шытырманда»

«Қайтқанда»


Жоғарыдан ылдилап төмендеп келе жатқан Құнанбайды көреміз.


ІІ. Атаның ұлы емес, адамның ұлымын (Абай бейнесі)

  • Кесте бойынша жұмыс

  1. Абай неге халық жағына шықты?

Жауап:

Абай оқудан келгеннен кейін Құнанбайдың қасында жүріп, ел есіне араласа бастайды. Ел ішінде болып жатқан зомбылықты, қараңғылықты, теңсіздікті өз көзімен көреді. Әрі сол қарапайым халық ішінен өзіне дос таба біледі. Жуан бел надан, содыр ру басшыларынан бөліне кеткен бетінде, біреуден халықты, халықтың мұңын таба білді. Сол халықтың жоғын берер жаңалығын іздеді. Оған: «Әкесінің баласы-адамның дұшпаны, адамның баласы-бауырың» деген ойы дәлел. «Алда өмір, тартыс.Сол тартыста бұл жалғыз. Қуаты –ақылдық, үміті-халық. Өмірдің беліне шығыпты. Сол өткен жолында жоғалтқаны көп пе, тапқаны көп пе? Рас, жоғалтқанының көбіне өкінбейді.

Жақында әке-Құнанбай кетті жат болып. Туысқаннан-Тәкежан... Тәкежандар кетті жауығып. Келер, кете берсін.Бірақ халық қалса, халыққа жалынды

  1. Абайдың өнер-білім жолына бет бұруының себептері неде?

  2. Құнанбай мен Абай арасындағы келіспеушілік, қайшылық тек әке мен бала арасындағы өкпе, наразылық па?

  3. Абай бейнесін жасаудағы жазушы жеткен биіктікті немен түсіндірер едің?

  • Топтау

Абай жолы


ІІІ Адамның емес, ата ұлдары (Құнанбай бейнесі)

  • Кесте бойынша жұмыс

  1. Құнанбай бейнесін қатыгез, кері кеткен кер заманның жанкешті жоқтаушысы ретінде суреттеуінің себебі неде?

  2. Құнанбайдың дәуренінің өтіп, заманының кетіп бара жатқанын романнан үзінді келтіре отырып дәлелде.

  3. Қодар мен Қамқа өлімінің басты себаптері неде?

  • Топтау стратегиясы бойынша жұмыс


Құнанбайлар жолы



4. Сабақты бекіту. Сұрақтар топтамасына жауап беру.

АБАЙ ЖОЛЫ ӨМІР ЖОЛЫ. ӨМІР ДЕГЕН ТУЛАП АҚҚАН ТЕҢІЗДЕН ӨЗ ОРНЫМЫЗДЫ ТАБУ. Абайша айтсақ, «Атаның ұлы болмай, адамның ұлы болу» біздің мақсатымыз. Біз қандай мамандық таңдасақ та, қандай өмір жолында жүрсек те, біз Абай атамыздың әділдігін, оқу-білімге ұмтылуын ту етіп биік ұстауымыз парыз!

5. Қорытынды.

Туған әдебиеттері үшін Сервантес, Шекспир, Бальзак, Диккенс, Тиккери, Толстой, Достоевский, Тагор мен Кавабата не бітірсе, Әуезов те қазақ әдебиетінде дәл соны бітірді. Өз ұлтын адамзатқа тегіс танымал, рухани туысқан етсе, ұлттық әдеби дамуымызды әлемдік биікке алып шығып, қазақ сөзі мен қазақ пікірін жалпы адамзаттық мәшурада алғаш рет паш етті.

Туған елімізді, жерімізді, тілімізді өліп-өшіп сүйіп өтуде Абай жолынан, Әуезов жолынан айнымайық..

6. Бағалау. Сабаққа қатысуларын айта отырып бағалау.

7. Үйге тапсырма. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман эпопеясын оқып бастау. Кейіпкерлер галереясына сипаттама жазу.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Осенний фестиваль знаний 2024»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее