«Зимний фестиваль знаний 2025»

Қуаныш Шаңғытбаев "Сабалақ " өлеңі

Білімділік: Қ.Шаңғытбаевтың өмірімен таныстыру, “Сабалақ” өлеңнің деректік негізі, ақын тілі, ұлтжандылық мәні зор екендігіне көз жеткізу, ақындық рухы биіктігін таныту. Дамытушылық: оқушының мәтінді мәнерлеп оқу, талдау жүргізе білуге, өз ойын ақын тілімен де әдеби тілімен де жеткізе білуге жағдай туғызу. Тәрбиелік: оқушыларды ұлтжанды болуға, Отанын сүйе білуге, елінің ертеңгі болашақ жастар екеніне сенімін арттыру.

Олимпиады: Технология 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Сынып: 5 Пән: қазақ әдебиеті Күні:16.03.2017

Сабақтың тақырыбы: Қуандық Шаңғытбаев «Сабалақ» өлеңі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қ.Шаңғытбаевтың өмірімен таныстыру, “Сабалақ” өлеңнің деректік негізі, ақын тілі, ұлтжандылық мәні зор екендігіне көз жеткізу, ақындық рухы биіктігін таныту.
Дамытушылық: оқушының мәтінді мәнерлеп оқу, талдау жүргізе білуге, өз ойын ақын тілімен де әдеби тілімен де жеткізе білуге жағдай туғызу.
Тәрбиелік: оқушыларды ұлтжанды болуға, Отанын сүйе білуге, елінің ертеңгі болашақ жастар екеніне сенімін арттыру.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, СТО, «Конверттегі сұрақ» әдісі, «Бағдаршам» әдісі, оқу атериалы мазмұнының рефлексиясы, «stop-кадр» әдісі қолданылады.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: слайд, Абылай ханға байланысты видео-ролик, семантикалық карта.

Пәнаралық байланыс: тарих, география, АӘД пәндері

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

  1. Оқушылармен амандасу;

  2. Оқушыларды түгендеу;

  3. Оқу кабинетінің тазалығына назар аудару;

  4. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Психологиялық ахуал орнату кезеңі.

«Тойбастар өлеңі» қосылып, сынып оқушыларына көңіл күй силау үшін, тойбастардан кәмпиттер таратылып, сондағы тілектер оқылып, көңілдерін көтеріп алу.

III. Топқа бөлу әдісі. Оқушыларға қима қағаздарда жазылған сөздер таратылады. Сол сөздерді құрау арқылы оқушылар топқа бөлінеді.

«Қуандық Шаңғытбаев» , «Сабалақ»

ІV. Оқу материалы мазмұнының рефлексиясын таныту үшін «Табыс баспалдағын» қолданамыз.

Оны жаңа тақырыып аныықталғаннан кейін сол мәселе бойынша оқушы білімі қай сатыда екенін өзі рефлексия жасай отырып, белгілей алады. Ал сабақ соңында қайта белгілетіп, екі аралықтағы айырмашылықты анықтау маңызды. Сондықтан рефлексия жасата отырып, білім алушылардың нені білетінін, нені жаңа білгенін саралап отырғаны тиімді деп қолданамыз.

V. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Өткен сабақта біз Сырбай Мауленовтың «Менің Республикам» өлеңін өткен болатынбыз. Өлеңді кім айтады?

  2. «Коверттегі сұрақ» әдісі арқылы сынып оқушыларынан барлық өткен тараулар бойынша үй тапсырмасы сұралады. Конверттегі сұраққа дайындалуға 1 ғана минут беріледі. Дайын оқушылардан конверттегі сұрақтар оқылып, жауаптары тыңдалады. Топ болып, сұрақтың жауабы талқыланады.

Оқушылар жауап бере отырып, «КОЛЛАДЖ» құрастырады.


. Жаңа сабақ

Балалар біз бүгін Қ.Шаңғытбаев «Сабалақ» өлеңімен танысамыз. Дәптерлеріңізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қоямыз. Енді мен сіздерге Қ.Шаңғытбаевтың өмірімен қысқаша ғана таныстырып өтсем.

Қуандық Шаңғытбаев
(1925-2001)
Қ.Шаңғытбаев Ақтөбе облысы Қарабұлақ ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық Университетінің филология факультетін бітірген. Өмір жолында ұстаздық жолдан өткен. "Ар ма, республикам" (1974), "Лирика" (таңдамалылар, 1976), кітаптарын шығарды. 1980—1987 жылдар аралығында "Жыр жаһаны", "Гүлтолқын", "Саршатамыз", "Жыл құсы" атты лирикалық шығармалары жарық көрді.

Сөздікпен жұмыс

Аңырақай – жердің аты

Сарбаздар – әскер

Омақаса – құлаудың бір түрі

Дүбірі – шуы, дыбысы

Түзде – далада

Ал енді оқушылар «Сабалақ» өлеңін мәнерлеп оқиық (оқушылар оқиды).

Сұрақ-жауап әдісі арқылы «Сабалақ» өлеңнің мазмұнын ашамыз.

  1. Бұл өлең кім туралы жазылған?

  2. Қазақ халқы кімдермен соғысады?

  3. Абылай кім? Сабалақ кім?

Оқушыларға жоспар құрдырту. / Ауызша құрады/

    1. Абылайхан туралы білімдерін толықтыру үшін, өз сөзімді де қосамын:

- Болашақ Абылай ханның балалық шағы от пен жалынның, қайғы мен қасіреттің, өлім мен өмірдің ортасында өтті. Ел арасында өзара қақтығыста әкесі Уәли қаза тауып, оннан жаңа ғана асқан Әбілмансұр жетім қалып, Түркістанда Төле би оның жүдеген жүзіне қарап «Сабалақ» деген ат беріп, түйесін бақтырыпты. Әбілмәмбет ханның әскери жасағында болған екен. Аңырақайдағы қазақ –қалмақ соғысында «Абылайлап!» ұран тастап, қалмақтың Шырышты батырын жекпе – жекте жеңіп, содан бастап «Абылай» атанған екен.

-Бір күні Бөле би ауылдан келе жатса Сабалақ төрт тағандап ұйықтап жатыр екен. Сонда Төле би жолдастарынан : «Мынау Сабалақ қалай ұйықтап жатыр, соны білесіңдер ме?»-депті.

Жолдастары: «Би, біз қайдан білейік» -депті.

Төле би: «Қолым жеткенше ұстаймын, аяғым жеткенше барамын, дүниенің төрт бұрышын тіреп тұратын ұлмын дегені ғой мына ұйқысы. Бұл төрт рулы елді билейді екен» депті./ презентациялар көрсетіліп түсіндіріледі./

2.Абылай хан туралы толық мәлімет алу үшін сабаққа қонаққа келген тарих пәнінің мұғалімі Абылай ханның дипломаттық қатынасын, Түркістандағы жерленгенін айып өтеді, география пәнінің мұғалімі географиялық картадан Аңырақайдағы қазақ –қалмақ соғысының орналасуы туралы, қалмақтардың қазіргі замандағы өмір – тіршілігі туралы айтады. Бұл қоғам бар ма, әлде жоқ па мәселесі бойынша айтады, АӘД пәнінің мұғалімі сол кездегі қолданған қару – жарақтар туралы және қазіргі қолданыстағы қарулар мен әскер күші туралы айтады. / презентация арқылы қысқаша 7 минутта кезекпен түсіндіріп шығады. /

VІІ. ««stop-кадр» әдісі арқылы оқушылар жаңа тақырыптан түсінгендерін кадрларды жалғау арқылы өлеңнің мазмұнын айтып шығады.


VІІІ. Өлеңнің құрлысына талдау жасау.

Қасарысты қазақ, қалмақ алысты,-а

Шабысты да, сайысты да, қағысты,-а

Талай тарлан ер – тоқымын сүйретіп,-б

Сынды сүңгі, талай қылыш майысты.-а

/ 16 шумақ, 64 тармақты, 11 буынды, 3 бунақты , қара өлең ұйқасы./

Оқушылардың орындаған тапсырмаларын өзін – өзі бағалау арқылы «Бағдаршам» арқылы бағалайды.

IX . Өлеңнің көркемдік ерекшелігіне қарай талдау.

1.Өлеңнен бірнеше үзінділер беріледі.

Аңырақайда айқас, айқас, қаржасу,

Аспан асты алай – түлей шаң да шу,

Шабу, шаншу, ат үстіне жармасу,

Жатыр қызып кек пе ыза, қанды ашу.

2.Қыран қанат қас – қабағы түйілген,

Жеңіл ғана шидем шапан киінген,

Келе жатыр қол басында бір жігіт

Қаршығадай тас қомданып шүйілген.


Өлеңнің көркемдік ерекшелігіне қарай талдау кестесі.

Теңеу

Эпитет

Метафора






Өлеңнің көркемдік ерекшелігіне талдау «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағаланады.

Оқушылар Абылай ханға мінездеме беріп, портретін суреттейді.

Оқушылар бұл жерде өздерінің жазған еңбектерін қол шапалақтау арқылы бағалайды.


ІҮ. Сабақты бекіту

  1. Элективті тест. Оқушыларға алдын ала әрбір оқушыға А, Ә, Б белгіленген ақ, қызыл, көк түсті стикерлер таратылады.Әрбір сұрақ қойылғанда тест жауабына сәйкес әріпті көрсету ескертіледі. Өзін – өзі және бірін – бірі бағалауды жүзеге асыру үшін дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды диалог құру арқылы талқылайды.

  2. Сабақтың тақырыбын жариялағанда берілген - Оқу материалы мазмұнының рефлексиясын таныту үшін «Табыс баспалдағын» қорытындылаймыз. Оқушылар өз жетістіктерін қай жерден көрсеткендіктерін байқау арқылы. Мұны оқушылар тақтаға іледі.


ҮІ. Үй тапсырмасын беру

Сабалақ” өлеңнен үзінді жаттау.

ҮІІ. Бағалау

Бағалау парағы




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее